Бурабай — елдің сұлу өлкесіндей,

                                                               Бурабай — табиғаттың еркесіндей.

                                                               Тұлғасы тұнып тұрған сырға толы,

                                                                 Бурабай — тарихымның өркешіндей.

                                                                Бурабай — Абылайдың хан ордасы,

                                                                 Бурабай — Ақан, Біржан: ән арнасы;

                                                               Аңсаған алашымның арманындай,

                                                              Бурабай — Тәуелсіздік замандасы!

 Тортай Сәдуақас

«Автор және оқырман» жобасының кезекті қонағы — жерлес ақын-жазушы, Қіндіққарағай ауылының тумасы, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», журналист, филолог, ҚР «Жазушылар одағының мүшесі» Бурабай ауданының құрметті азаматы, «Тұңғыш», «Жартастағы жаңғырық», «Жұмбақтас», «Биші қайыңдар», «Айнакөл айшықтары» жыр жинақтарының, тарихи-танымдық «Назарбай би және туған өлке тарихы», «Ел мен жер», «Астана аймағы», «Хан ордасынан Ханшатырға дейін» кітаптарының авторы, ел тарихы, өлкетану тарихы саласына өлшеусіз үлес қосқан, болашақта да өз үлесін қосатын қаламгер Тортай Қазиұлы Сәдуақас болды. Бурабай кентінің үлгілі кітапханада Тортай Қазиұлымен «Туған жердей жер жәннатын табам ба…» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Автор Бурабай ауданының 95 жылдығана орай «Кіндікқарағай елінің қоныстану тарихының мұрағат құжаттары» тақырыбында тарихи маңызы зор ақпарат берді.

Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Бурабай-хан ордасы, жер төресі, жыр еркесі» атты кітап көрмесіне Қіндіққарағай ауылының кітапханашысы А. Карбаева шолу жасады. Іс- шара барысынды жерлестері Ш. Қалиев, Д. Сағынаев қатысып, Бурабай өлкесінің тарихын терең зертеп жазып жүрген Тортай Қазиұлына шығармашылық табыстар тіледі. Оқушылар ақынның С.Сарсембаева  «Аққу-қаздар ару қыздар», Ә.Ахмади «Төртқарағай», А.Бекболат «Асқан кезде Ақтөбенің басынан» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Автор мен оқырман арасында әдемі, өнегелі сыр сұхбат өтті. Автор кітапаханаға кітаптарын сыйға тартты. Ақынға Бурабай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Д. Қарсыбаеваның атынан алғыс хат табыс етілді.

Көпшілік оқырмандарды жерлес жазушының шығармаларын оқуға шақырамыз.

Әдістемелік-библиографиялық бөлім

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA