Ақмола облысында Рақымжан Қошқарбаев пен Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар сериясы басталды. Бүгін ҚР ҚМ Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусының базасында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың қатысуымен Отан қорғаушылар күніне, Жеңіс күніне және аты аңызға айналған жерлестеріміздің мерейтойларына арналған облыстық сап және ән байқауы өтті.

Байқау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын шығару мен байқауға қатысушылардың іс-шараға дайындығы туралы баянатынан басталды.

Өңір басшысы өзінің құттықтау сөзінде барлық қатысушыларды әрбір қазақстандық үшін маңызды мерекелермен құттықтап, балаларға өз мемлекетін, оның тарихын құрметтеп, өз Отанының лайықты қорғаушысы болуына тілек білдірді.

«Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында мектептер мен колледждердің оқушылары арасында саптық және ән байқауларын өткізу дәстүрге айналды. Бұл жай ғана байқау емес, сіздердің ұйымшылдық, үйлесімділік және командада жұмыс істеу білу қабілеттеріңіздің жарқын көрсеткіші. Әрине, осындай іс-шаралардың арқасында өскелең ұрпақтың үлкендерге деген құрмет пен Отанға деген сүйіспеншілік сезімдері оянады. Біздің жерлестеріміз — Батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаев — еліміз үшін отансүйгіштік мен батырлықтың үлгісі. Әрбір қазақстандықтың міндеті – осы құндылықтарды қорғау», — деді М. Ахметжанов.

Байқауға Ақмола облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасынан 19 команда қатысты. Оның ішінде 5 команда болып қыздар шықты.

Іс-шарада қатысушылар саптық дайындықтың шеберлігін, командалық рухты, тәртіпті көрсетті, саптық әнді орындады.

«Бүгін облыстық байқауға 350-ге жуық адам қатысты. Байқау жоғары патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. Азаматтық борыш пен Отан мүддесін қорғау жөніндегі конституциялық міндеттерді орындағаны үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелейді», — дейді ұйымдастырушылар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA