«… Абылай ғасыры – қазақ ерлігі мен серілігінің ғасыры»

Шоқан Уәлиханов

Үш жүздің басын қосқан Абылай ханның 310 жылдығы, күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығы және сал-сері, әнші Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығы мерейтойларына арналған «Ақмола жұлдыздары» халық шығармашылық байқауының гала-концертіне орай орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Оқжетпес ауылының Мәдениет үйінде «Бурабай-хан ордасы, жер төресі, жыр еркесі» шығармашылық көрмесін ұсынды.

Көрмеге келушілердің назарына «Абылай хан тағы» атты кітап инсталляциясы ұйымдастырылып, Абылай ханның, Ақан серінің бюстері, портреттері салынған домбыраның, Ақан серінің жан серігі Құлагердің, қазақ батырларының қару-жарақтары: қалқан, садақ, қылыш макеттерімен үйлесім тапты. Кітаптар салынған түйелер керуені қойылды.

Кітап көрмесіне Абылай ханның өмірі мен ерлік жолдары туралы Г.Ж. Табулин, Р.К.Өмірзақов, А.Г. Оловинцов «Қазақ хандыры және  олардың ұрпақтары», З.Тайшыбайдың «Қазақтың ханы Абылай», Т.Сәдуақастың «Хан ордасынан хан Шатырға дейін», «Абылайханның қара жолы» басылымдары қойылды.

Ұлы күйші композитор Құрманғазының өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптар, «Қазақтың дәстүрі 1000 күйі», «Қазақтың дәстүрі 1000 әні» антологиялары, «Қазақстан композиторлары» кітаптары оқырмандар назарына ұсынылды.  

Ақан Сері Қорамсаұлының  шығармалары барша қазаққа әйгілі шығармаларын насихаттау мақсатында өлеңдері, толғаулары, әзілдері, айтыстары топтастырылған жинақтар нотасымен қоса беріліп отыр. «Сал-серілер» сериясымен «Ақан сері» кітаптары, ақын Мағжан Жұмабаевтың «Ақан сері» мақаласы, Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы т.б. басылымдар қойылды.

Бұл кітаптар қалың оқырман қауымға арналған. Көпшілік оқырмандарды аталмыш кітаптарды оқуға шақырамыз.

А.Қабиденқызы, орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің библиографы

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA


Вы пропустили

ҰЛЫ ДАЛА ДҮБІРІ
Алғаш рет Қырғыз Республикасында ойластырылып, жүзеге асырылған халықаралық спорттық шара әлемдік мәртебеге ие болып, барған сайын, Еуразия кеңістігін ғана емес, басқа да көптеген елдерді қамтып, кең аудиторияның назарын аударды. Дүниежүзілік ойындарды өткізу құқығының Қазақстанға берілуімен ойындарды өткізетін елдердің тізімі де кеңейді.
ӨТКІЗІЛЕТІН ОРНЫ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, АСТАНА ҚАЛАСЫ
ОЙЫНДАР 2024 ЖЫЛҒЫ 8–13 ҚЫРКҮЙЕК АРАЛЫҒЫНДА ӨТКІЗІЛЕДІ.
Көшпенділер ойындарына бірінші кезекте халқы көшпелілер өркениетінің мұрагерлері болып табылатын елдер қатысады. Ал, Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің түкпір-түкпірінен, соның ішінде көшпенді емес елдерден де командалар қатысады деп жоспарлануда.
Бүгінде ДКО ұлттық спорт түрлерінен әлемдегі ең ірі жарыс болып табылады. Шамамен болжам бойынша, Астана қаласына 7 күнге созылатын жарыстарға 100-ден астам елден 3000-ға жуық қатысушы келеді.