14 ақпанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Орталық сайлау комиссиясының ағымдағы сайлау науқаны шеңберінде екі отырысы өтті.

Отырыстарда 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы және «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестіктерінің партиялық тізімдерін тіркеу мәселелері қаралды.

Отырыстарға облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері (бейнеконференция режимінде), Бас прокуратураның, әділет, ішкі істер, қаржы министрліктерінің, сондай ақ аталған саяси партиялардың өкілдері қатысты.

Отырыстарға бұқаралық ақпарат құралдары және ЕҚЫҰ ДИАҚБ сайлауды байқау Миссиясының өкілдері шақырылды. Отырыстардың трансляциялары сурдоаударманы қамтамасыз ете отырып, интернет-ресурс және Youtube арқылы өтті.

Отырыстарды аша отырып, Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясы кандидаттардың Конституциямен және Сайлау туралы Конституциялық заңмен қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау бойынша тиісті рәсімдер жүргізгенін хабарлады.

Ортсайлауком өз құзыреті шеңберінде Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында саяси партиялар ұсынған партиялық тізімді тіркеуді жүзеге асырады.

Бірінші отырыстың күн тәртібі бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов баяндама жасады.

Ол «Ауыл» партиясының партиялық тізімінде 25 адам бар екенін хабарлады. Тізімдегі 10 адам – әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар, бұл жалпы енгізілгендердің 40 процентін құрайды.

Партиялық тізімге енгізілген барлық адамдар Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді.

Партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясының шотына партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін ең төменгі жалақының он бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді.

2021 жылғы қаңтарда өткен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында «Ауыл» партиясы сайлаушылардың 5,29 процентін жинаған болатын, осыған байланысты ол сайлау жарнасын төлеуден босатылады.

Екінші отырыстың күн тәртібі бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина сөз сөйледі.

Ол «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының» партиялық тізіміне 18 адам енгізілгенін хабарлады. 7 адам – үш санаттың өкілдері: әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар, бұл жиынтығында 38,9 процентті құрайды.

«Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» партиялық тізімдегі 18 адам үшін 18 900 000 теңге сомасында сайлау жарнасын енгізді.

Кандидаттардың сәйкестігін белгілеу және партиялық тізімді тіркеу туралы тиісті хаттамаларға қол қойылғаннан кейін ОСК мүшелері мынадай қаулыларды қабылдады:

– «2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы»;

– «2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында

«Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» Қоғамдық Бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы».

Енді екі партия да сайлау қорын қалыптастыру үшін арнайы уақытша шот ашуға құқылы. Барлық тіркелген кандидаттар тиісті куәліктерді алды.

Отырыс қорытындылары бойынша саяси партиялардың өкілдері дәстүрлі брифингтер барысында бұқаралық ақпарат құралдарының сұрақтарына жауап берді.

О регистрации партийных списков партий

14 февраля под председательством Нурлана Абдирова прошло два заседания Центральной избирательной комиссии в рамках текущей избирательной кампании.

На заседаниях рассмотрены вопросы регистрации партийных списков общественных объединений «Народно-демократическая патриотическая партия «Ауыл» и «Казахстанская партия зеленых «Байтақ» на внеочередных выборах депутатов Мажилиса Парламента Республики Казахстан, назначенных на 19 марта 2023 года.

На заседаниях участвовали председатели и члены территориальных избирательных комиссий областей, городов Астаны, Алматы и Шымкента (в режиме видеоконференции), ответственные должностные лица Генеральной прокуратуры, министерств юстиции, внутренних дел, финансов, а также представители упомянутых политических партий.

На заседания были приглашены представители политических партий, Миссии БДИПЧ ОБСЕ по наблюдению за выборами и средств массовой информации. Трансляции заседаний проходили через Интернет-ресурс и Youtube, с обеспечением сурдоперевода.

Открывая заседания Нурлан Абдиров сообщил, что Центральной избирательной комиссией проведены соответствующие процедуры по определению соответствия кандидатов требованиям, предъявляемым Конституцией и Конституционным законом о выборах.

Центризбирком в рамках своей компетенции осуществляет регистрацию партийных списков, выдвинутых политическими партиями на внеочередных выборах депутатов Мажилиса Парламента.

С докладом по повестке дня первого заседания выступил член Центральной избирательной комиссии Асылбек Смагулов.

Он сообщил, что в партийном списке партии «Ауыл» 25 человек. 10 человек в списке – женщины, молодежь и лица с инвалидностью, что в совокупности составляет 40 процентов от общего числа включенных.

Все включенные в партийный список лица соответствуют требованиям Конституции и Конституционного закона о выборах.

Политические партии, выдвинувшие партийные списки, вносят избирательный взнос на счет Центральной избирательной комиссии в пятнадцатикратном размере минимальной заработной платы за каждое лицо, включенное в партийный список.

На выборах депутатов Мажилиса Парламента, состоявшихся в январе 2021 года, партия «Ауыл» набрала 5,29 процента голосов избирателей, в связи с этим она от уплаты избирательного взноса освобождается.

По повестке дня второго заседания выступила член Центральной избирательной комиссии Сабила Мустафина.

Она проинформировала, что в партийный список Казахстанской партии зеленых «Байтақ» включены 18 человек. 7 человек – это представители трех категорий: женщин, молодежи и лиц с инвалидностью, что в совокупности составляет 38,9 процентов.

Казахстанская партия зеленых «Байтақ» внесла избирательный взнос в сумме 18 900 000 тенге за 18 человек, включенных в партийный список.

После подписания соответствующих протоколов об установлении соответствия кандидатов и регистрации партийных списков, членами ЦИК было приняты следующие постановления:

– «О регистрации партийного списка Общественного объединения «Народно-демократическая патриотическая партия «Ауыл» на внеочередных выборах депутатов Мажилиса Парламента Республики Казахстан, назначенных на 19 марта 2023 года»;

– «О регистрации партийного списка Общественного объединения «Казахстанская партия зеленых «Байтақ» на внеочередных выборах депутатов Мажилиса Парламента Республики Казахстан, назначенных на 19 марта 2023 года.

Теперь обе партии вправе открыть специальный временный счет для формирования избирательного фонда. Все зарегистрированные кандидаты получили соответствующие удостоверения.

По итогам заседаний представители политических партий ответили на вопросы средств массовой информации в ходе традиционных брифингов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA


Вы пропустили

Выставки декоративно-прикладного искусства организовали на участках Аршалынского района

Выставки декоративно-прикладного искусства организовали на участках Аршалынского района