Ұлттық Домбыра күніне орай Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «DOSTAR» этноауылда «Домбыра — ұлттық бренд» этно-тур ұйымдастырды.

Академик А.Жұбанов: «Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті музыкалық аспабы домбыраның бірде күмбірлеген,бірде шертілген ойлы дыбысы құлаққа жағымды, жүрекке жақын, оның күмістей сыңғырлаған үні талай сырдың басын қайырады. Сым­дай тартылған қос ішектен сан ғасырдың сан алуан сипаты ақыл-ойы, көңіл күйі жатыр. Домбыра — көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі» деген екен.

«Домбыраның тарихы және домбыра туралы 10 дерек» бөлімінде домбыраның тарихы әр түрлі ескерткіштерге, сондай-ақ этнографтардың жазып қалдырған еңбектеріне жүгінсек, домбыра және өзге халықтардың осы тектес аспаптары тіпті сонау орта ғасырларда белгілі болған екен. Мысалы, Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерінен тамбур аспабы жайында оқимыз.

«Домбыра үні — ұлттың үні» бөлімінде Арқаның сал серілері Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай қолдарына домбыра ұстап ауыл-аймақты аралап серілік құрған. Ал домбырамен тек қана әннің төресі шырқалған. Тарихтан белгілі, қазақтың сал-серілері де екі не үш ішекті домбыраны серік еткен. Домбырамен сүйемелдеп ән айту сол кезден-ақ шеберліктің шыңы саналған.

«Домбыра — ұлттық өнерде» атты бөлімінде, қазақ халқының киіз үйі мен айтыс өнері, домбыра аспабы ЮНЕСКО тізіміне енген ең ежелгі мұралар. Қазақ мәдениетінің, рухани байлығын көрсететін ерекше өнер — айтыстағы домбыраның рөлі. Айтыс — Домбыра ол егіз ұғым. Ақындар айтысын домбырасыз елестету мүмкін емес.

Тарихымызда айтыс өнерінің шоқтығы «Біржан мен Сара» айтысы. Бір ғана Біржан мен Сара айтысы арқылы сол замандағы қоғамдық-әлеуметтік жағдайын, тарихын, мәдениетін толық сезіне аламыз. Бұл да біздің өркениетке ие ұлттық өнеріміздің биік шыңы.

Қазақстанның халық жазушысы, айтыс-ақындарының тұңғыш президенті, көптеген республикалық айтыстардың жүлдегері, Көкшенің көк нөсері Көкен Шәкеев. Биыл Көкен Шәкеевтің туғанына 100 жыл толып отыр.

Көкше өңірінен шыққан айтыс ақындарының қосқан үлесі мол. Орынбай, Шөже, Атығай,Тоқжан, Шал ақындар, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай және т.б.

«Жамбыл — менің жай атым, халық- менің шын атым» деп жырлаған ұлы тұлға — Жыр алыбы, ғасыр ақыны- Жамбыл Жабаев .

Жамбыл Жабаев — қазақтың айтыс өнерінің аса көрнекті өкілі. Оның әсем жыр әуені мен шалқыған домбыра сазынан қазақ халқының үні естіледі.

Жамбыл мен Құлмамбет айтысы — дәстүрлі ақындар айтысының озық үлгілерінің бірі. Жамбылдың Айкүміспен, Жамбылдың Бөлектің қызымен (1880жылы) айтыстарында жастық, мөлдір сезім, сыйластық, жарасым бар.

Келесі айтыс өнерінің айтулы тұлғасы Кенен Әзірбаев. Айтыс өнерінің насихатшысы, осы өнерді кейінгі ұрпаққа жеткізуші тәлімгер-ұстаз да бола білді.

«Дoмбыpaны әлeмгe танытқан тұлғалар» бөлімінде, дoмбыpaны Eуpoпa төpiндe күмбipлeткeн қaзaқтың ұлы әншici — Әмipe Қaшaубaeв. 1925 жылы Пapиж төpiндe дoмбыpaмeн ән caлып, ЭКCПO aяcындa өткeн бүкiләлeмдiк бaйқaудa зop дaуcымeн көpepмeндepдi тәнтi қылып, ұлттық acпaбымызды пaш eткeн.

Дина НұрпейісоваҚазақ халқының ұлы күйшісі Құрманғазыны «күй атасы» десе, оның шәкірті Дина Нұрпейісованы «күй анасы» деп атайды.

75 жасында Мәскеуде өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, ал 83 жасында Ташкенттегі Орта Азияның онкүндігінде жүлделі орынға ие болды.

Нұрғиса Тілендиев — КСРО халық әртісі, Халық Қаһарманы, әйгілі күйші композитор, дирижер, домбырашы. Нұрғисаның күйі «Қыз Жібек» фильмдеріндегі «аққуларды билеткен. Сазгер 500-ден астам музыкалық төл туындының авторы.

1999 жылдaн бepi киeлi acпaпты әлeмгe тaнытып жүpгeн тaлaнтты қaзaқтың бipi — Acылбeк Eңceпoв. 

2001 жылы бeлгiлi пpoдюcep Қыдыpәлi Бoлмaнoвтың жeтeкшiлiгiмeн құpылғaн, хaлықapaлық apeнaдa дoмбыpaның мepeйiн acқaқтaтып этнo-poк бaғытындa өнep көpceтeтiн музыкaнттap «Ұлытaу» тoбы. Coл жылы «Ұлытaу» тoбы Голивудта өткeн бүкіләлемдік музыкaлық байқауда Құpмaнғaзының «Aдaй күйiн» күмбipлeтiп, Бac жүлдeнi иeлeнгeн.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Димаш Құдайберген,дoмбыpaны әлeмдiк caхнaғa aлғaш peт Қытaй мемлекетінде өткeн «I am Singer» бaйқaуындa «Дайдидау» әнін орындамас бұрын ұлы күйшi Құpмaнғaзының «Aдaй» күйiн opындaғaн бoлaтын. Димаш Құдайберген — әйгілі актер Джеки Чанның алдында домыбра тартып, өнер көрсеткен. Димаштың арқасында шетелдіктер қазақ тілі мен домбыра курстарына жазыла бастаған.

«Домбыра — ұлттық бренд» этно-туры барысында кітапхана қызметкерлері қонақтарға, демалушыларға әр бөлім бойынша қызықты ақпараттар берді.

Дoмбыpa — қaзaқ хaлқы үшiн қacиeттi ұғым. Дoмбыpaны қaдipлeуiмiз, acқaқтaтуымыз, әcipece, жac ұpпaқ пeн eлiмiздe мeкeндeп жaтқaн бacқa дa ұлт өкiлдepiнe тaнытып, кeлep ұpпaққa жeткiзу — қacиeттi бopышымыз.

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің

әдістемелік-библиографиялық бөлім

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA