Бурабай ауданы әкімінің құттықтауы
Құрметті бурабайлықтар!
Сіздерді халықаралық отбасы күнімен құттықтаймыз!
Сүйіспеншілік пен өзара сыйластыққа құрылған отбасы қашанда қоғамның негізі, рухани-адамгершілік құндылықтардың, мәдени, ұлттық дәстүрлер мен ұрпақтардың тарихи сабақтастығының сақшысы болған және болып қала береді.
Отбасын нығайту және қолдау – мемлекетіміздің басты басымдылықтарының бірі, өйткені қоғам мен мемлекеттің әл-ауқаты отбасылардың қаншалықты берік және бақытты болуына байланысты.
Құрметті жерлестер! Біздің ауданда мүмкіндігінше төзімді және тату жұптар құрылып, әр отбасында бейбітшілік пен келісім атмосферасы орнасын, әр үйде балалардың күлкілері естілсін!
Сіздерге денсаулық, бақыт және өркендеу тілеймін!
А.Садыков, Бурабай ауданының әкімі