Щучинск қаласындағы «Жақсы» спорт сарайында ауған соғыс ардагерлерінің арасында Ақмола облысы әкімінің жүлдесі үшін волейболдан республикалық турнир өтті. Турнирге кең байтақ еліміздің он бес облысынан ауған соғысына қатысқан ардагерлер келіп бақ сынады. Аталмыш турнир С. Нұрмағанбетовтың-100 жылдығына, Р. Қошқарбаевтың-100 жылдығына, сонымен қатар Совет әскерінің ауған жерінен шыққанына-35 жыл толуына орай өткізіліп отыр.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің генерал лейтенаты «Халық Қаһарманы» Бақытжан Ертаев, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева қатысып, кешегі от пен оқтың ортасында сын сағаттарды бастан кешірген ауған соғыс ардагерлерін турнирдің ашылуымен құттықтады.
Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин құттықтау сөз сөйлеп спорттық іс-шараға белсенді боп қатысып отырғандарға ақжол тіледі. Генерал-майор Нағашыбай Атшаборов, Бурабай ауданының әкімі Арай Садыков қатысып, жылы лебіздерін білдірді.
Мұндай турнир елімізде жиі өтіп тұрады. Осы жолғы VІІІ турнир қасиетті Бурабай жерінде өтті. Иә, айтпақшы Бақытжан Ертаев «Қасым Қайсенов атындағы орденді» Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановқа табыстады. Бұл орденді Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин, өңір басшысына табыстаймын,-деді.
Бақ сынасқан бәсекелі турнирде І-орынды Шығыс Қазақстан облысы -500 мың теңгені жеңіп алса, ІІ-орынды Астана қаласынан қатысқан ардагерлер қанжығасына байлады -300 мың теңге, ІІІ-орынды Павлодар қаласынан келген ауған соғысының ардагерлері жеңіп алды.
Жалпы көпшіліктің есіне сала кетейін, турнирге келген меймандарды алдымен Бурабай ауданының әкімдігінде аудан әкімі қарсы алып жергілікті бурабайлықтармен кездесті. Үстел басында басты тақырып ол еліміздің ертеңгі дамуы жайында өрбіді. Жастарды Отансүйгіштікке баулу, өскелең ұрпақтың қалыптасу жайында диалог өрбіді.
«Бурабай-ақпарат»