мәнерлеп оқу байқауының

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережесі:

Қазақ әдебиетінің шаң жұқпас жүйріктері Б. Майлин , І. Жансүгіров, С. Сейфуллинге  130 жыл толуына орай ұйымдастырылған “Үш бәйтерек-үш діңгек” жобасының аясында осы ақындардың өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту (көркемсөз оқулары) байқауын жариялаймыз.

Байқауды ұйымдастырушы: Бурабай ауданының «Тілдерді оқыту орталығы» КММ және «Аманат» партиясы

2. Байқауды ұйымдастыру тәртібі, мерзімі:

* 2024 жылдың 10-сәуірінен 20-сәуіріне дейін WhatsApp желісінде байқау бейнероликтері қабылданады;

* Іріктеуден өткен бейнероликтер Тілдерді оқыту орталығының  (burabaiortalyk2020)  Instagram парақшасына жүктеледі;

* Жеңімпаздар бейнеролик бойынша жиналған лүпіл мен комментарий санына қарай анықталады;

* 2024 жылдың 3-мамырында байқау жеңімпаздары марапатталады.

3. Байқаудың шарттары:

* Байқауға 14-20 жас аралығындағы жастар қатыса алады;

* Анкета толтырылуы міндетті;

* Бейнеролик 2 минуттан аспауы қажет;

* Бейнеролик сапасы жақсы, сөздері анық болуы керек;

* 8 (702) 663-05-41 WhatsApp номеріне анкета мен бейнеролик бірге жіберілуі тиіс.

Байланыс телефоны: 8 (716-36) 2-26-90.

Instagram: burabaiortalyk2020

Анкета

Байқауға қатысушының аты-жөні__________________________________

Оқу орны  _________________

Ұлты_______________________

Жасы _______________

Байланыс номері________________

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA