Қара, бұлыңғыр надандық пенен жауыздық түнекке білім менен мәдениет сәлесін шашқан Алаш идеясын қазақ өлкесіне барынша дамып, өсуіне көптеген ел азаматтары еленбей көмектерін бергенді, соның қатарында әділетсіздікпен есімі тарих бетінен өшіріліп кеткен Шәймерден Қосшығұлұлы еді.

Шәймерден Қосшығұлұлы 1874 жылы Ақмола облысы, Көкшетау уезі, Қотыркөл уезінде дүниеге келді. Жас шағында ауыл молдасынан хат таниды, кейін Көкшетау қаласындағы Науан хазірет медресесінде және Бұхарада діни білім алды. 1886 жылы Науан хазірет медресесінде ұстаздық етті. Сол уақыттары ұстазымен бірігіп, Ресейдің шоқындыру саясатына ашық қарсы тұрды. Себебі, патша үкіметі алдағы уақытта өзіне бағындырылған бар халық атаулын шоқындыруымен қоса, ұлт негізінен жойып, орыстандыру саясатын түбірімен жайғысы келгенді. Шәймерден Қосшығұлұлы 1903 жылы Абай Құнанбайұлына патша өкіметінің оспадар әрекеті туралы және осыған байланысты бас қосу жөнінде екі мәрте хат жазды. Шоқындыру саясатына қарсы күресі үшін 1903 ж. Шаймерден 5 жылға, ұстазы Науан 3 жылға Батыс Сібірге жер аударылды. Алаш өкілдері Ә. Бөкейхан, М. Сералинннің араласуы мен 1905 жылы мерзімінен бұрын босап шығады.  Айдаудан келген соң саясатпен айналысып 1906-1907 ж.ж. Мемлекеттік І- ші және ІІ думаға Ақмола облысынан екі рет депутат болып сайланды. Думада Қосшығұлұлы мұсылман фракциясының жұмысына белсене қатысумен қатар өз қаржысына қазақ тілінде тұңғыш газет шығаруды ұйымдастыруға кірісті. Газет «Серке» деген атпен 1907 жылы Петербургте жарық көрді.

1907 жылы Алаш көсемі Ә. Бөкейханның тапсырмасымен Түркияға барып, үкімет, парламент басшыларымен кездеседі. Түріктің газеті арқылы ІІ Николай патшаға мәлімдеме жасайды. 1917- 1919 ж.ж. Алаш қозғалысына қатысты. 1918 жылы Қызылжардағы Бәйімбет болысында Алаш комитетінің төрағасы болды. 1931 жылы қара халықтың қызыл қанына тойған Кеңес үкіметі оны Петропавл түрмесіне жапты.  Кейін 1932 жылы Омбы жерінде қайтыс болды.

Ұлттық сананың оянып, рухани жаңғаруымыз және де жаһандану үдерісінен тек ғылым менен мәдениет тұстарын теріп-теріп ала білуіміз мына біз жастардың қолында!

КӨШЕРБАЙ Ануар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA