«Авиценна-Бурабай» серіктестігінде жағдай былай

 Бурабай аудандық мәслихатының жанынан құралған «Қоғамдық кеңес» мүшелері өткен жұма күні «Авиценна-Бурабай» ЖШС-не барып, ем алушылар мен дәрігерге қаралушылармен сөйлесіп, қайттық.

Алдымен «Авиценна-Бурабай» ЖШС бас дәрігері Е. Бекаевты іздедік. Хатшысы «бір сағаттан соң, келеді жұмыс барысымен жүр»,-деп орынбасарына жіберді. Біздің қоғамдық кеңес мүшелерінің ел тұрғындарынан дайындаған төрт сұрағына бас дәрігерді төрт сағат күтеміз бе деп, бас дәрігердің орынбасарына кіріп, халықтың сұрағын жолдадық.

1. Зейнет жасындағылардың ай сайын алатын дәрілері. Терапевт дәрігерге кезектен тыс кіріп көріну, зейнеткерлердің денсаулығына байланысты кезекті көтере алмайтындығын алға тарттық.

2. Дәрігер жазып берген дәрілер мен қатар медициналық құралдардың алмасуы кезіндегі мәселелер жайлы айтылды.

3. Медициналық анализ тапсырған соң, терапевт дәрігердің кешіктіріліп қабылдауына байланысты анализді қайта тапсыруға кейбір зейнет жасындағылар мәжбүр екендігін айтып жеткіздік.

4. Карьер ықшамауданында медициналық амбулаторияның жоқтығы, тұрғындардың сұрағы жайлы жолдадық.

Осы төрт сұрақтың төңірегінде бас дәрігердің орынбасары бірден «Авиценна-Бурабай» ЖШС-нің бас дәрігері жауап береді деп қысқа қайырды. Ал енді зейнеткерлердің барлығына дәрі-дәрмегі уақытында беріліп тұратындығын бұл жағынан әзірге ешқандай сұрақ туындап, мәселе болмағандығын айтып өтті дәрігердің орынбасары.

Дәрігерлердің қабылдауын күтіп отырған науқастармен де сөйлесіп сұхбаттастық. Жасы келген зейнеткер апамыз: — Өткенде аяғымды қайырып алып, осы жерге келіп ем-дом алдым. Анализ тапсырдым. Келсем кезек екен, тек Call-орталыққа хабарласуым керек. Ол бос емес. Күні бойы қоңырау шалып ала алмадым,-дейді. Ал енді кейбір дәрігерге қаралып жүргендер «ешқандай айтар өкпе-ренішіміз жоқ, барлығы дұрыс»,-деп қысқа қайырды.

Бір сағаттан соң бас дәрігерге кірдік. Алдымен таныстық. Құжатымызды көрсеттік. Сөйтсек, жағдай сіз бен біз ойлағандай емес екен.

Бас дәрігердің айтуына қарағанда, қазіргі таңда кадр мәселесінің тапшылығы аталмыш ЖШС-де күн тәртібінде тұр екен. Өйткені, курорттық аймақ болғандықтан оқу бітіріп келген жас мамандар жұмыстың ауырлығын көріп, бірден мүмкіндік қарастырып, қалай да шипажайларға орналасуға тырысады екен. Бұрын жоғары оқу орнын бітірген дәрігерлер қат боп жатса, қазіргі күні медбикелерге де сұраныс артқан. Себебі, жерлікті жердің жастары медициналық оқу орнын бітірген соң, Астана, Көкшетауға қалуға тырысады. Тіпті, қазіргі кейбір медбикелердің тұратын баспанасына дейін өзіміз жалдауға мәжбүр боп отырмыз. Ал дәрігерлерге келетін болсақ еңбекақылары жақсы. Сіздердің қойып отырған, халықтың сұрап отырған сауалдарына кезекпен жауап берейін. Мысалы кейбір медициналық құралдарды жоғары жақ шешеді, біз ауданға ғана жауаптымыз.

Ал дәрігерлер жетіспеушілігінің салдарынан бір дәрігер күніне кейде 50-60 адамды қабылдауға мәжбүр. Ал заң талабы бойынша дәрігерде адам, көп болса 10-15 адам қабылдау керек. Сонымен қатар, жалғыз осы қала ғана емес-ауданымызға қарасты ауылдар да бар ғой. Соларға барады. Қысқасы бұл күн тәртібінде тұр. Ауылдардағы біраз медициналық амбулаториялар уақыт талабына сай емес. Талай рет жоғары жаққа шағым хат түсірілді.

Ал енді Карьер ықшамауданына келетін болсақ, бұл күн тәртібінде тұр, бірақ 2025 жыл деп жоспарлап отырмыз. Дейтұрғанмен, сол жақтан бір орын ашып, уақытша амалдайтын жол қарастыруға тырысамыз. Ал енді зейнеткерлер жайына келетін болсақ, алдағы аптада жиналыс ашып, жасы 70-ке келген қарияларды кезексіз қабылдау туралы мәселені біржақты қылып шешуге тырысамыз.

Call-орталыққа бұл жерде қазіргі күні үш адам жұмыс істеп жатыр. Негізі толық құрамы төртеу болуы керек. Айдың аяғында тағы да бір кісіні жұмысқа қабылдаймыз. Күніне қаншама қоңырауды қабылдайды. Бос болмайды. Өзім қадағалап отырам, күнде кешке «қанша адам» қоңырау шалды барлығын түгел тексерем. Көпшіліктің есіне сала кетейік, негізі дәрігерге жазылу үшін-дүйсенбі күні қоңырау шалып, жазылып қойса дұрыс болады.

Биылғы жылы бала өлімі үш бала тіркелді. Оның біреуі балабақшадағы кішкентай баланың өлімі. Денсаулығында кінәрат жоқ. Бұл туралы сот медициналық сараптаманың қорытындысынан кейін ғана ақпарат бере аламыз. Онкологиямен ауыратындардың саны артып кетті. Өкініштісі екінің бірі осы аурумен ауырады. Инсульт алғандар да көп. Мысалы таңертеңгілікте 08:30-да емханаға келушілердің көптігі соншалықты кезек боп тұрады.

Бұл енді жалғыз біздің ауданда ғана емес-барлық өңірдегі қалыпты жағдай. Медицина әлсіз деп және ойлап қалмаңыздар. Біз ақ халат киіп, құр жүрген жоқпыз, жауапкершілік бар, әрбір істің соңында жауап беретін маман иелері сирек. Бірақ бастысы жергілікті тұрғындардың денсаулығы. Айтпақшы, бұрын «құрт ауруы» көп болатын-ды. Соңғы статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ бұл ауруды ауыздықтадық деуге болады-бұл енді дәрігерлердің еңбегінің жемісі деп білеміз,-дейді бас дәрігер.

Жеке бастың сұрағын емес, бурабайлықтардың сәлемін жолдап, мәселенің жай-күйін біліп шықтық. Алдағы уақытта «Қоғамдық кеңес» мүшелері бұл сұрақтың орындалған-орындалмағанын күн тәртібіне қойып, бақылауда ұстайтындығын айтып ескертіміз келеді.

Жеңіс Оспанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA