Балабақша мақтанышы

Баланың басты ұстазы ата-анасы. Ата-ананың үйіндегі қарым қатынасы, киім киюі, мінез-құлқы бәрі-бәрі балаға үлгі. Өйткені «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі». Бала отбасынан әкеден-ақыл, шешеден мейір алады. Әке — тірек, ана — жүрек, бала — тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасының үш тағаны іспеттес.

Қазақта «Орнымен мақтай біл, сый-құрметін сақтай біл»деген мақал бар. Мақтау дегеніміз-біреудің істеген ісіне, еңбегіне жоғары баға беру. Мақтаудың бірнеше түрі бар.

Келесі сөз «Ақбота» бөбекжайының тәрбиеленушісі Баукен Аяжан жөнінде болмақ. Тәрбиешілері А.Ш. Нургужина, А.Т.  Байшалова. Аяжан «Ақбота» бөбекжайының мектепалды тобының тәрбиеленушісі. Үйінің тұңғышы, тәртіпті, айтқанды тез ұғып алады. Кітап оқуға қызығушылығы жақсы. Балабақшадан бөлек би, ән үйірмелеріне де қатысады. Әр түрлі аудандық, облыстық, республикалық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүреді. Есте сақтау қабілеті, шығармашылық қиялы жақсы дамыған. Алдағы уақытта да осындай жетістіктермен биіктерден көрініп, ата-анаңның үмітін ақтағайсың. Біз сенің жетістіктеріңмен мақтанамыз. Бүгінгі жас ұрпақ ертеңгі ел болашағы, біз әрқашан заманауи білімді балаға беріп отырсақ, біздің балаларымыздың болашағы жарқын болмақ. 

А. Байшалова,

«Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA