ХАБАРЛАНДЫРУ

«Ақмола облысы Бурабай ауданының  сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ барша жұртшылықты, соның ішінде мүдделі қауымды «Ақмола облысы Бурабай ауданы Көрнекті, Қарашілік, Ұрымқай, Успеноюрьевка, Красный Кордон, Клинцы, Николаевка ауылдарының топографиялық…

Өңіріміздің спорт саңлақтары марапатталды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Спорт күніне арналған салтанаттышараға қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар сала ардагерлері мен қызметкерлеріне «Еңбек ардагері» медальдарын, «Құрметті спорт қызметкері», «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі…

Ермек Маржикпаев посетил ряд социальных объектов
в Бурабайском районе

В рамках рабочей поездки аким Акмолинской области Ермек Маржикпаев посетил Бурабайский район, где ознакомился с ремонтом социальных объектов, автомобильных дорог и ходом подготовки к отопительному сезону, передает пресс-служба акимата области.…

Ауыл ақсақалының алғысы

Құрметті редакция бұл мақалам еліміз жайлы болып отыр. Биылғы жылы өшкен үмітімізді жаққандай болып отырмыз. Бұл жақсылықты отыз үш жыл күткен едік, сол ұзағынан күткен жақсылығымыз биыл басталды. Ауылымызда су…

 Әкім — ел арасында

Елдің әлеуетін бірлесіп көтеру керек Бурабай ауданының әкімі Арай Серікбайұлы Садықов, өткен сенбіде тоғыз жолдың торабында орналасқан, курорттық өңіріміздің бір бөлшегі Қатаркөл ауылына барып, жергілікті халықпен кездесті. Алдымен, посткеңестік заманнан…

Ермек Маржықпаев Бурабай ауданында

бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Бурабай ауданында болып, әлеуметтік нысандарды, автомобиль жолдарын жөндеумен және жылыту маусымына орай дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды облыс…

Хабарландыру

«Екібастұз қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ барша жұртшылықты, соның ішінде мүдделі қауымды - «Солнечный кенті ЕТЖЖ-мен біріктірілген бас жоспарын түзету»жұмысының материалдары бойынша қоғамдық қараудың өткізілетіні туралы хабардар етеді.…

❗️В связи с пожаром на шахте «Казахстанская» Глава государства поручил Правительству и акимату Карагандинской области провести всестороннее расследование причин аварии и оказать всю необходимую помощь пострадавшим.

Правительству поручено провести переговоры с иностранной компанией, которая является собственником данного предприятия, относительно неукоснительного обеспечения безопасности персонала.  Продолжающиеся аварии на предприятиях, принадлежащих зарубежной компании, свидетельствуют о серьезном нарушении ею своих инвестиционных…

❗️Мемлекет басшысы «Қазақстан» шахтасында болған өртке байланысты Үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сондай-ақ зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді.

Үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізу тапсырылды. Шетелдік компанияға тиесілі кәсіпорындарда жиі қайталанатын апаттар олардың инвестициялық және өзге де міндеттемелерін өрескел бұзғанын көрсетеді.…

Ақмола облысында жаңа 2023-2024 оқу жылына дайындық талқыланды

«Жаңа 2023-2024 оқу жылында Ақмола облысының 541 мектебіне 137 мыңнан астам оқушы келеді, оның ішінде 14731 бала бірінші сынып оқушылары. Оқушылар саны артып келеді. Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны…

Вы пропустили

Су тасқыны бақылауда: Ақмола облысында дамбылар күшейтіліп, өзен арналары тазартылуда
Есіл су шаруашылығы бассейнінің аумағында көктемгі қар суының қауіпсіз өтуін және елді мекендерді су басудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Гидротехникалық нысандарды жөндеу, қайта жаңғырту және салу, сонымен қатар елді мекендер маңындағы өзен арналарының санитарлық тазалығы басты назарда тұр. Бұл туралы «Қазcушаруашылығы» РМК Ақмола филиалының бас инженері Олжас Тұржанов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Бурабай ауданындағы республикалық меншікке жататын Щучинск қаласының саяжайларындағы су қоймасында ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Ал гидротехникалық нысандары қанағаттанарлықсыз күйде тұрған аудандарда кең көлемді реконструкция жұмыстары басталды.
Мәселен, Аршалы ауданындағы Анар станциясы маңында су өткізу құрылғылары бар қорғаныс дамбасы қайта жаңғыртылуда – жұмыс 70 пайызға орындалған. Бұланды және Жақсы аудандарында «Прохоровско-Колоколовская» және «Чапаевская-1» плотиналарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соңғысы 73 пайызға дайын.
«Шортанды ауданындағы «Дама» су бөгеті жаңа шлюздер салынып, бұрынғы су өткізу құрылысы консервациялануда. Бұл жұмыстар 39 пайызға орындалды, құрылыс мерзімі – 5 ай. Сонымен қатар Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы сегізінші шағын ауданда қорғаныс дамбасы салынып жатыр. Қазіргі таңда нысан 74,5 пайызға аяқталған, мерзімі – 6 ай. Бұл жобалардың барлығы 2025 жылы аяқталады», – деді Олжас Тұржанов.
Су тасқыны қаупі жоғары өзен арналарының санациясына да ерекше көңіл бөлінуде. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025–2027 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы жоспар аясында Ақмола облысында 8 жоба жүзеге асырылып жатыр, оның жетеуі Есіл өзені бассейнінде орналасқан. Қазіргі таңда оның төртеуі белсенді іске асырылуда.
Атап айтқанда, Атбасар қаласы маңындағы Жабай өзенінде арнаны тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы – 5,2 шақырым. Жұмыс 13 ақпанда басталды, 37 бірлік техника тартылған. Қазірге дейін 80% жұмыс орындалған. Сандықтау ауданының Балкашино ауылында арнаны бекіту және тереңдету жұмыстары 67% деңгейінде. Астрахан ауданының Старый Колутон ауылы маңындағы Колутон өзеніндегі тазарту жұмыстары 93%, ал Зеренді ауданындағы Шағалалы өзенінде – 98% аяқталған.
Сондай-ақ, Целиноград ауданының Қажымұқан ауылы мен айналма автожол аралығындағы Есіл өзенінің арнасын тереңдету, түзеу және кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы ұзындығы – 18 шақырым. Жоба 2021 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарланған.
Бұдан бөлек, жеке сектор да өз үлесін қосып отыр. 2024 жылы «Казцинк» компаниясы Көкшетау қаласы аумағындағы Кылшақты өзенінің 4,3 шақырымын өз қаражаты есебінен тазартқан.
Су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғау мақсатында 43 елді мекенде жалпы ұзындығы 24,3 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері тұрғызылып, нығайтылған. Барлық нысандар қанағаттанарлық жағдайда және тасқын кезеңіне дайын.
Олжас Тұржанов алдағы вегетациялық кезеңге де тоқталып, барлық су пайдаланушыларды заңнама талаптарына сәйкес арнайы су пайдалану рұқсатын алдын ала алуға шақырды. Бұл қызмет тегін көрсетіледі, бірақ міндетті түрде рұқсат арқылы жүргізілуі тиіс.
2024 жылғы деректер бойынша Есіл бассейнінде суару үшін алынған судың нақты көлемі – 7,313 млн текше метр, суарылған жер көлемі – 11 675 гектар. Ал республикалық желі бойынша лимит – 38,7 млн текше метр және 18,4 мың гектар.
«Бұл көрсеткіштер суды ұтымды пайдалану, әсіресе климаттық өзгерістер жағдайында, қаншалықты маңызды екенін көрсетеді», – деп түйіндеді бас инженер.