Бурабай- туристік аймақ. Шулы қаланың қарбаласының арасында біз тыныштықты және табиғатта жалғыз қалуды қалаймыз. Сондықтан туристер үшін Бурабай курорттық аймағының көркем саябақтарында серуендеу ерекше жағымды. Щучье-Бурабай курортты аймағы жыл өткен сайын көркейіп келеді. Бурабайдың ТМД елдерінің демалыс орындары арасында үздіктер қатарынан көрінуі, сондай-ақ, соңғы жылдардағы өңірге келетін туристер ағынынан анық байқауға болады. Мәселен, соңғы кездері жылына аймаққа 1 миллионға жуық турист демалуға келсе, жазғы маусымда 500 мыңнан астам адамды қабылдауда. Сонымен қатар, курортты аймақта қысқы туризмде қарқын алып келеді. Алдағы уақытта «Щучье-Бурабай курорты аймағын дамыту» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2025 жылдары туристер санын 1,6 миллион адамға жеткізу жоспарда бар. Қазақстанда барлығы 1 818 561 адам мүмкіндігі шектеулі, бұл жалпы халықтың 9,53 пайызын құрайды. 280 512 (1,47,%) бірінші топтағы, 709 868 (3,72,%) екінші топтағы, 681 245 (3,57,%) үшінші топтағы мүгедектер, 146 935 (0,77,%) мүгедек балалар. Олардың кедергісіз жүріп-тұруын, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігін және пайдалануын қамтамасыз ету — мүмкіндігі шектеулі жанның басқа адамдармен тең өмір сүруінің маңызды шарттарының бірі.
Осыған орай, жетекшіміз екеуіміз Кенесары үңгірін зерттейміз деп шештік. Кенесары хан үңгірі — көне тарихтың куәсі. Кенесары хан үңгірі Ақмола облысының Бурабай ауданында орналасқан. «Оқжетпес» шипажайы жанында, Әулиекөл көлінің оңтүстігіне қарай қарағай арасында адам көзінен таса жердегі үңгір Көкшетау қыратының гранитті сілемінің үгілуінен пайда болған делінеді. Қазақ тарихында есімі алтын әріппен жазылған үш жүздің соңғы ханы — Кенесарымен үңгір тығыз байланысты. Бұл тарихи жер аңызға сай, ханның аң шыққанда тынығатын, түнейтін орны болған деседі. Кенесары үңгірінің құрылымы киіз үйге ұқсас. Төбесінде түтін шығатын шеңбер пішінді саңылау бар. Үңгірдің диаметрі 5-6 метр, ал биіктігі 1-3 метрге дейін жетеді. Үңгірдің іші даладан 2-3°С салқындау. Үңгірге апарар тас жол бірнеше баспалдақтан тұрады. Алдындағы кішігірім алаңнан өлкенің тамылжыған табиғаты көз сүріндіреді. Әулиекөлдің айнадай айдынына түскен әрбір сәуле шағылысып, көл бетін одан сайын жарқырата түседі.
Кенесары үңгірі «Бурабай» курортындағы туристер көп баратын орындардың бірі. Табиғаты да тамаша, тарихы да терең бұл жер нағыз туристік мекен. Жергілікті халықтың айтуынша, Кенесары хан Ресейдің отарлау саясатына қарсы күресте осы үңгірде жасырынған, тығылған көрінеді. Мұнда жасағымен соғыс барысы туралы стратегиялық жоспарлар жасаған деген мәлімет те бар. Кенесары Бурабай алқабын мекендеген жабайы аңдарды аулағанды қатты жақсы көретін. Көбінесе ол сәтті аңшылықтан кейін отрядымен бірге төбесінде үңгір бар төбенің етегінде түнеп тұратын. Сондықтан бұл үңгір «Кенесары үңгірі» деп аталады. Үңгірдің жанынан оның балтасы табылған екен.
Қазірде үңгірге баратын жол көп туристердің көңілінен шықпайды. Осы мақсатта жетекшіміз екеуіміз үңгірдің әлеуметтік инфрақұрылымының жаңа үлгісін жасау жолдарын жөн көрдік.Бұл үңгірге серуендеге баратын туристердің санын арттырады деп ойлаймын. Тасын түртсең шежіресі сайрап қоя беретін Ақмола өңірі түрлі тарихи ескерткіштерге бай, қойнау-қатпары ашылмаған құпияларға толы өңір десек қателеспейміз. Ғалымдар мен археологтар қаншалықты зерттеп-зерделеді, қағазға түсірді десек те біз білмейтін сыр сандықтар әлі де жетерлік. Солардың бірі өңірдегі бірнеше үңгірдің ашылмай, әлі толық зерттелмей келе жатқандығын айтпасқа болмайды. Тұнған тарихтың бедерлері мен ерте кездегі адамдардың өмір сүргендігін дәлелдейтін фактілер біртіндеп табылып жатқаны да Ақмола үңгірлерінің тарихының әріден басталғанын айғақтайды. Осыған орай, «Алаш айнасы» тілшісі болған зерттеуші-ғалым, ұстаз, өлкетанушы, «Көкше» академиясының профессоры Жеңіс Темірханды әңгімеге тартып, өлке тарихындағы көпшілікке беймәлім, бірақ туризмге сұранып тұрған тарихи жерлер туралы бірқатар тың мәліметтерге қаныққан еді.
Туристерді молынан тартуға болатын тарихи құны жоғары үңгірлердің бірі Бурабай баурайында орналасқан — Кенесары үңгірі. Өлкедегі үңгірлердің ішіндегі ең ірі әрі көпшілікке таныс үңгірдің қазіргі жағдайы адам шошырлық болып тұрғаны алаңдатады. Үңгір қабырғалары да шимайланған жазбаларға толып кетіпті.
Үңгірге хан Кененің есімінің берілуінің де мықты себебі бар. Яғни, 1837 жылдан 1847 жылдарға дейін 10 жылға созылған патша отаршылдығына қарсы ұлт азаттық көтерілісте Кенесары хан дәл осы үңгірден жауды бақылап отырған. Былайша айтқанда үңгір соғыс тәсілдерін қолдануға стратегиялық орын болғанға ұқсайды. Бір жағынан үңгірдің қалтарыс қуыстарының болуы жаудан тасалануға қолайлы болған.
Мүгедектердің және халықтың қозғалу мүмкіндігі шектеулі басқа топтарының қажеттіліктері үшін сәулеттік ортаны қалыптастыру 4 критерий негізінде жүзеге асырылуы тиіс: қолжетімділік, қауіпсіздік, ақпараттық мазмұн, жайлылық.
Біз Кенесары үңгірінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді ортаның элементтеріне және де туристер үшін баратын жолға зерттеу жүргіздік. Атап айтқанда, үңгірге барар жол тексерілді. Нәтиже бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптаспаған. Туристер үшін қолайлы жағдай жасалмаған. Әйгілі үңгір, әрине, Абылай ханның атақты даласынан кейінгі екінші орынға ие болды, табиғи түрде ерекше дарынды орындаушыны еске түсіріп, халық құрмет тұтатын мәдени және тарихи ескерткіштер қатарына кіреді. «Бурабай» ұлттық саябағы өз сайтында осы нысанды жақсартуға байқау жариялап, барлығын өз еркімен қатысуға шақырғаны тегін емес. Бұл жерде негізгі мақсат адамдардың патриоттық сезімін және өзінің шағын Отанына деген сүйіспеншілігін көрсету.
Сондай-ақ Бурабай кенті тұрғындары мен халықтың аз қозғалатын тобына жататын адамдар арасында сауалнама жүргіздік. Сұхбат жүргізіп, кері байланыс жасадық.Сауалнама нәтижесі бойынша, 80 пайыз адам Кенесары үңгірінің қазіргі жағдайымен қанағаттанбайды және мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолайлы орта қалыптаспағанын айтты.
Бәлкім осындай туристтерді тартуға болатын, тарихи жәдігерлерге бай үңгірлер арқылы шетелдік туристерді де тартармыз. Өйткені өзіміз аузымыздың суы құрып тамсанатын, Америкадағы Колорадо, Маккензи үңгірлері, Жапония аралдарындағы, Оңтүстік Америкадағы Анд тауындағы үңгірлер сияқты біздің де шетелдер ізде жүріп келетін орындар жетерлік емес пе? Сондықтан, әлі де болса қаражат бөлінбей, тарихы танылмай келе жатқан жерлерді өзіміз біліп, содан туристерге білгізетін уақыт жеткен сияқты.
Кенесары үңгірін жандандыруға байланысты ұсыныстарым бар:
— Үңгірге бару үшін 5 км жаяу жүру керек. Үңгірге бару үшін уақыт та көп кетеді,яғни үңгірге жеткенше адамдар шаршап қалады. Осыған орай велосипед жүретін жол салынса;
— Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін салынытын велосипед жолының жанына көтергіш пандустар орнатылса;
— Болашақта үңгірге баратын жол заманауи стендтармен, түрлі-түсті стендтармен көрсетілсе нұр үстіне нұр болар еді;
— Тур маршрутына қатысушылар үшін жидек пен саңырауқұлақ жинауды ұйымдастырса, оның тартымдылығы бірден артар еді;
— Жол бойында демалуға арналған орындықтар орнатылып, адам қажеттілігі үшін барлық жағдай жасалса;
— Туристер үшін жол бойында кигіз үйлер орнатылып, қымыз, май, құрт сияқты қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылса, яғни этноауыл құрылса нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймын.Осы мақсатта Бурабай мұражайы мамандарымен жолығып, сұхбаттастым. Мұражай мамандарының ұсыныстарымен Кенесары үңгірінің болашақ макетін жасадым.
Егер мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді кеңістік дамытылса, бұл олардың қоғам өміріне толық қатысуына септігін тигізеді және де үңгірге баратын жолдың жаңа жобасы жасалса, үңгірге келетін туристердің саны артады деп ойлаймын.Туған жеріміздің табиғатын аялау, қорғау, насихаттау болашақ ұрпақтың, яғни біздің қолымызда.Әрине, бұл мақсатқа жету үшін көп қаражат керек екені анық. Бірақ та Кенесары хан сияқты ұлы тұлғамызды ешқашан ұмытпаймыз. Кенесары Қасымұлы қазақ тарихында аты алтын әріппен жазылған даңқты қолбасшы, қазақ халқының 1837-1847 жылдар аралығындағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі екенін бәріміз білеміз. Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күрес жеңіліс тапқанымен, ханның өзі қазақ халқының есінде, ұлт тарихында табанды қолбасшы, аса көрнекті мемлекет қайраткері ретінде мәңгілікке сақталып қалды. Хан билігі сол заманда іс жүзінде жойылғанымен, ол үш жүздің басын біріктіріп, мемлекеттікті қалыптастыра алды. Сол себепті Кенесары Қасымұлының өмірі мен қазаққа қылған қызметі болашақ ұрпаққа өшпес өнеге болады деп сеніммен айта аламыз. Сол себепті осындай ұлы тұлғаның үңгірін әрі қартай жандандыруға шештім. Бұл даңқты бабамыздың өмірі мен қызметін бүгінгі ұрпаққа дәріптеуге қосқан тамшыдай үлесім деп білемін. Халқымыздың өткенінен сыр шертетін қастерлі мұра тарихи-мәдени жәдігерлер — өткен тарихтың куәсі. Олар кейінгі ұрпаққа аманат. Оны зерттеп, зерделеу, ғылыми айналымға енгізу, кейінгі ұрпаққа сыны мен сырын жоғалтпай жеткізу — біздің парызымыз.
Аяулым Қуанышпаева,
Оқжетпес ауылының жалпы білім беретін орта мектебінің 8 сынып оқушысы.
Диана Кудайбергенова,
Оқжетпес ауылының жалпы білім беретін орта мектебінің география пәні мұғалімі