19 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депуттарының кезектен тыс сайлауының жаңа форматы Қазақстандағы саяси жүйенің демократиялануының көрсеткіші саналады. Мұндай пікірді саясаттанушылар мен сарапшылар білдіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Парламент саяси құрылым тұрғысынан алуан түрлі болады

Қазақстандық саясаттанушы Эдуард Полетаев биыл сайлау мажоритарлы-пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша өтетінін айтады.

«Мұны саяси жүйені демократияландырудың, оны жаңғыртудың көрсеткіші деуге болады. Бұл қазақстандық саясат үшін, оның көппартиялы болуы үшін тұрақтандыратын фактор. Саяси құрылым тұрғысынан Парламент алуан түрлі болуы мүмкін. Оған қоса, бұл алдағы сайлаудың маңызды интригасы, яғни басым партия мен қалған екі партия сол және оң қанатты тұрақтандырғыш рөлін атқарып келді. Енді бұл партиялық ландшафт Парламентте қалай көрініс табатынын болжау қиын», — деді Эдуард Полетаев.

Біріншіден, ол Парламент депутаттарының саны 107-ден 98-ге дейін қысқаратынын, екіншіден, бір мандатты адамдар пайда болатынын, яғни бір мандатты округтер бойынша 29 адам сайланатынын еске салды. Партиялар үшін сайлау шегі 7-ден 5% дейін төмендеді, 30% — жастар, әйелдер, мүгедектігі бар жандар болуы керек деген талап бар.

«Нәтижесінде сайлауға көбірек партия қатыса алады, мәслихаттардың рөлі арта бастайды, 3 мыңнан астам адам сайланады, ал мәслихаттар партиялық тізім бойынша – 50%, округтер бойынша – 50%, аудандар деңгейінде – 100% өзін-өзі ұсынушылар қағидатымен сайланады. Бұл да мәслихаттардың ықпалын арттырады және бәсекені күшейтеді. Яғни, өзін-өзі ұсынғандар есебінен сайлау қызықты өтуі мүмкін», — деп толықтырды саясаттанушы.

Оның пікірінше, сайлаудың жаңа форматы сайлаушылардың көптеп келуіне ықпал етеді. Билік тарапынан да сайлаушыларды дауыс беруге тарту жұмыстары белсенді бола түсті.

«Билік бұл науқанның еш кедергісіз өтуіне, техникалық жарақтануына, сайлаушыларға қолайлы жағдай жасауға тырысады. Жасыратыны жоқ, сайлаушыға бірден 4-5 бюллетень беріледі, олардың шатаспауы өте маңызды. Сондықтан ұйымдастырушылық дайындыққа баса мән беріледі», — деп қорытындылады саясаттанушы.

Алдағы сайлауда көшбасшылық кімге бұйырады

Ал саясаттанушы Данияр Әшімбаев алдағы Мәжіліс сайлауында қай партияның бәсі жоғары болатынына болжам жасауға тырысты.

«Алдағы сайлауға қатысты қазір қандай да бір болжам айту қиын. Бұрынғы брендпен және бұрынғы басшылықпен сайлауға тек «Ақ жол» партиясы ғана барады. Ал AMANAT партиясы осыған дейінгі сайлауда «Нұр Отан» деп аталғаны белгілі. Оның атауы, басшылығы, активі өзгерді. «Қазақстан халық партиясы» да басшылығын ауыстырды, сондай-ақ ондағы кикілжің партияның беделіне нұқсан келтірді деп санаймын. Сонымен қатар, сайлау қарсаңында құрылған екі жаңа партия пайда болды. Дәл қазір олардың сайлау алдындағы стратегиясы қандай болатынын, қандай активке ие болатынын бағалау қиындау», — деді Данияр Әшімбаев.

Оның пікірінше, тәжірибесі мен ресурстық базасын ескерсек, AMANAT партиясы жеңіске жетуі мүмкін. Партияның ілгерілеуіне көптеп жұмылдырылған белсенділер, Мәжілісте жұмыс істеген фракция, сондай-ақ көпшілікке танымал басшылығы өз әсерін тигізеді.

«Екінші орынға «Ақ жол» партиясы шығады деп ойлаймын. Өйткені, олардың бағыты белгілі және ел арасында танымал болып тұр. «Қазақстан халық партиясына» қатысты нақты айту қиындау. Партиялық тізімі де айтарлықтай оптимизммен қарайтын деңгейде емес. Бұған дейін Парламент депутаттарын сайлауда «Ауыл» партиясында елеулі жетістік болмаған еді. Ал партия атынан ұсынылған жаңа тізімді осыған дейін президенттік сайлау науқанындағы екі экс-кандидаттар – Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден бастап отыр. Олар былтыр күздегі сайлау кезінде сайлаушылар арасында біраз танылған адамдар. Атап айтқанда, «Ауыл» партиясы өзінің көрсеткіштерін жақсарта алады, бірақ қаншалықты ілгерілейтінін айту қиын», — деді саясаттанушы.

Оның сөзіне қарағанда, жаңадан құрылған Respublica және BAYTAQ партиялары кандидаттарының тізімдерінде танымал адамдар болғанымен, айтарлықтай әсер қалдырмай тұр.

Сонымен, саясаттанушы сайлауда алдыңғы қатардан көрінетін партияларды тізіп берді. Олардың арасында AMANAT, «Ақ жол», «Ауыл», «Қазақстан халық партиясы» және «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» бар.

Сайлауда бәсекелестік жоғары болады

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Стратегиялық талдау бөлімінің басшысы Ермек Тоқтаров алда өтетін Мәжіліс пен маслихат сайлауының ерекшеліктеріне тоқталып, Қазақстанда жүріп жатқан ірі реформалар саяси доданың тәртіптері мен оның өту процесіне өзгеріс әкелгенін айтады.

«2021 жылы парламенттік сайлау карантин жағдайында өтті. Бірақ бұл сайлау конституциялық мерзімде өтті. Алдағы сайлау саяси жүйенің жаңа ережелер бойынша мүмкіндігінше шұғыл жүзеге асыру үшін мерзімінен бұрын болады. Саяси реформалар сайлау өтетін жағдайларды айтарлықтай өзгертті. Мысалы, саяси партиялар Мәжіліске өту үшін сайлаушылардың 5 пайыз дауыстарын жинау керек. Бұл партияларға жеңілдік болып көрінеді. Бірақ жаңа партиялар пайда болды, ал кейбір партиялар ребрендингтен өтіп, оларға жаңа көшбасшылар келді. Бұл сайлаудың ең маңызды ерекшелігі — мажоритарлық жүйе бойынша депутаттардың бір бөлігін сайлау. Олар тек партия мүшелері ғана емес, сонымен қатар ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ өзін-өзі ұсынып, сайлауға шыға алады. Мұндай жүйе бұрын болған, бірақ 2021 жылғы сайлауда барлық мәслихаттар партиялық тізімдер бойынша құрылды. Негізінде біз аралас сайлау жүйесіне қайта оралдық», — деді Ермек Тоқтаров.

Оның сөзінше, сайлауда өзін-өзі ұсынған кандидаттарға дауыс беру халықтың саяси процестерге тікелей араласуына, олардың маңызды шешімдер қабылдауда өзіндік үн қосуына ықпал етпек. Яғни, бір мандатты округтер бойынша сайланған депутат азаматтардың мүддесін мінберде көтеруге мүмкіндік алады.

«Өзін-өзі ұсынған үміткерлер депутат болып сайланған жағдайда қоғамдық саясаттың маңызды қатысушылары болады. Олар округтен келген өз сайлаушыларының мүдделерін қорғауға міндетті. Бұл депутаттар азаматтар жағынан мұқият қадағаланады, өйткені олардың мандатын қайтаруға мүмкіндік бар. Жергілікті тұрғындар үшін бұл өз мүдделерін Мәжіліс деңгейінде де, мәслихаттар деңгейінде де қорғауға үлкен мүмкіндік. Мұндай жағдай азаматтарды қызықтырады және олардың саяси қатысуының тиімділігін арттырады деп сенемін», — дейді сарапшы.

Естеріңізге сала ктесек, Мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлау 19 наурызда өтеді. Сонымен қатар дәл осы күнге жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау да жоспарланған. Сайлауға елімізде тіркелген барлық 7 саяси партия қатысады.

Новый формат выборов-2023: обзор мнений за неделю

Новый формат внеочередных выборов депутатов Мажилиса Парламента и маслихатов всех уровней является показателем демократизации политической системы в Казахстане. Что об этом говорят политологи и эксперты, читайте в обзорном материале аналитического обозревателя МИА «Казинформ».

Парламент станет разнообразным в плане политической структуризации

Казахстанский политолог Эдуард Полетаев отмечает, что в этом году выборы будут проходить по системе мажоритарно-пропорционального представительства.

«А это и есть показатель демократизации политической системы, ее модернизации. Это стабилизирующий фактор для казахстанской политики, для ее многопартийности. Возможно, что Парламент будет более разнообразен в плане политической структуризации. Это также важная интрига этих выборов, то есть была доминирующая партия и остальные две партии, которые играли роль стабилизатора левого и правого крыла. Как сейчас этот партийный ландшафт будет отражен в Парламенте – уже менее предсказуемое явление», — пояснил эксперт.

Политолог считает, что новый формат выборов поспособствует явке избирателей.

«Власти будут стараться, чтобы кампания прошла четко, без сбоев, чтоб техническое оснащение имело высокий уровень, чтобы у избирателей были комфортные условия. Не секрет, что где-то 4-5 бюллетеней будут выданы на руки, здесь очень важно, чтобы избиратели не запутались. Поэтому организационная подготовка очень важна», — сказал Эдуард Полетаев.

Кто будет лидировать на предстоящих выборах

Политолог Данияр Ашимбаев дал прогноз по предстоящим выборам в Мажилис Парламента РК

«Прогноз по предстоящим выборам в Мажилис, на данный момент, дать сложно. Под прежним брендом и с прежним руководством идет на выборы только партия «Ак жол». Партия AMANAT на прежних выборах называлась «Нур Отан», у нее сменились название, руководство и актив. Народная партия Казахстана сменила руководство, серия скандалов сильно ударила по репутации партии. Плюс появились две новые партии, которые были созданы, буквально, в канун выборов. Пока еще сложно оценить, какая у них будет предвыборная стратегия, какой будет актив. Опубликованные ими списки кандидатов, я бы сказал, слишком эклектичны», – сказал Данияр Ашимбаев.

Эксперт отметил, что, по его мнению, с учетом опыта, организованности, ресурсной базы, наиболее вероятной представляется победа партии AMANAT. На второе место, по мнению политолога, претендует партия «Ак жол», поскольку она последовательна, а также имеет узнаваемый актив. Также среди лидеров Данияр Ашимбаев назвал партию «Ауыл», Народную партию Казахстана и Общенациональную социал-демократическую партию.

Конкурентность на выборах будет высокой

Руководитель отдела политических исследований КИСИ при Президенте РК Ермек Токтаров считает, что участие новых партий и самовыдвиженцев обеспечит высокую конкурентность на выборах.

«Предстоящие выборы являются внеочередными, и состоятся уже в ближайшее время для реализации новых правил политической системы. Политические реформы значительно изменили условия проведения выборов. Например, политические партии должны набрать 5% голосов избирателей, чтобы пройти в Мажилис. Это кажется некой скидкой для партий. Однако появились новые партии, некоторые партии провели ребрендинг, появились новые руководители», — отметил эксперт КИСИ.

По его словам, отличительная особенность предстоящих выборов – избрание ряда депутатов по мажоритарной системе. Могут выдвигаться не только члены партий, но и представители организаций, также могут избираться путем самовыдвижения.

«Участие новых партий и самовыдвиженцев обеспечит высокую конкурентность на выборах. Будет конкуренция между различными проектами и идеями. Партии и самовыдвиженцы будут бороться за голоса избирателей. Они будут предлагать пути решения насущных проблем. Это и станет предвыборной основной активностью», — сказал Ермек Токтаров.

Досрочные выборы депутатов Мажилиса в Казахстане состоятся 19 марта. На эту же дату запланированы выборы депутатов маслихатов. Все 7 зарегистрированных политический партий страны допущены к участию в выборах.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA