Партийный проект

В рамках акции «Новогодний серпантин» партийного проекта «Бақытты Отбасы» сегодня посетила школу №10, №4 и ОО «Мейірім Бурабай» поздравила с наступившим Новым годом и вручила памятные подарки. А. Сейтказина, председатель…

Кейс по делу

Первый этап: изложение сути проблемы. В общественную приемную Бурабайского территориального филиала партии обратилась одиноко проживающая жительница города Щучинск Кузьмина Зинаида Макаровна, с просьбой оказать помощь, начислили лишнюю сумму за потребление…

Қоғамдық қабылдау

«AMANAT» партиясы Бурабай аудандық филиалында бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды қоғамдық қабылдау жүргізіледі.   Төменде «AMANAT» партиясы Бурабай аудандық филиалының 2023ж. қараша айына арналған азаматтарды қабылдау кестесі ұсынылған. Көрсетілген байланыс телефондары бойынша…

Халыққа көмек

В приемной партии «Аmаnаt» В общественную приемную Бурабайского территориального филиала партии «Аmаnаt» обратилась жительница города Щучинск с просьбой оказать содействие в приобретении подгузников для взрослых. Депутат районного маслихата Сейтказина А.Ж.…

В общественной приемной

Аким Бурабайского района Арай Садыков провел прием граждан в общественной приемной партии «AMANAT». Граждане, записавшиеся на прием к акиму района, в течение двух часов задавали свои вопросы и делились проблемами.…

Ардагерлерді ардақтайық

Отдавая дань уважения ветеранам тыла, в честь приближающегося Дня Победы посетила труженика тыла Великой Отечественной войны и поздравила их с наступающим праздником. Герасимов Иван Павлович родился 5 ноября 1932 года…

Бүгін, Бурабай аудандық жанынан құрылған  Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Асхат Мұхамеджановпен және әріптестерім, Бурабай аудандық мәслихатының депутаттары Айжан Сейтқазина мен Арман Табулдинмен бірге әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағасын мониторингілеу үшін Щучинск қаласында орналасқан «LURA» супермаркетiне  барып мониторинг жұмыстарын жүргіздік.

Сонымен қатар жанар-жағармай құю бекеттеріне және дәрі-дәрмек бағаларын мониторингілеу үшін Щучинск қаласының дәріханаларына бардық. Мониторингті жүргізу кезінде дүкен басшыларымен тауарлардың сауда үстемесінің белгіленген деңгейін сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Халық…

Вы пропустили

Су тасқыны бақылауда: Ақмола облысында дамбылар күшейтіліп, өзен арналары тазартылуда
Есіл су шаруашылығы бассейнінің аумағында көктемгі қар суының қауіпсіз өтуін және елді мекендерді су басудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Гидротехникалық нысандарды жөндеу, қайта жаңғырту және салу, сонымен қатар елді мекендер маңындағы өзен арналарының санитарлық тазалығы басты назарда тұр. Бұл туралы «Қазcушаруашылығы» РМК Ақмола филиалының бас инженері Олжас Тұржанов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Бурабай ауданындағы республикалық меншікке жататын Щучинск қаласының саяжайларындағы су қоймасында ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Ал гидротехникалық нысандары қанағаттанарлықсыз күйде тұрған аудандарда кең көлемді реконструкция жұмыстары басталды.
Мәселен, Аршалы ауданындағы Анар станциясы маңында су өткізу құрылғылары бар қорғаныс дамбасы қайта жаңғыртылуда – жұмыс 70 пайызға орындалған. Бұланды және Жақсы аудандарында «Прохоровско-Колоколовская» және «Чапаевская-1» плотиналарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соңғысы 73 пайызға дайын.
«Шортанды ауданындағы «Дама» су бөгеті жаңа шлюздер салынып, бұрынғы су өткізу құрылысы консервациялануда. Бұл жұмыстар 39 пайызға орындалды, құрылыс мерзімі – 5 ай. Сонымен қатар Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы сегізінші шағын ауданда қорғаныс дамбасы салынып жатыр. Қазіргі таңда нысан 74,5 пайызға аяқталған, мерзімі – 6 ай. Бұл жобалардың барлығы 2025 жылы аяқталады», – деді Олжас Тұржанов.
Су тасқыны қаупі жоғары өзен арналарының санациясына да ерекше көңіл бөлінуде. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025–2027 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы жоспар аясында Ақмола облысында 8 жоба жүзеге асырылып жатыр, оның жетеуі Есіл өзені бассейнінде орналасқан. Қазіргі таңда оның төртеуі белсенді іске асырылуда.
Атап айтқанда, Атбасар қаласы маңындағы Жабай өзенінде арнаны тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы – 5,2 шақырым. Жұмыс 13 ақпанда басталды, 37 бірлік техника тартылған. Қазірге дейін 80% жұмыс орындалған. Сандықтау ауданының Балкашино ауылында арнаны бекіту және тереңдету жұмыстары 67% деңгейінде. Астрахан ауданының Старый Колутон ауылы маңындағы Колутон өзеніндегі тазарту жұмыстары 93%, ал Зеренді ауданындағы Шағалалы өзенінде – 98% аяқталған.
Сондай-ақ, Целиноград ауданының Қажымұқан ауылы мен айналма автожол аралығындағы Есіл өзенінің арнасын тереңдету, түзеу және кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы ұзындығы – 18 шақырым. Жоба 2021 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарланған.
Бұдан бөлек, жеке сектор да өз үлесін қосып отыр. 2024 жылы «Казцинк» компаниясы Көкшетау қаласы аумағындағы Кылшақты өзенінің 4,3 шақырымын өз қаражаты есебінен тазартқан.
Су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғау мақсатында 43 елді мекенде жалпы ұзындығы 24,3 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері тұрғызылып, нығайтылған. Барлық нысандар қанағаттанарлық жағдайда және тасқын кезеңіне дайын.
Олжас Тұржанов алдағы вегетациялық кезеңге де тоқталып, барлық су пайдаланушыларды заңнама талаптарына сәйкес арнайы су пайдалану рұқсатын алдын ала алуға шақырды. Бұл қызмет тегін көрсетіледі, бірақ міндетті түрде рұқсат арқылы жүргізілуі тиіс.
2024 жылғы деректер бойынша Есіл бассейнінде суару үшін алынған судың нақты көлемі – 7,313 млн текше метр, суарылған жер көлемі – 11 675 гектар. Ал республикалық желі бойынша лимит – 38,7 млн текше метр және 18,4 мың гектар.
«Бұл көрсеткіштер суды ұтымды пайдалану, әсіресе климаттық өзгерістер жағдайында, қаншалықты маңызды екенін көрсетеді», – деп түйіндеді бас инженер.