Тоғызқұмалақ чемпионаты

2024 жылдың 21-31 наурызы аралығында Өскемен қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті.

Чемпионатқа қатысып, облыс намысын қорғаған 7 мектеп-лицейінің оқушысы Абиева Ханшайым нәтижелі қола жүлдені жеңіп алды. Ханшайым «Арман» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында тоғызқұмалақ үйірмесіне қатысып жаттығады. Бұл Ханшаимның бұл соңғы 4 чемпионаттағы 3-ші жүлдесі.

Тағы бір оқушымыз Мұрат Айдана коэффициент айырмашылығымен ғана жүлдеден тыс қалды. Спортшының нәтижелерінде тұрақтылық байқалады. Байрақты бәсекеге Қазақстанның 19 аймағынан 400-ден аса ойыншылар қатысты.

Спортшыларды жарысқа Әбілқасов Жұматай Базарұлы дайындады.«Бурабай-ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA