Кадрларды даярлауды тиімді жоспарлау, сондай-ақ жұмыспен қамту саласындағы ахуалды талдау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жобалардың Инновациялық навигаторын әзірледі.
 
 Бүгінде платформада 755 инвестициялық жоба қамтылып,
150 мың жұмыс орнын құру жоспарланған. Еңбекақы төлеу қорының мөлшері, жалақыны уақтылы төлеу, әлеуметтік аударымдар, жұмыс орындарының саны сияқты көрсеткіштер негізінде іске асырылып жатқан жобалардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыруға болады.

 Талдау әртүрлі аймақтардағы еңбек нарығының қажеттіліктері мен колледж студенттері (ТжКБ) түлектерінің арасындағы үлкен алшақтықты көрсетті. Ең үлкен айырмашылық құрылыс саласында және өнеркәсіпте байқалады. Сонымен қатар кадр тапшылығы өңірлер бойынша біркелкі емес екені анықталды.

Сондай-ақ жобалардың Инновациялық навигаторын Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграциялау аяқталды. Олардан деректер түскеннен кейін кадрларды даярлауды мемлекеттік бюджет есебінен іске асырылатын жобалармен үндестіру мүмкіндігі пайда болады.

 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз ету шеңберінде жұмысшы мамандықтар бойынша 1,6 мың кәсіби стандарт жаңартылды.
 Дайындық сапасын қамтамасыз ету үшін жұмысшы мамандықтар бойынша 1,6 мың кәсіптік стандарт жаңартылды. Олардың негізінде білім беру бағдарламаларының 87%-ы жаңартылды. Бұған қоса ЕО елдерінің стандартын қолдана отырып, 12 мыңнан астам дағдыны қамтитын Электрондық дағдылар банкі құрылды. Биыл тағы 100 кәсіптік стандарт әзірленіп, жаңартылатын болады.
 
 Бүгінгі таңда барлық жұмыс істейтін қазақстандықтардың жартысынан астамының (52%) кәсіптік немесе техникалық білімі бар екенін атап өту маңызды. Бұл 2,3 млн-ға жуық адам, олар 2 мыңнан астам жұмысшы мамандығы бойынша жұмыс істейді. Мұндай мамандарға деген сұраныстың жоғары екендігін бос жұмыс орындарының көптігі растайды – былтыр ол 270 мыңнан астам орынды құрады.

Анализировать рынок труда и эффективность подготовки кадров в Казахстане будут онлайн 
 
 С целью эффективного планирования подготовки кадров, а также анализа ситуации в сфере занятости Министерством труда и социальной защиты населения в рамках Года рабочих профессий разработан Инновационный навигатор проектов. 

 На сегодня платформой охвачено 755 инвестиционных инициатив с планом создания 150 тыс. рабочих мест. На основе таких показателей как размер фонда оплаты труда, своевременной выплаты заработной платы, социальных отчислений, количество рабочих мест можно осуществлять оценку эффективности реализуемых проектов.
 
 Анализ показал серьезный дисбаланс между потребностями рынка труда в различных регионах и реальным выпуском студентов колледжей (ТиПО). Наибольший разрыв наблюдается в строительной сфере и промышленности. Кроме того, наблюдаются неравномерное распределение дефицита кадров по регионам.
 
В тоже время, завершена интеграция Инновационного навигатора проектов с информационными системами Министерства финансов. После поступления от них данных, появится возможность синхронизировать подготовку кадров с проектами, реализуемыми за счет государственного бюджета.

 В рамках обеспечения экономики квалифицированными кадрами по поручению Главы государства, обновлено 1,6 тыс. профессиональных стандартов по рабочим профессиям. На их базе обновлено 87% образовательных программ. Кроме того, сформирован электронный Банк навыков, включающий более 12 тыс. навыков с применением стандарта стран ЕС. В текущем году будут разработаны и обновлены еще 100 профессиональных стандартов.

 Важно отметить, что на сегодня более половины всех работающих казахстанцев (52%) имеют профессиональное или техническое образование. Это около 2,3 млн человек, занятых по более чем 2 тыс. рабочих специальностей. Высокий спрос на таких специалистов подтверждается большим количеством вакансий – более 270 тыс. в прошлом году.

ТЕКСТ 6

От Redaktor

Похожие записи

Елімізде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі ұлғаяды  
 
 Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін «Жұмысшы мамандықтары жылын» өткізу шеңберінде 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі ұлғаятынын хабарлады.
 
 Оның айтуынша, қазіргі күні жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың қолданыстағы әдістемесіне сәйкес 1 студентті оқытуға бөлінетін қаражаттың орташа мөлшері 437 мың теңгені құраса, енді ол орта есеппен 912 мың теңгені құрайтын болады.
«Жаңа қаржыландыру нормативі негізгі және ынталандыру бөліктерінен тұрады, бұл ретте ынталандырушы төлемдер нақты көрсеткіштерге қол жеткізген колледждерге беріледі. Қаржыландырудың жаңа жүйесі бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға, білім беру ұйымдарын заманауи материал-техникалық құралдармен жабдықтауға және педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді», — деп түсіндірді Ғани Бейсебаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA

Вы пропустили