Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» демократиялық партиясының Мәжіліс сайлауына ұсынған партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық патиясы 54 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынды.
Бұл тізімге 33,3 пайыз көлемінде әйел, жастар санатына жататын және мүгедектігі бар 18 адам енгізілген.
«Орталық сайлау комиссиясы өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Партиялық тізімге енгізілген барлық адам Конституцияның және «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді», – деді ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов.
Орталық сайлау комиссиясының мүшелері ұсынылған тізімді тіркеу туралы шешім қабылдады.
Сондай-ақ, бүгін ОСК ЖСДП-ның партиялық тізімін тіркеді.
«Ақ жол» демократиялық партиясынан Мәжіліс депутаттығына партиялық тізім бойынша ұсынылатын үміткерлердің толық тізімімына жерде.
Партия «Ак жол» зарегистрировала партийный список в ЦИК
Демократическая партия Казахстана «Ак жол» зарегистрировала партийный список в Центральной избирательной комиссии, передает корреспондент МИА «Казинформ».
«Демократическая партия Казахстана «Ак жол» представила партийный список из 54 человек. В этот список включены 18 человек, относящихся к категории женщин, молодежи и имеющих инвалидность, что составляет 33,3 процента от общего числа включенных», – сказал член ЦИК Асылбек Смагулов.
Он отметил, что Центральная избирательная комиссия совместно с уполномоченными государственными органами провела проверку соответствия лиц, включенных в партийный список для избрания депутатами Мажилиса, требованиям Конституции и конституционного закона «о выборах».
«Все лица, включенные в партийный список, соответствуют требованиям Конституции и конституционного закона «О выборах», – добавил представитель ЦИК.