Успеноюрьев селолық округіндегі әкім есебі

Ауданымызға қарасты шалғайда жатқан ауылдың бірі Успеноюрьевка ауылы. Ауыл әкімі Талғат Оспанов. Әкімдердің халыққа кезекті есеп беру жиналысына, Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев, аудандық бөлім басшылары қатысты. Есеп беру жиыны…

Ұрымқай селолық округіндегі әкім есебі

Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев қатысуымен Ұрымқай ауылының Мәдениет үйінде әкімдердің халыққа есеп беру жиыны ашық форматта жалғасты. Аталмыш жиынға Бурабай ауданының мәслихат төрағасы Малика Нұрпанова, бөлім басшылары қатысты, ауыл…

Успеноюрьев селолық округіндегі әкім есебі

Ауданымызға қарасты шалғайда жатқан ауылдың бірі Успеноюрьевка ауылы. Ауыл әкімі Талғат Оспанов. Әкімдердің халыққа кезекті есеп беру жиналысына, Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев, аудандық бөлім басшылары қатысты. Есеп беру жиыны…

Президент о концептуальной и идеологической основе Союза:

«Есть еще один деликатный момент, так сказать, концептуальная реальность или специфика, которую нам нужно учитывать. Это наличие в рамках Евразийского экономического союза Союзного государства в лице Беларуси и России. Концептуальная…

Ауыл ахуалы

«Әділетті Қазақстан-қоғамдық сананы қалыптастыру» жобасы аясында   Тоғыз жолдың торабында тұрған Кенесары ауылының іргесіндегі Баянбай ауылы, атам заманнан бері келе жатқан, іргелі ауылдың бірі. Жалпы, үлкендердің айтуына қарағанда Баянбай деген…

Ақмола жұлдыздары

Қасиетіңнен айналайын киелі өр Көкше! Аңыз Көкшетау! Бурабай!.. Бурабай десе елжіремейтін жүрек, тебіренбейтін ақын, қиялына қанат бітірмейтін жазушысы жоқ шығар! Үш жүздің басын қосқан хан Абылайға биылғы жылы -310, күй…

Бурабай-хан ордасы, жер төресі, жыр еркесі

«... Абылай ғасыры - қазақ ерлігі мен серілігінің ғасыры» Шоқан Уәлиханов Үш жүздің басын қосқан Абылай ханның 310 жылдығы, күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығы және сал-сері, әнші Ақан сері…

Фонд медстрахования напоминает о необходимости соблюдения медорганизациями договорных обязательств

В настоящее время в социальных сетях и СМИ тиражируется информация о том, что Фонд не производит оплату за оказанные медуслуги. Данные заявления не соответствуют действительности. Фонд осуществляет оплату в полном…

Медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдардың шарттық міндеттемелерді сақтау керектігін еске салады

Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде және БАҚ-та Қордың көрсетілген медициналық қызметтер үшін төлем жасамайтындығы туралы ақпарат таралуда. Бұл мәлімдемелер шындыққа жанаспайды. Қор төлемдердің барлығын жасалған шарттар сомасы шегінде толық көлемде жүзеге…

Вы пропустили

Су тасқыны бақылауда: Ақмола облысында дамбылар күшейтіліп, өзен арналары тазартылуда
Есіл су шаруашылығы бассейнінің аумағында көктемгі қар суының қауіпсіз өтуін және елді мекендерді су басудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Гидротехникалық нысандарды жөндеу, қайта жаңғырту және салу, сонымен қатар елді мекендер маңындағы өзен арналарының санитарлық тазалығы басты назарда тұр. Бұл туралы «Қазcушаруашылығы» РМК Ақмола филиалының бас инженері Олжас Тұржанов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Бурабай ауданындағы республикалық меншікке жататын Щучинск қаласының саяжайларындағы су қоймасында ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Ал гидротехникалық нысандары қанағаттанарлықсыз күйде тұрған аудандарда кең көлемді реконструкция жұмыстары басталды.
Мәселен, Аршалы ауданындағы Анар станциясы маңында су өткізу құрылғылары бар қорғаныс дамбасы қайта жаңғыртылуда – жұмыс 70 пайызға орындалған. Бұланды және Жақсы аудандарында «Прохоровско-Колоколовская» және «Чапаевская-1» плотиналарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соңғысы 73 пайызға дайын.
«Шортанды ауданындағы «Дама» су бөгеті жаңа шлюздер салынып, бұрынғы су өткізу құрылысы консервациялануда. Бұл жұмыстар 39 пайызға орындалды, құрылыс мерзімі – 5 ай. Сонымен қатар Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы сегізінші шағын ауданда қорғаныс дамбасы салынып жатыр. Қазіргі таңда нысан 74,5 пайызға аяқталған, мерзімі – 6 ай. Бұл жобалардың барлығы 2025 жылы аяқталады», – деді Олжас Тұржанов.
Су тасқыны қаупі жоғары өзен арналарының санациясына да ерекше көңіл бөлінуде. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025–2027 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы жоспар аясында Ақмола облысында 8 жоба жүзеге асырылып жатыр, оның жетеуі Есіл өзені бассейнінде орналасқан. Қазіргі таңда оның төртеуі белсенді іске асырылуда.
Атап айтқанда, Атбасар қаласы маңындағы Жабай өзенінде арнаны тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы – 5,2 шақырым. Жұмыс 13 ақпанда басталды, 37 бірлік техника тартылған. Қазірге дейін 80% жұмыс орындалған. Сандықтау ауданының Балкашино ауылында арнаны бекіту және тереңдету жұмыстары 67% деңгейінде. Астрахан ауданының Старый Колутон ауылы маңындағы Колутон өзеніндегі тазарту жұмыстары 93%, ал Зеренді ауданындағы Шағалалы өзенінде – 98% аяқталған.
Сондай-ақ, Целиноград ауданының Қажымұқан ауылы мен айналма автожол аралығындағы Есіл өзенінің арнасын тереңдету, түзеу және кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы ұзындығы – 18 шақырым. Жоба 2021 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарланған.
Бұдан бөлек, жеке сектор да өз үлесін қосып отыр. 2024 жылы «Казцинк» компаниясы Көкшетау қаласы аумағындағы Кылшақты өзенінің 4,3 шақырымын өз қаражаты есебінен тазартқан.
Су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғау мақсатында 43 елді мекенде жалпы ұзындығы 24,3 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері тұрғызылып, нығайтылған. Барлық нысандар қанағаттанарлық жағдайда және тасқын кезеңіне дайын.
Олжас Тұржанов алдағы вегетациялық кезеңге де тоқталып, барлық су пайдаланушыларды заңнама талаптарына сәйкес арнайы су пайдалану рұқсатын алдын ала алуға шақырды. Бұл қызмет тегін көрсетіледі, бірақ міндетті түрде рұқсат арқылы жүргізілуі тиіс.
2024 жылғы деректер бойынша Есіл бассейнінде суару үшін алынған судың нақты көлемі – 7,313 млн текше метр, суарылған жер көлемі – 11 675 гектар. Ал республикалық желі бойынша лимит – 38,7 млн текше метр және 18,4 мың гектар.
«Бұл көрсеткіштер суды ұтымды пайдалану, әсіресе климаттық өзгерістер жағдайында, қаншалықты маңызды екенін көрсетеді», – деп түйіндеді бас инженер.