Еліміздегі басты құндылық ол — отбасы. Жасыратыны жоқ, соңғы кездері санамызға салқындық кіріп, ұлттық құндылығымыздың біраз бөлшегінен ажырап бара жатқан сияқтымыз. Қазақтың сонау ерте заманнан қалыптасқан дала мектебінің айтарлықтай әдебінің ізі сұйылғандай.
Жарықтық Мұхтар Әуезов «Ел болам десең, бесігінді түзе» депті. Расында да баланың бесігі,кең дүниенің есігі еді кезінде, қазіргі күні сонау атам заманнан өзінің ұзынсонар боп келе жатқаның көшінің, бағыты сәл қисайып кеткендей. Бұның барлығы жетпіс жыл бойы бодандықтың қамытын киіп, өзіміздің атадан балаға мирас боп қалған құндылығынан ажырап қалғандығының белгісі. Жарайды, көп сөзді тер шығарып көпірте бермей, нақты сөзге, әңгімеміздің тоқетеріне тоқталайық.
Бурабайдың оңтүстігіне қарай орналасқан Ұрымқай деген ауыл бар. Байырғы атауы Ұраңқай. Орманды алқап. Көлді жер… Осы ауылға еліміз егемендігін алған жылдары алыс-жақыннан ондаған отбасы көшін бұрды. Иә, ел еңсесін жазып, өшкендерін жағып, ендігі үкілі үмітін асқақтата бастаған елең-алаң тұс еді.
Тағдырдың жазуымен Қытай жерінде жүрген қандас қазақтың бірі алты баланы өмірге әкеліп, жарық сәуле силаған ана, аяулы әже Гүлдарай Әбілхаққызымен отбасы күні қарсаңында сөйлесіп, тілдесіп қайттық.
Тағдырдың ең үлкен сыйы ол туған жерде атамекен де, өзіміздің елде өмір сүрген сәт қой. Милииард қытайдың арасында тұрдық. Жалпы ашуы қатты Ертістің жағалауында 1957 жылы наурыздың он төртінші жұлдызы күні дүниеге келдім. Иә, қытайдың жері дейді ғой. Бірақ, сонау атам заманынынан қазақтың жері екендігін көне көз, көкірегі тұнған тарих қариялар айтып отыратын. Енді заман легі ауысып, тарих парағы келесі өткен сайын, үлкен алпауыттар, кішінің басты құндылығына қол салады. Сөйтіп барып жер ауысады. Жарайды, бұның барлығы саясат. Саясатпен айналысатын мен кәнігі мүйізі қарағайдай саясаткер емеспін, баяғы ел аузынан естіген там-тұм ғой.
Отбасы күні дейсің бе? Иә, отбасы күні. Жалпы қазақ халқы отбасы құндылығына айрықша көзқараспен мән берген. Басты құндылық «сен келін» боп басқа үйдің босағасын аттаған күннен бастап, сол үйдің болашақ анасы болып есептелесіз. Қазақ қызын оң жақта отырғанда тәрбиелеген. Қыз «жат жұрттық» деп әу баста қыз баланы төрде отырғызған ғой. Иә қыз бала қонақ, мейман өз төркініне. Сондықтан да, әрдайым қызға деген әкенің атаның мейірімі ерекше болған.
Аллаға тәубе!.. Аталарымыз аңсаған, әжелеріміздің көз жасына ерік беріп «қайран атажұрт» деген елге келіп, қосымды түзеп, шаңырағымды шаттыққа бөлеп отырмын. Алты балам бар, бәрі өмірден өз орындарын тауып ұл ұяға, қыз қияға қонды. Ұлан деген ұлымның қолында отырмын. Келінім Жанар екеуі әйтеуір жоғымды тауып, барымды оқсатып отыр. Одан бақса не айтайын!.. Тамағым тоқ, көйлегім көк. Отағасы осыдан біраз жыл бұрын дүние салды. Қытай Халық Республикасында үй шаруасындағы адам болдым. Немере бар… Солардың қызығын көріп, өзімнен жеке шаңырақ көтеріп шыққан ұлдарыма кеңесімді айтып, отбасы құндылығы жайлы білгенімді бөлісіп отырам, жалпы кез-келген шаңырақтың құндылығын ұстап тұратын ол әйел адам, әйелі жақсы үйдің берекесі артады, ырысы молаяды ,-дейді Гүлдарай Әбілханқызы…
Қос заманның қызығы мен қиындығын қатар көрген Әз Аналар әрдайым аман болсын. Отбасы құндылығын сақтап, сан ғасырдан бері келе жатқан қазақы үлгі танымды жоғалтпай, іргесіне қылау түсірмей отырған жандарға әрдайым амандық тілейміз!..
Ж. Оспанов