2023 жылдың 19 наурызында Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау өтеді. Бұл тұрғыда Орталық сайлау комиссиясы тиісті дайындық жұмыстарын бастап кетті. Осы орайда бұл процеске қатысты сарапшылардың пікірін оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.
Елдегі демократиялық өзгерістерді үнемі бақылап отыратын америкалық сарапшылар Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға қатысты пікір білдірді.
«New Lines Institute for Strategy & Policy» оқыту және талдау өнімдері бағдарламасының аға талдаушысы және басшысы Евгений Чаусовский Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың наурыз айында кезектен тыс Парламент депутаттарын сайлау туралы шешімін қайта саяси құрылымдау процесінің жалғасы ретінде қарастыруға болатынын атап өтті.
Сарапшының пікірінше, бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ішкі және сыртқы саясатты сындарлы даму жолына түсіруге бағытталған кең ауқымды өзгерістер процесінің соңғысы.
«Second Floor Strategies» консалтингтік фирмасының президенті Алехандро Санчес жаңа сайлау күні кездейсоқ таңдалмағанын атап өтті.
Америкалық сарапшының пайымынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төменгі палатаны таратып, жаңа сайлау күні ретінде 19 наурызды таңдауы екі мақсатты көздейді. Біріншісі – қазіргі Үкіметтің бұрынғы Үкіметтің жалғасы еместігін және оның ықпалында болмайтынын дәлелдеу. Екінші мақсат – Қазақстан халқына Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттігі кезінде мемлекеттік басқару мен саяси өкілдіктің ұтымды жұмыс істейтінін көрсету.
«Қазақстан Президенті тұрғындардың талап-тілектерін тыңдайтын «халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруға уәде берді. Қазақстандықтар өздерінің көзқарасы құрметтелетін және ескерілетін елде тұруға лайық», — деді Уайлдер Алехандро Санчес.
Сенат құрамы жаңарды
Жақында Сенат отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек екенін қадап айтты.
«Демократия – бұл, ең алдымен, өз сөзің мен ісіңе жауапкершілікпен қарау. Бәріміз бір шаңырақ астында өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан әрбір азамат, кез келген қоғам қайраткері, барша саяси күш ел болашағы үшін өзінің тікелей жауапкершілігін сезінуі қажет. Барша отандастарыма айтарым: әлемде бұрын-соңды болмаған күрделі геосаяси ахуал кезінде еліміздің тыныштығы мен ырыс-берекесін сақтау тек өзімізге, бірлігіміз бен ынтымағымызға байланысты. Тәуелсіздігімізді сақтау және оны нығайту аса маңызды міндет екенін тағы да еске саламын. Бұл – халқымыздың басты құндылығы», — деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, біз конструктивті реформа бағытымен алға қарай нық қадам басып, мемлекеттілігімізді нығайтып, қоғамды біріктіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Саяси жауапкершіліктің биік мәдениеті мен азаматтарымыздың шынайы патриотизмі мұның кепілі бола алады.
«Бірнеше аптадан кейін саяси науқан басталады. Кандидаттар үгіт-насихат жұмысына кіріседі. Олар дауыс жинау үшін түрлі тәсілдерді қолданады. Бұл – қалыпты демократиялық үдеріс. Қазақстанда пікір алуандығына ешқандай шектеу қойылмайды. Заңға қайшы келмейтін барлық іс-әрекетке рұқсат беріледі. Дегенмен, бір нәрсені бәріміз қаперде ұстауымыз керек. Сайлау елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек. Тағы да айтқым келеді: үміткерлер қоғамға ірткі салатын әрекеттен аулақ болғаны жөн. Аңдамай айтылған артық сөз немесе ойланбай жасалған оқыс қадам бүкіл елдің болашағына кесірін тигізеді. Әрбір отандасымыз осыны дұрыс түсінуге тиіс», — деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Осы аптада Сенаттың құрамын жаңғырту үдерісі толығымен аяқталды. Сенат депутаттарының арасында әр аймақтың, соның ішінде жаңадан құрылған облыстардың өкілдері бар. Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне арнайы квота берілді.
Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты. Былтыр конституциялық реформаның қолға алынғанын еске салды.
«Ата заңға аса маңызды өзгерістер енгіздік. Қараша айында Президентті сайлау өтті. Жуырда Сенат депутаттарының бір бөлігі сайланды. Сонымен қатар, менің Жарлығыммен бірнеше сенатор тағайындалды. Осымен Сенаттың құрамын жаңғырту үдерісі аяқталды», — деді Президент.
Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты орныға түскенін айтты. Бұл реформалар билік институттары жүйесінің тепе-теңдігін қалыптастырады
Бұл ретте ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Гүлмира ТоқановаПарламенттің жоғары палатасында депутаттық құрамның жаңаруына қатысты пікір білдірді.
Сарапшының атап өтуінше, қаңтар айының ортасында 40 сенатордың жартысын әдеттегідей 3 жылда бір рет өңірлік мәслихат депутаттары сайлады. Оның қатарында жаңадан құрылған Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының да өкілдері бар. Осылайша Сенат ел билігінің заңнамалық тармағындағы өңірлік өкілдікті толығымен қамтыды.
Оның пайымынша, Сенат құрамын жасақтауды аяқтау елдің саяси оқиғалар тізбегіндегі маңызды оқиғаларды түйіндейді. Бұл әсіресе, алдағы Мәжіліс депутаттарын сайлау тұрғысынан өте маңызды. Мәжіліс қызметін доғарған аралықта барлық заңнамалық қызмет Сенатқа жүктеледі. Ал бұл үлкен өзгерістер жағдайында да биліктің осы тармағы жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты саяси зерттеулер бөлімінің жетекшісі Ермек Тоқтаров Сенаттың жаңарған құрамын сәтті жасақтау саяси институттар тұрақтылығын білдіретінін атап өтті.
Оның сөзіне қарағанда, Сенат депутаттық корпусының бір бөлігін сайлау конституциялық мерзімде іске асырылды.
«Сенат Қазақстанның саяси жүйесінің маңызды элементі саналады. Жоғары палатаның жаңарған құрамын сәтті қалыпастыру саяси институттар тұрақтылығын, оларды қалыптастыру процедураларының тыңғылықтылығын көрсетеді. Мәжіліс болмайтын кезеңде Сенат Парламенттің бүкіл заңнамалық қызметін орындайды. Бұл алдағы сайлауды елдегі орталық билік өкілдігін сақтай отырып өткізуге мүмкіндік береді», — деді ол.
Атап айтқанда, 2023 жылдың 19 наурызында Мәжіліс және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді. Онда 12 млн-ға жуық азамат дауыс беріп, өз таңдауын жасайды.
Енді Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы – бір мандатты округтерден сайланады. Үміткерлер сайлауға партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар атынан қатыса алады және өзін-өзі ұсынуға мүмкіндік алады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарына депутаттардың 50 пайызы мажоритарлы жүйе бойынша, ал қалған 50 пайызы – партиялық тізімдер бойынша сайланбақ.
Аудандар мен қалалардың мәслихаттарына сайлау толық мажоритарлық жүйе бойынша өтеді. Мажоритарлық жүйе – саяси партиялар емес, нақты жеке тұлғалар дауысқа түсетін әдіс.
 

Выборы-2023: обзор мнений за неделю

АСТАНА. КАЗИНФОРМ — В Казахстане через несколько недель начнется электоральная кампания, которая призвана завершить перегрузку всей политической системы страны. 19 марта пройдут внеочередные выборы в Мажилис и маслихаты. Что о данном процессе говорят эксперты, читайте в материале аналитического обозревателя МИА «Казинформ».

Международные эксперты внимательно наблюдают за происходящими реформами в Казахстане. В частности, американские эксперты позитивно оценивают демократические изменения в нашей стране.

Старший аналитик и руководитель программы по обучению и аналитическим продуктам «New Lines Institute for Strategy & Policy» Юджин Чаусовский считает, что решение Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева о проведении внеочередных парламентских выборов в марте можно рассматривать как продолжение процесса политической реструктуризации, который продолжается уже более года.

Юджин Чаусовский

«Это решение является последним в более широком процессе изменений, вводимых Президентом Касым-Жомартом Токаевым и направленных на то, чтобы перейти к более сбалансированному пути, как внутри страны, так и во внешней политике», — отмечает эксперт.

Президент консалтинговой фирмы «Second Floor Strategies» Уайлдер Алехандро Санчес отмечает, что решение Президента Касым-Жомарта Токаева распустить нижнюю палату и выбрать 19 марта в качестве даты новых выборов преследуют две цели. Первая – подтвердить, что его Правительство не является продолжением его предшественника и не находится под его влиянием. Вторая цель — продемонстрировать своим соотечественникам-казахстанцам, что во время президентства Касым-Жомарта Токаева будут поощряться благое управление и политическое представительство.

Уайлдер Алехандро Санчес

«Президент Казахстана пообещал, что создаст «слышащее государство», в котором Правительство на всех уровнях будет прислушиваться к требованиям населения. Казахстанцы заслуживают того, чтобы жить в стране, где уважают и поощряют противоположные точки зрения», — высказал свое мнение Уайлдер Алехандро Санчес.

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев, говоря о предстоящих выборах в Мажилис и маслихаты, обратил внимание на то, что выборная кампания должна не разделить, а объединить страну.

«Через несколько недель начнется электоральная кампания. Кандидаты приступят к агитационной деятельности, используя самые разные методы для получения голосов избирателей. Это обычная демократическая процедура. В Казахстане многообразие мнений ничем не ограничено. Разрешено все, что не запрещено законом. Однако есть одна вещь, о которой мы все должны помнить. Выборная кампания должна не разделить, а объединить страну. Хочу вновь призвать кандидатов воздержаться от действий, которые могут посеять смуту в обществе. Неосторожное слово или необдуманный шаг могут пагубно сказаться на будущем всей страны. Это должен понимать каждый наш соотечественник», — сказал Касым-Жомарт Токаев на заседании Сената Парламента РК 26 января.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA


Вы пропустили

Су тасқыны бақылауда: Ақмола облысында дамбылар күшейтіліп, өзен арналары тазартылуда
Есіл су шаруашылығы бассейнінің аумағында көктемгі қар суының қауіпсіз өтуін және елді мекендерді су басудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Гидротехникалық нысандарды жөндеу, қайта жаңғырту және салу, сонымен қатар елді мекендер маңындағы өзен арналарының санитарлық тазалығы басты назарда тұр. Бұл туралы «Қазcушаруашылығы» РМК Ақмола филиалының бас инженері Олжас Тұржанов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Бурабай ауданындағы республикалық меншікке жататын Щучинск қаласының саяжайларындағы су қоймасында ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Ал гидротехникалық нысандары қанағаттанарлықсыз күйде тұрған аудандарда кең көлемді реконструкция жұмыстары басталды.
Мәселен, Аршалы ауданындағы Анар станциясы маңында су өткізу құрылғылары бар қорғаныс дамбасы қайта жаңғыртылуда – жұмыс 70 пайызға орындалған. Бұланды және Жақсы аудандарында «Прохоровско-Колоколовская» және «Чапаевская-1» плотиналарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соңғысы 73 пайызға дайын.
«Шортанды ауданындағы «Дама» су бөгеті жаңа шлюздер салынып, бұрынғы су өткізу құрылысы консервациялануда. Бұл жұмыстар 39 пайызға орындалды, құрылыс мерзімі – 5 ай. Сонымен қатар Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы сегізінші шағын ауданда қорғаныс дамбасы салынып жатыр. Қазіргі таңда нысан 74,5 пайызға аяқталған, мерзімі – 6 ай. Бұл жобалардың барлығы 2025 жылы аяқталады», – деді Олжас Тұржанов.
Су тасқыны қаупі жоғары өзен арналарының санациясына да ерекше көңіл бөлінуде. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025–2027 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы жоспар аясында Ақмола облысында 8 жоба жүзеге асырылып жатыр, оның жетеуі Есіл өзені бассейнінде орналасқан. Қазіргі таңда оның төртеуі белсенді іске асырылуда.
Атап айтқанда, Атбасар қаласы маңындағы Жабай өзенінде арнаны тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы – 5,2 шақырым. Жұмыс 13 ақпанда басталды, 37 бірлік техника тартылған. Қазірге дейін 80% жұмыс орындалған. Сандықтау ауданының Балкашино ауылында арнаны бекіту және тереңдету жұмыстары 67% деңгейінде. Астрахан ауданының Старый Колутон ауылы маңындағы Колутон өзеніндегі тазарту жұмыстары 93%, ал Зеренді ауданындағы Шағалалы өзенінде – 98% аяқталған.
Сондай-ақ, Целиноград ауданының Қажымұқан ауылы мен айналма автожол аралығындағы Есіл өзенінің арнасын тереңдету, түзеу және кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы ұзындығы – 18 шақырым. Жоба 2021 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарланған.
Бұдан бөлек, жеке сектор да өз үлесін қосып отыр. 2024 жылы «Казцинк» компаниясы Көкшетау қаласы аумағындағы Кылшақты өзенінің 4,3 шақырымын өз қаражаты есебінен тазартқан.
Су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғау мақсатында 43 елді мекенде жалпы ұзындығы 24,3 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері тұрғызылып, нығайтылған. Барлық нысандар қанағаттанарлық жағдайда және тасқын кезеңіне дайын.
Олжас Тұржанов алдағы вегетациялық кезеңге де тоқталып, барлық су пайдаланушыларды заңнама талаптарына сәйкес арнайы су пайдалану рұқсатын алдын ала алуға шақырды. Бұл қызмет тегін көрсетіледі, бірақ міндетті түрде рұқсат арқылы жүргізілуі тиіс.
2024 жылғы деректер бойынша Есіл бассейнінде суару үшін алынған судың нақты көлемі – 7,313 млн текше метр, суарылған жер көлемі – 11 675 гектар. Ал республикалық желі бойынша лимит – 38,7 млн текше метр және 18,4 мың гектар.
«Бұл көрсеткіштер суды ұтымды пайдалану, әсіресе климаттық өзгерістер жағдайында, қаншалықты маңызды екенін көрсетеді», – деп түйіндеді бас инженер.