Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдер бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды тіркеу нәтижесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де тіркеу кезеңі аяқталады. Сонымен қатар, 15 ақпанда Парламент Мәжілісіне сайлау бойынша ұсынылған барлық 7 саяси партияның партиялық тізімдері бойынша тіркеу аяқталды. Аумақтық сайлау комиссияларының ақпаратына сай, кеше пропорционалды негізде сайланатын облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мен Астана мәслихаты депутаттарының жартысын сайлау жөніндегі партиялық тізімдерді тіркеу өз мәресіне жетті. Кандидаттарды бір мандатты округтер бойынша тіркеу 20 өңірдің әрқайсысында жергілікті уақыт бойынша 18:00-ге дейін жалғасатын болады», — деді ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.
Сонымен қоса ол партиялық тізім негізінде 69 депутат сайланатынын атап өтті.
«Барлық 7 партияның съездерінде партиялық тізімге 283 кандидат енгізілді. Тіркеу кезеңінде әр саяси партияның өкілдері қаралды. Біз барлық 7 партияның тізімін толық зерделедік», — деді Константин Петров.
Оның айтуынша, Қазақстан халық партиясынан – 52, «Ақ жол» демократиялық партиясынан – 54, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан — 19, «Байтақ» жасылдар партиясынан – 18, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясынан – 25, «Amanat» партиясынан – 90, «Respublica» партиясынан – 23 кандидат тіркелді. Сонымен қатар, соңғысынан 2 кандидат өздері берген өтінішке сәйкес, партиялық тізімнен шығарылды.
«Осылайша, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының 69 мандатына үміткер саяси 7 партияның тізіміне 281 кандидат енгізілді. Әрбір саяси партия әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың қажетті көлемін сақтайды. Осы үш санатқа жататын кандидаттардың барлық партиялық тізімдерде ұсынылу мөлшері — 38,1%. Үміткерлердің орташа жасы — 45,7. 19 үміткер 29 жасқа дейінгі жастар болса, 80 әйел кандидат ұсынылды. Бұл жалпы санның 28,5%-ын құрайды. Сонымен қоса, 201 ер адам ұсынылды. Тізімге 12 ұлттың өкілдері енгізілген», — деп түйіндеді Константин Петров.
Еске сала кетейік, Мәжіліс пен маслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау 19 наурызға белгіленген.
Итоги регистрации кандидатов в депутаты Мажилиса по партийным спискам подвели в ЦИК РК
В Центральной избирательной комиссии объявили результаты регистрации кандидатов в депутаты Мажилиса по партийным спискам, передает корреспондент МИА «Казинформ».
«Сегодня в 18.00 часов местного времени завершается этап регистрации. Вместе с тем, фактическая работа по регистрации нами была завершена по партийным спискам всех семи политических партий, представленных по выборам в Мажилис Парламента 15-го числа. По информации территориальных избирательных комиссий, вчера завершилась регистрация партийных списков по выборам половины депутатов маслихатов областей и городов республиканского значения и столицы, избираемых на пропорциональной основе. Работа по регистрации кандидатов в одномандатных округах будет продолжена до 18.00 часов местного времени в каждом из 20-ти регионов», — сказал заместитель председателя ЦИК РК Константин Петров на заседании Центризбиркома.
Спикер отметил, что 69 депутатов избираются по партийным спискам. Для участия в выборах в Мажилис Парламента в Центризбирком представлены списки всех зарегистрированных политических партий.
«На съездах всех семи партий в партийные списки включено 283 кандидата. В период регистрации было рассмотрено представление каждой политической партии. Все семь партийных списков нами изучены», — заявил Константин Петров.
Согласно озвученным данным, Общественное объединение «Народная партия Казахстана» зарегистрировала 52 кандидата, Общественное объединение демократическая партия Казахстана «Ак жол» — 54 кандидата, Общенациональная социал-демократическая партия — 19 кандидатов, Зеленая партия Казахстана «Байтақ» — 18 кандидатов, Народно-демократическая патриотическая партия «Ауыл» — 25 кандидатов, в партийном списке партии AMANAT — 90 кандидатов, партия «Respublica» — 23 кандидата, два кандидата были исключены из партийного списка согласно поданных ими заявлений.
«Таким образом, в семь списков политических партий, претендующих на 69 мандатов депутатов Мажилиса Парламента страны, включен 281 кандидат. Необходимое представительство женщин, молодежи и лиц с инвалидностью соблюдено каждой политической партией. Общая представленность этих трех категорий во всех партийных списках составляет 38,1%. Средний возраст кандидатов — 45,7 лет, 19 кандидатов в депутаты — это молодежь в возрасте до 29 лет, 80 женщин – это 28,5% и 201 мужчина. В списки включены представители 12-ти национальностей», — сообщил Константин Петров.
19 марта в Казахстане пройдут досрочные выборы в Мажилис Парламента и маслихаты.