Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов мәслихат депутаттарының форумында еліміз үшін атом энергетика саласының маңызы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Махамбетовтың сөзінше, әлемде атом энергетика саласы мұқият қадағаланып, жүйелі бақылауда болатындықтан, оның қауіпсіздігіне алаңдаудың қажеті жоқ.

Қазірдің өзінде әлемнің дамыған Финляндия, Оңтүстік Корея, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Қытай, Үндістан, Франция сияқты 7 ғана елдің өзінде 203 реактор орналасқан. Ал бір ғана АҚШ-тың өзінде 94 реактор қызмет жасап, 97 мың мегаватт электр қуатын беруде. Басқа мемлекеттер осы саланы дамытып жатқанда біз неге кенже қалуымыз керек?! Одан басқа іргелес Өзбекстанда АЭС небәрі 60-70 шақырым жердегі Жизақ өңірінде салынбақшы. Жан-жағымыздың барлығы АЭС, біз неге салмауымыз керек?, — деді Махамбетов.

Жас маман жыл өткен сайын елімізде электр энергиясының тапшылығы айқын сезіліп жатқанын айтады.

Мұны шешудің бір ғана жолы – жоғары технологиялық Атом энергетикасын дамыту. Ол үшін бізде АЭС-ке қажетті уранның қоры жеткілікті. Оған қоса, 2021 жылдан бастап дайын ядролық отын өндіретін зауытты іске қостық. Бұл шикізат емес, атом реакторларына тікелей орналасатын дайын отын. Сондықтан күні ертең өтетін жалпыұлттық референдумда біз дұрыс таңдау жасауымыз керек. Референдумның нәтижесі еліміздің ғылымына, энергетика мен экономикасының дамуына тікелей әсер етеді, — деді ол.

От Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA


Вы пропустили

Ақмола облысында АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
1 желтоқсанда әлемде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Биылғы жылдың тақырыбы ЮНЭЙДС жариялаған «Дұрыс жолды — адам құқығы жолын таңдаңыз» ұранымен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарауға шақырады. Бұл туралы брифингте Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының бас дәрігері Құрманбек Бұрмағанов және осы орталықтың профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Балғын Сарбасова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Қараша айының басында аймақта АИТВ-мен өмір сүретін 1 080 адам тіркелген. 10 айда 109 жаңа жағдай анықталды, оның 80% — дан астамы қорғалмаған жыныстық қатынасқа байланысты. Науқастардың көпшілігі 30-49 жас аралығындағы адамдар.
«Жұмыстың басым бағыттары профилактиканың, диагностиканың және емдеудің қол жетімділігін арттыру болып қала береді. Он айда профилактикалық бағдарламамен 1200-ден астам адам қамтылды. Жоғары қауіпті аймақтағы адамдар үшін инфекция қаупін азайтуға мүмкіндік беретін байланысқа дейінгі профилактика сияқты заманауи әдістерге ерекше назар аударылады. Бүгінгі таңда бұл терапияны аймақта 120 — дан астам адам алады», — деді Құрманбек Бұрмағанов.
Айта кетейік, бір жыл ішінде Ақмола облысында мыңға жуық адам қамтылған 13 ақпараттық-білім беру кездесулері мен акциялар өтті, онда 275 азамат өздерінің АИТВ-мәртебесін білуге мүмкіндік алды.
«Бірлескен жұмыстың арқасында бүгінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдар балаларды асырап ала алады. Бірнеше жыл бұрын бұл мүмкін емес болған. Мұндай прецеденттер АИТВ-мен ауыратын адамдардың құқықтарын бұзатын нормаларды заңнамадан жоюға және қоғамда барлығына бақытты өмір сүру құқығын беретін толерантты ортаны қалыптастыруға ықпал етеді», – деп толықтырды Құрманбек Бұрмағанов.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында Ақмола облысында бірқатар акциялар мен іс-шаралар жоспарланған. Олардың ішінде-Көкшетау сауда-ойын-сауық орталықтарында, жоғары оқу орындарында және қоғамдық орындарда АИТВ-ға жедел тестілеу. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінде жастар арасында профилактикалық жұмысты күшейтуге бағытталған педагогтарға арналған облыстық семинар өтеді. Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында Ашық есік күні өткізілетін іс-шараларға ерекше назар аударылады. Келушілер 20 минут ішінде мамандардан кеңес алып, АИТВ-ға тестілеуден өте алады. АИТВ-ға қарсы күрес апталығы «Көкшетау» мәдениет үйінде аяқталады. Онда 600-ге жуық адам жиналады.
«Дәстүрлі кеңес беру форматынан басқа, бұл жұмыс мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүргізілетінін атап өткен жөн. Әлемдік тәжірибеде бұл тәсіл «web-аутрич» деп аталды. Бұл тәсілдің артықшылығы-адам барлық қажетті ақпаратты онлайн ала алады, содан кейін профилактикалық қызметтерді алу және түрлі зерттеулерден өту үшін біздің орталыққа жүгіне алады», — деп атап өтті профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Балғын Сарбасова.
Дәрігерлер алдын-алу шараларын сақтау қажеттілігін еске сала отырып, кездейсоқ байланыстардан аулақ болу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарау. ЖИТС-пен күресу-әркімнің жауапкершілігі екенін еске салды