Еліміз егемендікке қол жеткізгеніне отыз жылдан астам уақыт өтіп барады. Тәуелсіздіктің бір айғағы ретінде, қазақ тілі мемлекеттік тіл болады деген заң да шықты, жарлыққа да қол қойылды. Дегенмен, қазақ тілі өз мәртебесіне әлі де болса тиісті деңгейде жете алмай келеді. Оны баршамыз мойындайдмыз.

Мемлекеттік саясатты қолдау мақсатында осыдан екі жыл бұрын «Арман» Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында қазақ тілі курсы ашылды. Байқап көрейік, қызығушылық танытатын оқушылар мен ата-аналар табылар мүмкін, деген ой болды баста. Ойымыз расқа шықты, үміт ақтала бастады. Оған орыс мектебінде оқитын, өзге ұлт өкілдерінің балалары қабылданды.

Өткен жылдан бастап қазақ тілі курсы мемлекеттік тапсырыспен оқытылып келеді. Қатысатын балалардың жас ерекшелігі де алуан түрлі. Оқушылармен түрлі тақырыптарда сыныптан тыс сабақтар, ашық сабақтар өткізіледі. Биылғы жылдың мамыр айында дәстрлі емес сабақ түрі берілді. Ерекшелігі сол, оған оқушылармен қатар олардың ата-аналары да қатысты. Сайысқа түрлі ұлт өкілдері қатысатын болған соң, тақырыпты «Қазақшаңыз қалай?» деп қойдық. Зияткерлік ойын-сабақ түрінде ұйымдастырылды.

Мақсаты: Отбасындағы тәрбиенің маңыздылығын, ата — ана мен педагог арасындағы ортақ мәселе — бала тәрбиесі жайлы түсінікті тереңдете түсу. Балалардың ойлау қабілетін, білімділігін, тіл байлығын мақал — мәтел арқылы дамыту. Ойында өздерін еркін ұстауға, өз ойларын ашық айта білуге, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Халықаралық отбсы күні қарсаңында бұл сабақ оқушы — педагог — ата-ана арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, ересектер мен балалардың жақсы білім деңгейін көрсетуге мүмкіндік берді. Сайыс мынадай бөлімдерден тұрды:

1 — бөлім «Кім біледі» /Знатоки/

2 — бөлім «Сөз мәйегі — мақал, және жұмбақ» /пословицы, загадки/

3 — бөлім «Миға шабуыл» /Мозговой штурм/ игра со зрителями

4-бөлім «Бекеттер ойыны» /Игра по станциям/.

Сабақ сайыс түрінде ұйымдастырылды. Екі командаға бөлінген балалар мен ата-аналарға түрлі сұрақтар берілді, дидактикалық ойындар ойнатылды, баланың ойы мен бойын сергітетін ойын технологиялары таныстырылды.

Сабақ барысында қазақ тілі мен әдебиетінен, қазақтың тарихынан, тәуелсіздік жылнамасынан түрлі сұрақтар қойылды. Сонау мектеп партасында алған мәліметтерін естеріне түсіріп, қажет жерде балалардан көмек сұрап, ата-аналар мен әжелер бір жасап қалды.

Ойын барысында балалар үлкендерді сыйлау, құрмет көрсету сияқты әдептен аспай, біліммен қатар бойларына тәрбиені де сіңіріп жатқандарын танытты. Әке мен қыздың, ана мен баланы, әже мен немеренің арасында емен-жарқын, еркін араласу, әрқайсысы өз білгендерімен бөлісу сияқты керемет атмосфера орнады.

Сабақ соңында белсенді қатысқан ата-аналарға Алғыс хаттар мен оқушыларға мадақтама табысталды. Халықаралық отбасы күнін әркім әрқалай қабылдайды, өзінше атап өтеді. Отбасы мүшелерінің арасын жақындата, өзара сыйластығын нығайта түсу мақсатында «Арман» орталығында осындай ерекше шара өтті.

Ләззат Егембердиева,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA