«Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы қасиетті аспабы — домбыра. Оның сымдай тартылған қос ішегінде сан ғасырлардың ақыл-ойы, көңіл-күйі жатыр. Домбыра — елдің көнекөз шежіресі»

А.Жұбанов

Домбыра жер бетінде кеңінен тараған шертпелі аспаптардың қатарына кіреді. 2018 жылдан бері ұлттық домбыра күні шілде айларынын бірінде ауысып қазақтың төл аспабының күні ретіне тойланып келеді. Осыған орай «Арман» БЖШО-ың директоры Тұрғожина Айгүл Айтжанқызы, «Беркімбай сазы» ансамбілінің жетекшісі Ауенова Бибігүл Дүйсенбайқызы, «Беркімбай сазы» ансамбілінің дарынды, Бурабай ауданында танымал болған домбырашыларымен, ата-аналар, ақжаулықты әжелер «Домбыра-халық даналығы» атты музей сабағына қатысты.

Сабақ барысында: Гүлден Өмірғалиқызы, Кемел Ақышев бастаған бір топ ғалымдар домбыраны нелит дәуірінде 4 мың жыл бұрын тастарға сылынып, ең алғаш қыпшақ нотасымен таңбаланған деректер, қазақ халқының музыкалық мұрасы — домбыраның түрлері, домбыраның құрылысы жөнінде мағлұмат алды. Осыған қоса, асыл мұрамыздың бірі — күй өнері. Оны өшірмей жеткізген екі құдіретті күш бар. Бірі — домбыра, екіншісі сол домбыраны сөйлетіп қана қоймай, сол арқылы халқына рухани қуат берген сазгерлеріміз. Атақты күйшілер, музыка мәдениетінің асқан шеберлері Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина Нұрпейісова, Тәттімбет, Махамбет, Байсерке, Сүгір, Байжігіт және т.б. туралы сөз қозғалды.

Жиналған көпшілікті ең қызықтырғаны домбыра туралы аңыз-әңгіме болды. Этнограф Өзбекәлі Жәнібеков өз еңбегінде, қиелі домбыра туралы былай дейді: «Ертеде бір хан қызының кедей жігітпен көңіл жарастырғанын сезіп қалады да жігітті дереу дарға астырады. Бұл махаббат баянды болмай, соңында егіз туады екен. Оны аңдыған мыстан кемпір егіз баланы көз көрмес, құлақ естімес, алыс жерге апарып, жап-жасыл үлкен бәйтерек басына ұлды батысқа, қызды шығысқа қаратып іліп кетеді. Сәбилердің көз жасы тамған бәйтерек солады, жүрегі тоқтаған нәрестелермен бірге ағаш та қуарады. Қаңқу әңгіме халық арасында жата ма, оны естіген ана егізін іздеп жолға шығады. Жолдан шаршаған ана ағаш түбіне келіп, демалады Құлағына күмбірлеген сарын естіледі. Қайдан шығатын әуен екенін білгісі келіп ағаш үстіне шығып тыңдаса, жаңағы бәйтерек сынып кетеді. Ағаштың түбінен басына дейін іші қуыс екенін көреді. Екі басына бұтақтан — бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Екі ішек самал желмен тербеліп, одан әуен шығады екен. «Егіз құлынымнан қалған жұрнақ осы болар» деп сол ағаштан аспап жасап алады. Батысқа қараған ішегі бостау, шығысқа қараған ішегін қаттылау керілген екен. «Астыңғы ішек — жіңішке дауысты қызым Зарлық, ал үстіңгі ішек — бос қоңыр дауысты ұлым Маңлық болсын» деп екі ішекке ат қойып, домбырасын тартып, күй шығарып кеткен екен».

Сабақтың қорытындылай кезінде жиналған қатысушылардың арасында домбыра туралы блиц сауалнамада жүргізілді, нәтижесінде келесі домбырашылар — Өмірғали Мұсахан, Сайлаубаев Қайсар, Еркін Ернар, Казтаева Арайлым керемет білім көрсетті, кейін экскурсия өткізілді!

Г. Шамиғанова, «Арман» БЖШО-ың ұйымдастырушысы-маман

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA