«Мемлекеттік саясаттың басты өзегі және жалпыұлттық бірегейлікті нығайтатын негізгі фактор – бірлік. Ортақ Отанымыздың тағдырына жанашырлығымыз біздің азаматтық сана-сезіміміздің өзегі болып қала береді. Ал ұлттық толеранттық, өткен заманның дәстүрлеріне және түрлі мәдениетке деген құрмет, мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді білу – Қазақстан азаматтарына тән қасиеттер.

Бұдан бөлек, мен аспан түстес төлқұжатымыз еліміздің жалпыұлттық бірегейлігінің ең қарапайым әрі түсінікті белгісі екенін үнемі айтып жүрмін. Көк паспорты бар әрбір адам ұлтына, көзқарасы мен наным-сеніміне қарамастан, Қазақстан азаматының барлық құқығын иеленеді. Қазақстан Республикасының кез келген азаматы әлемнің қай түкпірінде жүрсе де біздің мемлекетіміздің қорғауында болады. Біз ешқашан өз азаматтарымызды тағдыр тәлкегінде қалдырмаймыз.

Естеріңізде болса, жер жүзін коронавирус індеті жайлап, көптеген ел шекарасын тарс жапқанда Қазақстан дереу өз азаматтарын жер шарының әр қиырынан елге әкелуді ұйымдастырды. Сондай-ақ біз 2021 жылы Ауғанстандағы, 2023 жылы Газа секторындағы ахуал күрт шиеленіскенде азаматтарымызды ол жақтан шұғыл шығарып алдық. Әр жолы, қандай да бір елде азаматтарымызға қауіп төнсе, біз олардың Отанына тезірек оралуы үшін жедел шаралар қабылдаймыз»

Касым-Жомарт Токаев:

«Единство – это по сути стержневая линия государственной политики и мощный фактор укрепления общенациональной идентичности. Основой нашего общегражданского сознания есть и будет принадлежность к общей Родине. Характерные черты граждан Казахстана – это национальная толерантность, почтение к традициям прошлого и разным культурам, владение государственным и другими языками.

Кроме того, я всегда говорю, что самым простым и понятным «маркером» нашей общенациональной идентичности является бирюзовый паспорт Республики Казахстан. Каждый его обладатель пользуется всеми привилегиями гражданина Казахстана независимо от этнической принадлежности, взглядов и убеждений. Любой гражданин Республики Казахстан в любой точке планеты находится под защитой нашего государства. Мы никогда не бросаем своих граждан в беде.

Вспомните, когда мир охватила пандемия коронавируса и во многих странах были введены локдауны, Казахстан оперативно организовал эвакуацию своих граждан с разных уголков земного шара. Мы также оперативно вывезли наших граждан в период эскалации напряженности в Афганистане в 2021 году и обострения ситуации в Секторе Газа в 2023 году. Всякий раз, когда где-либо за рубежом для наших граждан возникает угроза безопасности, мы принимаем решительные меры, чтобы как можно скорее вернуть их на Родину»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA