Штаб мүшесі Қыдырбек Майланов электр энергиясына деген қажеттілік жылдан-жылға өспесе, кемімейтінін айтты.

Аудандық штаб өкілдері АЭС салудың өзектілігін және де бұл мәселеде әрбір азаматтың пікірінің маңызын түсіндіру мақсатында «Бейнеу көпбейінді орталық ауруханасы» ШЖҚ МҚК-ның қызметкерлерімен кездесті. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.

Басқосуда штаб төрағасы Назарбек Қадір 2 қыркүйек күні Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіріп, АЭС салудағы ең маңызды мәселе – еліміздің энергетикалық әлеуетін қамтамасыз ету екенін жеткізді. 

Өз кезегінде Ардақ Бораш мемлекетімізде электр қуатының тапшылығы бар екендігін тілге тиек етсе, Қыдырбек Майланов электр энергиясына деген қажеттілік жылдан-жылға өспесе, кемімейтінін айтты. 

Сондықтан Мемлекет басшысы осы мәселеде халықтың таңдауы мен көзқарасын білу үшін нақты қадамға барып отырғандығы да айтылды. 

Кездесуге қатысушылар ойларын ортаға салып, АЭС құрылысының қауіпсіздігі мен тиімділігі төңірегіндегі қауіп, күмәндарын алдыға тартты. Штаб мүшелері барлық сұрақтарға өз деңгейінде жауап беріп, АЭС салу мәселесінде әрбір азамат өз пікірінше таңдау жасауға құқылы екендігін жеткізді.

От Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA