Мемлекет басшысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі өкіміне және Үкіметтің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 1248 қаулысына сәйкес, 2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы шешім қабылданды.

Ауыл шаруашылығы санағын мақсаттары мен міндеттері — ауыл шаруашылығы саласының нақты жағдай туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу, елдің азық-түлік ресурстарын қалыптастырудағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, әрбір санатының рөлі туралы толық деректер алуы, ауыл шаруашылығы өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен өндіріс  тиімділігін арттыруға бағытталған ауыл шаруашылығы әлеуметтік экономикалық саясатты  әзірлеуі.

Оыған байланысты, 2024 жылы 20 ақпанында облыс әкімнің өкімімен мемлекеттік органдар әрекеттерді үйлестіру және туындаған барлық мәселелерді  шешу үшін облыстық комиссиясы құрылды,   2025 жылы Ақмола облысында ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы іс-шаралар жоспары бекітілді.

Ауыл шаруашылығы санағы келесі:

  • (sanaq.gov.kz) арнайы веб-порталда кәсіпорындар, шаруа немесе фермер қожалықтары және жеке қосалкы шаруашылықтардың иелері өзін-өзі санақ сауалнамалары толтыру;
    — интервьюерлер деректерді жинау планшеттерді қолданумен әдістермен жүзеге асырылады.

Санақ сауалнамаларын, әдістемені, ақпараттық жүйелерін, дала жұмыстарын жүргізу, бюджетті бағалау, интернетті қамту сапасын және интернетсіз ақпараттық жүйелер жұмыстар апробациялау үшін 2024 жылы тамызда (10 күн)  облыстың 3 елді мекенде (Атбасар қ., Сандықтау ауданы Владимировка с., Зеренді ауданы Айдарлы а. ) пилоттық  зерттеу жоспарланған.

Сонымен қатар, 2025 жылы ауыл шаруашылығы санағын сапалы өткізу үшін ағымдағы жылы мемлекеттік органдарға келесі жұмыстар жүргізу  керек: бау-бақша және саяжай бірлестіктерін тізімін қалыптастыру бойынша (әділет органдарда тіркелген бірлестіктер өзектендіру,   бірлестіктердің нақтыланған тізімдерін жасау), облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің тізбесі мен шекараларын нақтылау, облыстың қалалары мен ауылды елді мекендердегі көшелердің атауларын ретке келтіру, картографиялық материалдарды (елді мекендердің карталарымен схемалық жоспарларын) және басқалар дайындау.  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ РЕФОРМАЛАР

АГЕНТТІГІ

ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА

БЮРОСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ”

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA