Жаңа оқу жылында облыстағы 528 мектепке 140 мыңнан астам оқушы келеді, оның 13 мыңға жуығы бірінші сынып оқушылары.
Бұл туралы Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов баяндады.
Орын тапшылығын азайту және абаттандыру мақсатында 2940 орындық және 12200 орындық 9 мектеп, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 6 жайлы мектеп салынуда.
Спикер сонымен қатар биылғы жылы құрылыс басқармасының мәліметі бойынша 1740 орындық 5 мектептің (Целиноград ауданы Жаңа Жолда 80 орындық, Қосшыда 1200 орындық, Бестобе ауылында 300 орындық) құрылысын аяқтау жоспарланып отырғанын атап өтті. Степногорск қаласы Бестөбе ауылы, Біржан сал ауданы Бұланды ауылында 80 орын және Сандықтау ауданы Петровка ауылында). 5 мектептің 1-ші қыркүйекке дейін Қосшыдағы 1200 орындық мектеп аяқталып, пайдалануға берілетіндігін атап өтті.
Валерий Гамазовтың айтуынша, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Целиноград ауданында 4800 орындық 4 мектепті (әрқайсысы жобалық қуаты 1200 орын) пайдалануға беру жоспарлануда. Қараөткел ауылында, Талапкер ауылында – 2 мектеп, Ақмол ауылында).
Ата-аналардан, оның ішінде басқа мектептерден ауыстыру тәртібімен өтініш қабылдау жұмыстары ұйымдастырылуда. Алдын ала мәліметтер бойынша, 4 мектепке 4 410 оқушы қабылданады, қазірдің өзінде 4 мыңға жуық заңды өкілдің өтініші қабылданды.