Британ парламентіндегі Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі жалпыпартиялық қауымның депутаты Дэниел Кавчински Қазақстанда 19 наурызда өтетін Мәжіліс сайлауына бақылаушы ретінде ұсынылды. Парламент мүшесі Астанаға алдағы сапарының жоспары мен одан не күтетіні жайлы баяндап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлыбритания парламентінде Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі Жалпыпартиялық парламенттік топ парламентаралық диалогты дамыту мақсатында 2015 жылдың күзінде құрылған.

Топ өкілдерінің құзыретіне сыртқы саясат, қорғаныс, барлау және қауіпсіздік, қару-жарақ экспортын бақылау, экономика, сауда, ғылым және білім беру мәселелері кіреді.

«Біз Қазақстан сияқты ортақ ережелерге негізделген дүниетанымы ортақ және демократия мен еркіндікті ілгерілетуді қалайтын елдермен байланыс орнатқымыз келеді», — деді Д.Кавчински ҚазАқпарат тілшісіне.

«Мен үшін Астанада өтетін сайлауға бақылаушысы ретінде келуге шақыру алу — үлкен мәртебе. Мен үшін сайлау учаскелеріндегі нақты жағдайды көру, дауыс беруге келген қазақстандықтармен әңгімелесу өте қызық», — деді британдық депутат.

«Қазақстанның Ұлыбританияда беделі жоғары. Біздің елдеріміздің бірлескен өзара тиімді іс-әрекеттері үшін зор мүмкіндіктері бар», — деп атап өтті Британ парламенті төменгі палатасының депутаты.

«Сайлаудың қалай өтіп жатқанын, сөз бостандығының жағдайын, барлық саяси партияларға сайлаудың тең дәрежеде болуы үшін бұқаралық ақпарат құралдарындағы тең эфир уақытын алу үшін қандай мүмкіндіктер берілгенін түсіну үшін үкіметтік емес ұйымдармен және сараптама орталықтарымен пікір алмасқым келеді. Бұл кез келген сайлаудың қаншалықты ашық және қаншалықты еркін өтетінін бағалау кезінде өте маңызды», — деді спикер.

Сонымен бірге, сайлау үдерістері туралы айта келе, британдық парламентарий демократияны құрудың тамаша үлгілерін іздемеуге шақырды, өйткені барлық елдердің өз кемшіліктері бар.

«Бізде проблемалар жоқ деп ойламаңыз. Біз жақында ғана сайлау заңнамасына өзгерістер енгіздік. Енді сайлау учаскесінде жеке басын куәландыратын құжатты көрсету міндетті болып табылады», — деді Д. Кавчински.

2023 жылға дейін Ұлыбританиядағы сайлауға (Солтүстік Ирландиядан басқа) қатысу үшін ешқандай құжат көрсету қажет етілмеген. Сайлаушылар пошта арқылы немесе сайлау учаскелеріне келіп, тек аты-жөнін, мекен-жайын айтып дауыс берді. Өзгерістердің мақсаты — британдық сайлауда бұрмалауға жол бермеу.

«Дауыс беру жүйесінің әділ болуы үшін бәріміз үйреніп, өзгерудеміз. Бұл — өте маңызды, өйткені біз келісе алатын бір нәрсе бар, ол – халықтың дауыс беру жүйесі олардың тілектерінің шынайы көрінісі екеніне сенімі», — деп атап өтті спикер.

Д.Кавчински Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі тарапынан Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды қолдайтынын атап өтіп, Мәжілістің болашақ құрамымен байланыстар тереңдетіліп, кеңейтілетініне үміт білдірді.

«Біздің парламент пен Қазақстан парламенті арасында екіжақты байланыс орнату керек. Ол үшін мен Вестминстер Демократия қорын, сондай-ақ басқа да көптеген британдық талдау орталықтары мен институттарын пайдаланғым келеді», — деді ол.

Айта кетейік, Вестминстер Демократия қорының серіктестері қатарына әлемнің 30-дан астам елінде маңызды саяси және әкімшілік міндеттерді шешетін парламенттер, саяси партиялар, сайлау органдары және азаматтық қоғам ұйымдары кіреді.

Британский парламент планирует направить наблюдателя за выборами в Мажилис

Всепартийная группа по сотрудничеству с Казахстаном назначила депутата Палаты общин Великобритании Дэниела Кавчински наблюдателем за выборами в Мажилис Парламента РК, передает собственный корреспондент МИА «Казинформ».

Всепартийная парламентская группа по сотрудничеству с Казахстаном зарегистрирована в британском парламенте осенью 2015 года для развития межпарламентского диалога.

В компетенцию представителей группы входят вопросы внешней политики, обороны, разведки и безопасности, контроля за экспортом оружия, экономики, торговли, науки и образования.

«Мы хотим наладить связи с такими странами, как Казахстан, которые разделяют с нами восприятие мира и хотят продвигать демократию и свободу», — сказал Дэниел Кавчински в беседе с корреспондентом МИА «Казинформ».

«Для меня большая честь и привилегия получить приглашение приехать в Астану в качестве наблюдателя за выборами. Мне интересно увидеть реальную ситуацию на избирательных участках, поговорить с казахстанцами, которые пришли отдать свой голос», — отметил британский парламентарий.

«У Казахстана очень хороший бренд и очень хорошая репутация в Великобритании. У наших стран есть огромные возможности для совместной взаимовыгодной деятельности», — подчеркнул депутат нижней палаты парламента Великобритании.

«Я хотел бы обменяться мнениями с неправительственными организациями и аналитическими центрами, чтобы понять для себя, как проходят выборы, ситуацию со свободой слова, какие возможности даны всем политическим партиям для того, чтобы иметь равное количество эфирного времени в средствах массовой информации. Это очень важно при оценке того, насколько прозрачны и насколько свободны любые выборы», — сказал спикер.

Говоря об электоральных процессах, британский парламентарий призвал не искать идеальных примеров строительства демократии, поскольку у всех стран есть свои недостатки.

«Не думайте, что у нас нет своих проблем. Мы только недавно внесли изменения в выборное законодательство. Теперь предъявление документа, удостоверяющего личность на избирательном участке, является обязательным», — рассказал Дэниел Кавчински.

До 2023 года на выборах в Великобритании (за исключением Северной Ирландии) не нужно было показывать никаких документов. Избиратели голосовали по почте или приходили на участки, где просто говорили свои имя, фамилию и адрес. Цель изменений — предотвратить подтасовки на британских выборах.

«Мы все учимся и меняемся, чтобы убедиться в честности системы голосования. Это очень важно, потому что есть одна вещь, с которой мы можем согласиться — это уверенность людей в том, что система голосования является истинным отражением их желаний», — подчеркнул спикер.

Отметив поддержку политических и социально-экономических реформ в Казахстане со стороны министра иностранных дел Великобритании, Дэниел Кавчински выразил надежду на углубление и расширение контактов с будущим составом Мажилиса.

«Мы должны наладить двусторонние связи между нашим парламентом и казахстанским парламентом, — говорит он. — Для этого я бы хотел использовать Вестминстерский фонд за демократию, а также многие другие британские аналитические центры и институты».

В число партнеров Вестминстерского фонда за демократию входят парламенты, политические партии, избирательные органы и организации гражданского общества, которые решают важные политические и управленческие задачи в более чем 30 странах мира.

Выборы депутатов Мажилиса в Казахстане состоятся 19 марта. На эту же дату запланированы выборы депутатов маслихатов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA


Вы пропустили

Су тасқыны бақылауда: Ақмола облысында дамбылар күшейтіліп, өзен арналары тазартылуда
Есіл су шаруашылығы бассейнінің аумағында көктемгі қар суының қауіпсіз өтуін және елді мекендерді су басудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Гидротехникалық нысандарды жөндеу, қайта жаңғырту және салу, сонымен қатар елді мекендер маңындағы өзен арналарының санитарлық тазалығы басты назарда тұр. Бұл туралы «Қазcушаруашылығы» РМК Ақмола филиалының бас инженері Олжас Тұржанов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Бурабай ауданындағы республикалық меншікке жататын Щучинск қаласының саяжайларындағы су қоймасында ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Ал гидротехникалық нысандары қанағаттанарлықсыз күйде тұрған аудандарда кең көлемді реконструкция жұмыстары басталды.
Мәселен, Аршалы ауданындағы Анар станциясы маңында су өткізу құрылғылары бар қорғаныс дамбасы қайта жаңғыртылуда – жұмыс 70 пайызға орындалған. Бұланды және Жақсы аудандарында «Прохоровско-Колоколовская» және «Чапаевская-1» плотиналарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соңғысы 73 пайызға дайын.
«Шортанды ауданындағы «Дама» су бөгеті жаңа шлюздер салынып, бұрынғы су өткізу құрылысы консервациялануда. Бұл жұмыстар 39 пайызға орындалды, құрылыс мерзімі – 5 ай. Сонымен қатар Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы сегізінші шағын ауданда қорғаныс дамбасы салынып жатыр. Қазіргі таңда нысан 74,5 пайызға аяқталған, мерзімі – 6 ай. Бұл жобалардың барлығы 2025 жылы аяқталады», – деді Олжас Тұржанов.
Су тасқыны қаупі жоғары өзен арналарының санациясына да ерекше көңіл бөлінуде. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025–2027 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы жоспар аясында Ақмола облысында 8 жоба жүзеге асырылып жатыр, оның жетеуі Есіл өзені бассейнінде орналасқан. Қазіргі таңда оның төртеуі белсенді іске асырылуда.
Атап айтқанда, Атбасар қаласы маңындағы Жабай өзенінде арнаны тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы – 5,2 шақырым. Жұмыс 13 ақпанда басталды, 37 бірлік техника тартылған. Қазірге дейін 80% жұмыс орындалған. Сандықтау ауданының Балкашино ауылында арнаны бекіту және тереңдету жұмыстары 67% деңгейінде. Астрахан ауданының Старый Колутон ауылы маңындағы Колутон өзеніндегі тазарту жұмыстары 93%, ал Зеренді ауданындағы Шағалалы өзенінде – 98% аяқталған.
Сондай-ақ, Целиноград ауданының Қажымұқан ауылы мен айналма автожол аралығындағы Есіл өзенінің арнасын тереңдету, түзеу және кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы ұзындығы – 18 шақырым. Жоба 2021 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарланған.
Бұдан бөлек, жеке сектор да өз үлесін қосып отыр. 2024 жылы «Казцинк» компаниясы Көкшетау қаласы аумағындағы Кылшақты өзенінің 4,3 шақырымын өз қаражаты есебінен тазартқан.
Су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғау мақсатында 43 елді мекенде жалпы ұзындығы 24,3 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері тұрғызылып, нығайтылған. Барлық нысандар қанағаттанарлық жағдайда және тасқын кезеңіне дайын.
Олжас Тұржанов алдағы вегетациялық кезеңге де тоқталып, барлық су пайдаланушыларды заңнама талаптарына сәйкес арнайы су пайдалану рұқсатын алдын ала алуға шақырды. Бұл қызмет тегін көрсетіледі, бірақ міндетті түрде рұқсат арқылы жүргізілуі тиіс.
2024 жылғы деректер бойынша Есіл бассейнінде суару үшін алынған судың нақты көлемі – 7,313 млн текше метр, суарылған жер көлемі – 11 675 гектар. Ал республикалық желі бойынша лимит – 38,7 млн текше метр және 18,4 мың гектар.
«Бұл көрсеткіштер суды ұтымды пайдалану, әсіресе климаттық өзгерістер жағдайында, қаншалықты маңызды екенін көрсетеді», – деп түйіндеді бас инженер.