Көкшетауда дәстүрлі қайырымдылық пен достық форумы өтті. Бұл шараны «Biz Birgemiz! – Біз біргеміз!» қоры ұйымдастырып, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге дайын жанашырларды бір ортаға біріктірді.
«Biz Birgemiz!» қоры бірнеше жыл бойы ерекше балаларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және жалғызбасты қарттарға қолдау көрсетіп келеді. Қордың негізгі бағыттарының бірі – жастарды еріктілікке баулу. Себебі өскелең ұрпақ мейірімділік пен жанашырлық дәстүрін жалғастыруы керек.
Қайырымдылық пен Достық форумы – жай ғана кездесу емес, ол жүректерге жылу сыйлайтын ерекше шара. Бір дастархан басына мүмкіндігі шектеулі балалар, «Бірлік» және «Шанс» қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ ерекше балалардың аналары жиналды. Сонымен қатар, форумға қайырымдылық жасаушылар, волонтерлер және қордың әлеуметтік жобаларына белсенді атсалысып жүрген колледж студенттері қатысты.
Бұл форум 2015 жылдан бері өткізіліп келеді және жыл сайын дәстүрге айналып, жаңа игі істерге шабыт береді. Іс-шара аясында қайырымдылық саласында ерекше үлес қосқан жандар марапатталды. Ең белсенді волонтерлер мен меценаттарға қор тағайындаған «Алтын жүрек Көкше» мүсіні мен дипломы табысталды.
Форумның ерекше сәттерінің бірі – «Жыл адамы» марапатын табыстау болды. Бұл құрметке паралимпиадашы Еркін Ғаппасов ие болды. Оның қайсарлығы, өмірге деген құлшынысы мен табандылығы көпке үлгі.
Форумның салтанатты бөлігімен қатар, қонақтар үшін концерттер, ойын-сауық бағдарламалары және жылы жүздесулер ұйымдастырылды. «Biz Birgemiz!» қоры материалдық қолдаумен қатар, ерекше балалар мен жандардың толыққанды өмір сүруіне жағдай жасауға ұмтылады. Осы мақсатта табиғатқа шығу, сауықтыру бағдарламалары және түрлі мәдени іс-шаралар өткізіледі.
«Біздің қор – бұл жақсылық көпірі, мұқтаж жандар мен көмектескісі келетін адамдарды байланыстыратын алаң. Біз мейірімділік пен достық адамдардың өмірін өзгерте алады деп сенеміз», – дейді ұйымдастырушылар.
Форум аяқталды, алайда оның мәні мен маңызы ұмытылған жоқ. «Biz Birgemiz!» қоры барлық жанашыр жандарды игі істерге атсалысуға және қайырымдылықты өмір салтына айналдыруға шақырады.
Форум добра и дружбы прошел в Кокшетау: объединяя сердца и судьбы
В Кокшетау состоялся традиционный Форум Добра и Дружбы, организованный благотворительным фондом «Biz Birgemiz! – Мы вместе!». Это мероприятие стало знаковым событием, объединившим под одной крышей тех, кто нуждается в поддержке, и тех, кто готов помогать.
Фонд «Biz Birgemiz!» уже много лет занимается благотворительной деятельностью, оказывая помощь особенным детям, людям с инвалидностью и одиноким пожилым людям. Одним из важнейших направлений работы является развитие волонтерского движения среди молодежи, ведь именно подрастающее поколение должно перенять традиции милосердия и доброты.
Форум Добра и Дружбы – это не просто встреча, а настоящий праздник душевного тепла. За одним дастарханом собрались дети с особенностями развития, представители общественных объединений «Бірлік» и «Шанс», мамы, которые обращаются в фонд за поддержкой и помощью в реабилитации их детей. Также среди гостей были благотворители, волонтеры и студенты колледжей, которые активно участвуют в социальных проектах фонда.
Форум проводится с 2015 года и уже стал доброй традицией. Каждый раз он не только объединяет людей, но и вдохновляет на новые добрые дела. В рамках мероприятия состоялось торжественное награждение людей, внесших значительный вклад в развитие благотворительности. Особой награды – статуэтки и диплома «Алтын жүрек Көкше», учрежденного фондом, были удостоены самые активные волонтеры и меценаты.
Одним из ярких моментов форума стало вручение награды «Человек года», которой был отмечен известный паралимпиец Еркін Гаппасов. Его сила духа, целеустремленность и жизнелюбие стали примером для многих.
Помимо торжественной части, участников форума ожидала насыщенная программа: концерты, развлекательные мероприятия и дружеское общение. Фонд «Biz Birgemiz!» не только оказывает материальную поддержку, но и стремится создать для особенных детей и взрослых возможности для полноценной жизни, организуя поездки на природу, реабилитационные программы и различные досуговые мероприятия.
«Наш фонд – это своего рода мост добра, соединяющий тех, кто хочет помочь, и тех, кто нуждается в поддержке. Мы верим, что милосердие и дружба способны менять судьбы», – отмечают организаторы.
Форум завершился, но его идеи продолжают жить. Фонд «Biz Birgemiz!» приглашает всех неравнодушных присоединиться к добрым делам и стать частью большого сообщества людей, для которых помощь ближнему – это не просто слова, а образ жизни.