6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом саласының мамандарына хабарласып, елімізде салынатын АЭС әлеуеті жайлы білдік. «Ядролық физика институты» РМК бас инженерінің орынбасары Асхат Бекбаев АЭС құрылысы жайында пікірімен бөлісті.

Асхат Бекбаев, «Ядролық физика институты» РМК бас инженерінің орынбасары:

«Қазіргі таңда Қазақстан күнделікті пайдаланатын  электр энергиясын Ресей мен Қырғызстан елінен алуға мәжбүр болып отыр. Оның қуаты 2 гВ дейін сатып алып жатырмыз. Егер біз АЭС өз елімізде салатын болсақ, біз көрші мемлекеттерден сатып алмай, еліміздегі электр тұтынудың біраз бөлігін өзіміз жабатын едік. АЭС салу арқылы энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізе аламыз. Одан бөлек, АЭС құрылысына 8 мыңнан астам жұмыс күші жұмылдырылатын болады. Бұл жаңа жұмыс көздері, одан бөлек мультипликативті эффект береді. Станция салынатын өңірде кішігірім бизнестер дамиды. Жаңа жол торабы мен емхана, мектеп, балабақша сынды әлеуметтік нысандар да бірге салынады. Ал АЭС салынғаннан кейін  2 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар инфрақұрылымдар дамиды. Ең бастысы елімізде тұрақты электр көзі болады. Мысал күн мен жел электр станцияларын пайдалану 18 пайыз болса, АЭС энергиясын пайдалану 90 пайызды құрайды. Еліміздің АЭС салуға географиялық жағдайына келсек, бүгінде Балқаш жағалауындағы Үлкен ауылы таңдалып отыр. Бұл өлкеде ССР кезінде сарапшылардың айтуынша АЭС салынбақшы болған екен. Өңір сейсмикалық әрі геологиялық жағынан қолайлы деп танылған. Қазірдің өзінде біздің мемлекет сол өңірді таңдап отыр. Одан бөлек, ол өңір солтүстік пен оңтүстікті қосатын электр желілерінің торабы саналады. Бүгінде біздің мемлекетке 4 елдің реакторы ұсынылып отыр. Ол Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея мен Франция мемлекеттері. Бұлардың қауіпсіздігі өте  жоғары су реакторлары. Бұл мемлекеттердің реакторлары технологиясы жағынан алдыңғы қатарда. Мысал ретінде Оңтүстік Кореа мемелекетін алсақ болады. Жер көлемі бойынша ол мемелекет шамамен Алматы облысындай аумақты алып жатыр бірақ мемелекетте 26 реактор (АЭС) кәзіргі уақытта тағы 2 реактор (АЭС) салыну үстінде. Бұл энергия көздері елдің өнер кәсібін дамытуға үлкен үлес қосуда. Мысалға электроника жасау бағыттары, шикі зат өндеу бағыттары, авто көлік шығару бойынша әлемде алғашқы қатарда тұрғаны елге мәлім. Осы өнер кәсіп орындарының тұрақты жұмыс істеп тұруына тұрақты энергия көздері кепіл болды».

Abai.kz

От Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA


Вы пропустили

Ақмола облысында АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
1 желтоқсанда әлемде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Биылғы жылдың тақырыбы ЮНЭЙДС жариялаған «Дұрыс жолды — адам құқығы жолын таңдаңыз» ұранымен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарауға шақырады. Бұл туралы брифингте Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының бас дәрігері Құрманбек Бұрмағанов және осы орталықтың профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Балғын Сарбасова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Қараша айының басында аймақта АИТВ-мен өмір сүретін 1 080 адам тіркелген. 10 айда 109 жаңа жағдай анықталды, оның 80% — дан астамы қорғалмаған жыныстық қатынасқа байланысты. Науқастардың көпшілігі 30-49 жас аралығындағы адамдар.
«Жұмыстың басым бағыттары профилактиканың, диагностиканың және емдеудің қол жетімділігін арттыру болып қала береді. Он айда профилактикалық бағдарламамен 1200-ден астам адам қамтылды. Жоғары қауіпті аймақтағы адамдар үшін инфекция қаупін азайтуға мүмкіндік беретін байланысқа дейінгі профилактика сияқты заманауи әдістерге ерекше назар аударылады. Бүгінгі таңда бұл терапияны аймақта 120 — дан астам адам алады», — деді Құрманбек Бұрмағанов.
Айта кетейік, бір жыл ішінде Ақмола облысында мыңға жуық адам қамтылған 13 ақпараттық-білім беру кездесулері мен акциялар өтті, онда 275 азамат өздерінің АИТВ-мәртебесін білуге мүмкіндік алды.
«Бірлескен жұмыстың арқасында бүгінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдар балаларды асырап ала алады. Бірнеше жыл бұрын бұл мүмкін емес болған. Мұндай прецеденттер АИТВ-мен ауыратын адамдардың құқықтарын бұзатын нормаларды заңнамадан жоюға және қоғамда барлығына бақытты өмір сүру құқығын беретін толерантты ортаны қалыптастыруға ықпал етеді», – деп толықтырды Құрманбек Бұрмағанов.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында Ақмола облысында бірқатар акциялар мен іс-шаралар жоспарланған. Олардың ішінде-Көкшетау сауда-ойын-сауық орталықтарында, жоғары оқу орындарында және қоғамдық орындарда АИТВ-ға жедел тестілеу. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінде жастар арасында профилактикалық жұмысты күшейтуге бағытталған педагогтарға арналған облыстық семинар өтеді. Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында Ашық есік күні өткізілетін іс-шараларға ерекше назар аударылады. Келушілер 20 минут ішінде мамандардан кеңес алып, АИТВ-ға тестілеуден өте алады. АИТВ-ға қарсы күрес апталығы «Көкшетау» мәдениет үйінде аяқталады. Онда 600-ге жуық адам жиналады.
«Дәстүрлі кеңес беру форматынан басқа, бұл жұмыс мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүргізілетінін атап өткен жөн. Әлемдік тәжірибеде бұл тәсіл «web-аутрич» деп аталды. Бұл тәсілдің артықшылығы-адам барлық қажетті ақпаратты онлайн ала алады, содан кейін профилактикалық қызметтерді алу және түрлі зерттеулерден өту үшін біздің орталыққа жүгіне алады», — деп атап өтті профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Балғын Сарбасова.
Дәрігерлер алдын-алу шараларын сақтау қажеттілігін еске сала отырып, кездейсоқ байланыстардан аулақ болу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарау. ЖИТС-пен күресу-әркімнің жауапкершілігі екенін еске салды