Сонымен өткен сенбіде соңғы қоңырау үні сыңғырлап соғылды. Биылғы 2022-2023 оқу жылын 10295 оқушы аяқтаса, он бірінші сыныпты 281 оқушы аяқтап отыр. Сонымен қатар, 9 сыныпты 998 бала тәмамдады. 17 бала «Алтын белгіден» үміткер, 28 оқушы мектепті «үздік куәлікпен» аяқтады. Жас түлектерге сәт-сапар тілейміз. Әрдайым өздері білім алған «Алтын орда» білім ошақтарын ұмытпай, сапарлары сәтті болып, армандаған асуыларынан өте берсін деп тілейміз.
«Бурабай-ақпарат»