Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Мәжіліс депутаттығына кандидаттарының партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 19 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынды. Бұл тізімде 6 кандидат бар: әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар. Олар кандидаттардың жалпы санының 31,6 пайызын құрайды. Белгіленген квота сақталған. Орталық сайлау комиссиясы өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Партиялық тізімге енгізілген барлық адам Конституцияның және «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді», – деді ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова.
Оның атап өтуінше, ЖСДП Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауына қатысқан жоқ.
«Сондықтан «Сайлау туралы» заңның 88-бабына партия тізімін тіркеу үшін ОСК шотына сайлау жарнасын енгізуі тиіс. Жарна сомасы партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерін құрайды. ЖСДП сайлау жарнасын толық көлемде төледі», – деді ол.
Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігінен Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың ҚР Конституциясында және «Сайлау туралы» Конституциялық заңда оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы, ЖСДП-ның партиялық тізімін тіркеу туралы хаттамаларға қол қойды.
ЖСДП атынан Мәжіліске партиялық тізім бойынша ұсынылатын үміткерлердің толық тізімі мына жерде.
ЦИК зарегистрировала кандидатов на выборы от ОСДП
Центральная избирательная комиссия (ЦИК) зарегистрировала партийный список Общенациональной социал-демократической партии на внеочередные выборы депутатов Мажилиса Парламента РК, передает корреспондент МИА «Казинформ».
«Поздравляю руководство политической партии с регистрацией партийного списка, выдвинутого на выборы в Мажилис Парламента от Общенациональной социал-демократической партии, а также ее членов. Поручаю аппарату Центральной избирательной комиссии направить сведения о регистрации списка ОСДП в Народный сберегательный банк Казахстана», – сказал председатель ЦИК Нурлан Абдиров.
По информации члена ЦИК Анастасии Щегорцовой, в партийном списке ОСДП 19 человек, 6 кандидатов – женщины, молодежь и лица с инвалидностью, что составляет в совокупности 31,6%. Установленная квота соблюдена. Центральная избирательная комиссия совместно с уполномоченными госорганами осуществила проверку кандидатов на соответствии требованиям Конституции и конституционного Закона «О выборах».
Документы от Общенациональной социал-демократической партии поступили в ЦИК 6 февраля. Список кандидатов опубликован на внеочередном съезде ОСДП 2 февраля.
Все семь зарегистрированных в стране политических партий допущены к участию в выборах. Выдвинуто 283 кандидата в депутаты Мажилиса по партийным спискам, 609 – по мажоритарной системе. Среди кандидатов в депутаты маслихатов всех уровней насчитывается 119 партийных списков (1 471 человек), по мажоритарной системе – 11 844 кандидата.
Внеочередные выборы депутатов Мажилиса в Казахстане состоятся 19 марта. На эту же дату запланированы выборы депутатов маслихатов.