Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев қатысуымен Ұрымқай ауылының Мәдениет үйінде әкімдердің халыққа есеп беру жиыны ашық форматта жалғасты.
Аталмыш жиынға Бурабай ауданының мәслихат төрағасы Малика Нұрпанова, бөлім басшылары қатысты, ауыл әкімі Жамбыл Оспанов қатысты. Алдымен аудан әкімі, қазіргі таңда ауданымыз бойынша атқарылған жұмыстарды баяндап, көпшілікке таныстырды.
Ұрымқай ауылдық округіне қарасты ауылдардың осы күнге дейінгі көкейтесті мәселелердің шешімін тапқандығын айтып өтті. Ұрымқайлықтар тарапынан ешқандай сауалдар жолданған жоқ. Қайта осылай жиі келіп, халықпен кездесіп отырған аудан басшыларына алғыстарын білдірді.