Целиноград ауданына қарасты Қоянды ауылында 2000 орындық жаңа мектеп ашылды. Жаңа білім беру мекемесінің жұмысымен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов танысып, оның инфрақұрылымы мен жабдықталуын бағалады.

 Қазіргі заманғы төрт қабатты ғимаратта 96 оқу кабинеті бар, олар интерактивті тақталармен, мультимедиялық құралдармен және жаратылыстану ғылымдарына арналған зертханалармен жабдықталған. Мектепте төрт спорт залы, акт залы, асхана және оқу залы бар кітапхана қарастырылған. Әр блокта оқушылардың жас ерекшеліктеріне бейімделген коворкинг аймақтары, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолайлы орта жасалған.

Мектеп аумағында спорт алаңдары, жүгіру жолақтары, футбол алаңы және бастауыш сынып оқушыларына арналған ойын алаңы салынған. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары мен қолжетімділікті бақылау жүйесі орнатылған.

Өңір басшысы мұндай білім беру нысандарының құрылысын балалардың білім сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

«Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын азайтуға және балалардың білім алуына тең жағдай жасауға бағытталған. Елорданың маңында орналасқан елді мекендерде осындай нысандардың салынуы астанадағы білім беру мекемелерінің жүктемесін азайтуға мүмкіндік берді. Білім беру инфрақұрылымын жақсарту – адами капиталды және ел болашағын дамыту жолындағы маңызды қадам», — деп атап өтті М.Ахметжанов.

«Ауылымызда жаңа мектеп ашылғанына өте қуаныштымын. Ұлым Райанды осында еш күмәнсіз ауыстырдым. Бұған дейін ол Астанада туыстарымыздың үйінде тұруға мәжбүр еді. Енді отбасымыз барлық мүшелері бірге тұрып жатырмыз, ал ұлым жақсы жағдайларда сапалы білім алуда», – деді Қоянды ауылының тұрғыны Ұлболсын Ибрагимова.

 Айта кетсек, Ақмола облысында Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жалпы сыйымдылығы 12 200 орын болатын 9 жайлы мектеп салынды. Оның жетеуі Целиноград ауданында, ал екеуі Көкшетау қаласында орналасқан.

Новая комфортная школа в с. Коянды стала самой большой в регионе

В селе Коянды Целиноградского района начала работу новая школа на 2000 мест. Новую школу посетил аким Акмолинской области Марат Ахметжанов, который ознакомился с ее инфраструктурой и оснащением.

Современное четырехэтажное здание включает 96 учебных кабинетов, оснащённых интерактивными досками, мультимедийным оборудованием и лабораториями для естественно-научных дисциплин. В школе оборудованы четыре спортивных зала, актовый зал, столовая и библиотека с читальным залом. В каждом блоке предусмотрены зоны коворкинга, адаптированные под возрастные группы учащихся, а также создана безбарьерная среда для детей с особыми образовательными потребностями.

На территории школы обустроены спортивные площадки, беговые дорожки, футбольное поле и игровая зона для младших классов. Для безопасности школьников установлены камеры видеонаблюдения и система контроля доступа.

Глава региона отметил, что создание таких образовательных учреждений является важным шагом в повышении качества образования детей.

«Проект «Комфортная школа», инициированный Президентом РК Касым-Жомартом Токаевым, направлен на устранение дефицита мест в учебных заведениях и обеспечение равных условий для получения качественного образования детьми по всей области. Строительство таких объектов в населённых пунктах, расположенных рядом со столицей, позволило разгрузить столичные объекты образования. Улучшение образовательной инфраструктуры – важный шаг к развитию человеческого капитала и будущего страны», – подчеркнул М. Ахметжанов.

«Очень рады, что в селе открылась новая школа. Без сомнений перевела сюда своего сына Раяна. До этого он вынужден был жить в Астане у родственников. Теперь наша семья вместе, а сын получает качественное образование в хороших условиях», – поделилась жительница с. Коянды Улболсын Ибрагимова.

К слову, Акмолинская область – регион, где в рамках реализации поручения Главы государства построены все 9 комфортных школ общей вместимостью 12 200 мест.  Из них 7 школ в Целиноградском районе и 2 школы в Кокшетау.

От Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA