Ақмола облысында мемлекеттік қаржының тиімді игерілуі қатаң бақылауда
Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2024 жылы мемлекеттік қаржының тиімді игерілуін қамтамасыз ету, бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуын болдырмау және мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі заң бұзушылықтарды анықтау бойынша ауқымды жұмыс атқарды. Бұл туралы брифингте Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының м.а. Шарап Сәдуақасов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Өткен жылы Департамент 84 аудиторлық іс-шара өткізіп, соның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 14,7 млрд теңгеге жуық заң бұзушылық анықталды. Олардың қатарында қаржылық, рәсімдік сипаттағы және мемлекеттік сатып алу заңнамасына қатысты бұзушылықтар бар. Аудиторлық тексерулер барысында бюджет қаражатының кейбір мердігерлер мен жеткізушілерге негізсіз аударылғаны анықталды. Сонымен қатар, бухгалтерлік есепті жүргізуде жіберілген қателіктер мен еңбекақы төлемдеріндегі сәйкессіздіктер де назарға алынды.
«Мемлекеттік сатып алу жүйесінің ашықтығын арттыру мақсатында Департамент 631 млрд теңге сомасындағы 30 350 мемлекеттік сатып алу келісімін бақылауға алып, олардың заңдылығы бойынша тиісті жұмыстар жүргізді», — деді спикер.
Аудит нәтижелері мемлекеттік сатып алу процестерінде жаңа технологияларды енгізу мен автоматтандырудың оң әсерін көрсетіп отыр. Бұл өз кезегінде бюджет қаражатын тиімді пайдалануға, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы адал бәсекелестікті нығайтуға мүмкіндік беріп келеді.
Мемлекеттік сатып алу жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа заңнамалық өзгерістер күшіне енеді. Жаңа заң сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдетуге, құрылыс нарығын монополиясыздандыруға, сатып алу процестерін автоматтандыруға, жеткізушілердің жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.
Шарап Сәдуақасовтың айтуынша, бұл өзгерістер мемлекеттік қаржының ашықтығын арттырып, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына мүмкіндік береді.
Мәселен, Зеренді ауылындағы спорт мектебінің құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алу 8 жұмыс күнінде жүзеге асырылып, жеңімпаз ретінде «УК Строй» ЖШС анықталды. Бұл мемлекеттік сатып алу процестерін оңтайландыру мен жылдамдатудың нақты мысалы болып табылады.
Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2024 жылы қаржылық тәртіпті күшейтуге және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды жұмыстар атқарды. Мемлекеттік сатып алу жүйесінің жетілдірілуі, заң бұзушылықтардың алдын алу және қаржылық есептіліктің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жүргізілген шаралар өңірдегі қаржы тәртібін нығайтуға өз үлесін қосты.
«2025 жылы енгізілетін жаңа заңнамалық өзгерістер мемлекеттік қаржының ашықтығы мен тиімділігін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді. Департамент алдағы уақытта да қаржылық тәртіпті нығайту мен мемлекеттік қаржы жүйесін жетілдіру жұмыстарын жалғастыра бермек», — деп түйіндеді Шарап Сәдуақасов.

От Redaktor Фев 28, 2025

Акмолинская область готовится к пожароопасному сезону: авиация на страже лесов
В Акмолинской области подвели итоги пожароопасного периода 2024 года и обсудили планы на предстоящий сезон. Представители лесной охраны и авиационной службы заявили, что прошлый год оказался относительно благополучным: зарегистрировано всего пять лесных пожаров, ущерб составил 215,7 тысяч тенге. Среди названных спикерами причин: грозовые разряды, человеческий фактор и неустановленные обстоятельства. Подробнее в материале Региональной службы коммуникаций.
Командир Северного звена Акмолинской области Николай Лесной сообщил, что на территории региона действует три авиационных отделения, охватывающих 680 тысяч гектар лесного фонда.
«В нашем распоряжении 14 вертолетов 2-4 класса, четыре самолета и два вертолета первого класса. За 2024 год налет авиации составил 917 часов, что позволило оперативно выявлять и ликвидировать очаги пожаров», — отметил спикер.
Авиационная охрана лесов продолжит активную работу и в 2025 году. Уже проведена подготовка персонала: авиапожарные прошли теоретическое и практическое обучение, укомплектованы средствами индивидуальной защиты и необходимым оборудованием. В этом году закуплены новые мотопомпы, бензопилы, ранцевые огнетушители, резервуары для воды и воздуходувки. Также парк спецтехники пополнился автомобилями «Газель-Соболь» и «Нива».
По данным Акмолинской областной территориальной инспекции лесного хозяйства и животного мира, в регионе функционирует 23 государственных лесовладений, включая три национальных природных парка: «Бурабай», «Кокшетау» и «Буйратау». Лесистость области составляет 2,6 %, при этом хвойные породы занимают более 50 % площади.
В рамках подготовки к пожароопасному сезону на территории области установлены системы раннего обнаружения лесных пожаров. Видеонаблюдение с тепловизорами позволяет фиксировать очаги возгораний на ранних стадиях, а беспилотные летательные аппараты используются для мониторинга ситуации и выявления нарушителей.
«Мы продолжаем усиленные проверки готовности лесовладельцев к пожароопасному сезону. На март запланированы инспекции совместно с МЧС Казахстана, чтобы оценить состояние пожарной техники и соблюдение норм безопасности. Кроме того, будут проведены обучающие курсы для специалистов лесной охраны, где они получат новые знания и практические навыки по тушению пожаров», — подчеркнул руководитель инспекции Арман Турымбаев.
Ситуация с пожарами в 2024 году показала эффективность взаимодействия авиационной и наземной служб. Однако специалисты напоминают, что значительное число возгораний происходит по вине человека. В прошлом году за нарушение правил пожарной безопасности к административной ответственности привлекли 44 физических и должностных лиц, сумма штрафов составила более 3,1 млн тенге.
В этом году в регионе продолжится развитие авиационного патрулирования, расширение систем мониторинга и усиление контроля за соблюдением норм пожарной безопасности. Специалисты уверены: своевременная профилактика и оперативное реаги

От Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA