Бұл туралы бүгінгі брифингте Ақмола облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының орынбасары Ниәз Талғатұлы Байгожин баяндап берді.

Биыл облыста ауысымына 14 528 оқушыға арналған 15 мектеп салынуда.

Осы жылы 5 мектеп  ашылады деп жоспарлануда.

1 қыркүйекке дейін Қосшы қаласында 1200 орындық мектептің құрылысы аяқталады.

2-тоқсанның басына дейін тағы 3 мектепті аяқтау жоспарлануда. Ниәз Талғатұлының айтуы бойынша ағымдағы жылдың шілде айында қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамау салдарынан бірінші мердігермен келісім-шарт бұзылған. Осыған байланысты пайдалануға беру жоспарлары түзетілген. Бүгінгі күні жұмыстарды жаңа мердігерлер жүргізіп жатыр.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында 12200 орындық 9 мектептің құрылысы жүргізілуде.

«1 қыркүйекке дейін Целиноград ауданында 4 нысанды аяқтау жоспарлануда. Талапкер (2 мектеп), Қараөткел («KGS Сауда» ЖШС), «Ақмол» («UK Stroy» ЖШС) ауылдарындағы мектептер үшін – ғимараттар дайын, ішкі әрлеу жұмыстары аяқталуда, технологиялық жабдықтар толығымен сатып алынып, орнату жүргізілуде»,-дейді спикер Байгожин.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA