Маржықпаев Ермек Боранбайұлы 1969 жылы 29 тамызда Целиноград қаласында дүниеге келген. Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институты, «Тұран» және Көкшетау университетін бітірген. Тарих пәнінің мұғалімі, заңгер, қаржы бакалавры.

Еңбек жолын 1991-1992 жылдары дене шынықтыру, тарих пәннің мұғалімі болып бастаған. 1992 — 1995 жылдары «Шонай» ШЖК, 1995 — 2008 жылдары «Береке-Бурабай» ШЖК (ЖШС) дитректоры. 2008-2012 жылдары Аршалы, 2012-2013 жылдар Зеренді ауданының әкімі қызметін атқарды. 2013 -2014 жылы Ақмола облысы әкімінің орынбасары. 2014-2015 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Мемлекеттiк бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң Мемлекеттiк инспекторы. 2015 жылдың қаңтарынан бастап Көкшетау қаласының әкімі. 2019 жылғы наурыздан Ақмола облысының әкiмi.

2007-2009 жылдары Ақмола облыстық мәслихатының депутаты. Бокстан спорт шебер. «Құрмет» ордені, «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 және 20 жыл», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған. «Қазақстан Республикасы туризмінің құрметті қызметкері», 2002 жылы Республикалық «Үздік кәсіпкер» атанған.

Елордамыз-Астана. Астана еліміздің миы мен жүрегі іспетті. Барлық басқару, ұйымдастыру жүйесі осында. Астана Ақмола облысы аумағында. Демек, Ақмола астаналық облыс. Астаналық облыстың міндеті елдің миымен, жүрегі болған елорданы азық түлік, энэргия көздері сияқты қажетті заттармен қанымдау болып табылады.Олай болса Ақмола облысының,яғни астаналық облыстың ел алдындағы мәртебесі биік болуымен қатар көтерер жүгі орасан мол, жауапкершілігі зор. Осы мақсаттар және «Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» ұлттық жобада көзделген басым бағыттар Ақмола облысында қалай жүзеге асып жатқаны жайлы облыс әкімі Ермек Боранбайұлы Маржықпаевпен құрған сұқбатты оқырман назарына ұсынамыз.

Ермек Боранбайұлы, сұқбатымыздың алғашқы сұрағын өңірдің экономикасынан бастайық. Қай сала болсада бірінші кезекте экономика, оны жетілдіретін механизим өндіріс, оның күш қуатына байланысты.Осыған сай өңір эконмикасына қысқаша тоқталып өтсеңіз?

Өндіріс қуаты артып — экономика жетіліп, көш басшы орынға ие болдық. 

— Соңғы 3 жылдың көрсеткіші бойынша Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі индикаторларын орындау бойынша ел бойынша көшбасшы орында тұр.

Өнеркәсіп саласында Ақмола облысы 2022 жылдың қорытындысы бойынша алғаш рет тауар өнімі — рекордтық бір жарым трлн. теңгеге жетті, өндіріс индексі-113,4 пайыз, бұл республика бойынша 1-ші орын.

Соңғы он жылда Ақмола облысының жалпы өңірлік өнім құрылымында өнеркәсіп секторы басым салмаққа ие болды. Әлемдегі күрделі саяси және экономикалық жағдайға қарамастан, өнеркәсіп секторында жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өнімдер өндірісін ұлғайту және өнеркәсіпті орнықты дамытудың оң нәтижелері сақталып отыр. 

Атап айтсақ, 2022 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп саласында Ақмола облысы алғаш рет рекордтық көрсеткішке,яғни, 1,5 триллион теңгеге жетіп, өңір экономикасын алға дамытуда. Ерекше екпін түсіре атап өтерлігі, республикалық рейтингте Ақмола өңірі 2022 жылы өнеркәсіптің даму қарқыны бойынша алдыңғы орында. Республикамызда өндірілетін мамандандырылған автомобильдердің әрбір екіншісі біздің өңірде шығарылса, елімізге қажетті мойынтіректер100 пайыз бізде өндіріледі. Сонымен қатар, еліміздегі құрамында алтын бар кеннің әрбір 2-ші тоннасы Ақмола облысына тиесілі, астық жинайтын комбайндар мен тракторлардың әрбір екіншісі, керамикалық кірпіштің әрбір үшіншісі, салқындатылған құс етінің әрбір үшінші тоннасы, алтынның әрбір 3-інші келісі Ақмола облысында өндіріледі.

Өткен жыл өңіріміздің өнеркәсіп саласы бойынша өнімді жыл болды. Тарқатып айтар болсақ,өнеркәсіптік өндіріс құрылымында өнеркәсіптің тау-кен өндіру саласының үлес салмағы – 10,7; өңдеуші өнеркәсіп — 80,8; электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау — 7,8; сумен жабдықтау саласы-0,7 пайызды құрады. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде нақты көлем индексі 141,2 пайыз, өндірілген өнім көлемі 159,0 млрд. теңгеге жетті.Өсім құрамында алтын бар кендерді өндіру көлемінің 48,8; мыс концентраттарын өндіру көлемі 32,8 пайызға ұлғайды. Ал, өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі 110,7 пайыз, өндірілген өнім көлемі 1197,2 миллиард теңгені құрады. Химия саласында 135,4 пайыз, металлургияда 121 пайыз, сусындар өндірісінде 129,4 пайыз және резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде 101,5 пайыз, тамақ өнімдерін шығаруда 101,1 пайыз оң динамикаға қол жетті. Машина жасауда трактор өндірісі 46,4 пайызға, астық жинайтын комбайндар өндіру 2,5 есе өсті. Биыл және алдағы жылдары жаңадан біршама өндіріс ошақтары салынғалы жатыр. Тарқатып айтсам. Олар, Аршалы ауданында қуаты 206 МВт, жоба құны 73,8 млрд. теңге Борей Энерго, қуаты 50 Мвт, жоба құны 24,2 млрд Ерейментау Винд Пауэр, қуаты 18 МВт, инвестициялық құны 11 млрд. тенге Зеренді ауданында ЭТАЛОН ПАУЭР жел электр станциясының құрылысы қолға алынады. Бұл жобалардың экологиялық, экономикалық тиімділігі зор.

Өткен жылы Аршалы ауданында жылына 120 млн дана кірпіш шығаратын инвестиция құны 27 млрд теңге тұратын «SG Brick» кәсіпорны пайдаға берілгенді. Биыл осы кәсіпорынның жоба құны 10 млрд тенгеге шақ екінші кезеңі басталады. Степногор қаласында қуаты жылына 350 мың тонна, инвестициялық құны 4,5 млрд теңге құрамында алтын бар руданы қайта өңдейтін фабриканың құрылысы басталады.

Ермек Боранбайұлы, ауылшаруашылығы өркендесе, ауылдағы халықтың әл ауқаты артады. Біз сұқбат құрып отырған ұлттық жобада- ауылдарды су, қуат көздерімен жабдықтау, тұрғындарды «Жайлы тұрғын үй»-мен қанымдау, өңірдің инфрақұрылымдарын кешенді дамытуды мақсаттаған. Бұл мақсатты орындайтын бірден бір, мүмкіндік ауылшаруашылығын кешенді дамыту ғой. Сондықтан, алдымен ауылмен ауылшаруашылығының жағдайына қысқаша тоқталсаңыз?

Ауыл шаруашылық өнімнің көлемі еселеп артты.

— Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1 трлн . тенгеден асты. Бұл республика бойынша ең үздік көрсеткіштердің бірі болып табылады.

 Мал шаруашылығы саласында 190 мың тонна ет, 407 мың тонна сүт және 737 млн. дана жұмыртқа өндірілді. 7,5 мыңнан астам ірі қара мал сатып алу есебінен 111 ет және 11 сүт фермаларында қуаттылық құрылып, кеңейтілді

Облыста барлығы 9169 агроқұрылым бар, оның ішінде: 1996 — заңды тұлғалар (АҚ, ЖШС, БП, ӨК), 774 — жеке кәсіпкерлер, 6399 — шаруа-фермер қожалықтары.

2023 жылы облыс 5 234,4 мың га. га алқапқа жаздық егіс жүргізуді жоспарлап отыр, оның ішінде: — дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар-4 720,6 мың га, майлы дақылдар — 300,2 мың га, жемшөп дақылдары-195,8 мың га, картоп — 15,3 мың га, көкөніс-2,5 мың га.

 2023 жылғы 24 мамырдағы жағдай бойынша дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 1,9 млн. га, майлы дақылдар — 123,7 мың га, жемшөп дақылдары — 101,3 мың га, картоп-12,5 мың га, көкөністер-1,7 мың га себілді. Үстіміздегі жылдың 5 айында, облыста тірі салмақтағы ет 69 мың тн, сүт — 100,3 мың тн, тауық жұмыртқасы — 228,9 млн.дана өндірілді. Жазғы маусымның басталуына сай, табиғаттың қолайлы кезеңінде бұл көрсеткіштер недәуір өсетін болады. Қосымша мәлімет ретінде. Жалпы алғанда, «Ауыл — ел бесігі» жобасының ширақ жүргізіліп жатқанын әрі оған бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын көбейіп келе жатқанын айта кетуге болады. Мәселен, 2019 жылғы бюджеттен бөлінген қаражат үш есеге көбейді. 2019 жылы 3 млрд, 2020 жылы 7,2 млрд, 2021 жылы 8,5 миллиард теңге бөлінсе, осы мүмкіндіктің арқасында қолға алынған жобалардың аясы кеңіп, шарапаты тәмам елге тиді деуге боладыБірінші кезекте демографиялық, инфрақұрылымдық, экономикалық және елді мекеннің орналасу жайы есепке алынады. Міне, осы тұрғыдан келгенде өңірдегі 589 елді мекеннің 298-і даму жолына түскен іргесі мықты елді мекен есебінде.

— Ермек Боранбайұлы, ұлттық жобаның екінші бағыты көліктік байланысты қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл өңірдің ішкі көлік желісін дамыту болып табылады. Олай болса өңірдің жол желісіне тоқталсаңыз?

— Биыл 1000 шақырымнан астам жолдың сапасы жақсарады. Ақмола өңіріндегі жалпы автомобиль жолының ұзақтығы 5626 шақырымды құрайды. Оның 2661 шақырымы облыстық маңызға ие болса, 2965 шақырымы аудандық маңыздағы жолдар. Өткен жылдары өңірдің жол желісіне жөндеу жасалып, сапасын жақсарту бағытында қыруар шаруа атқарылды. Жергілікті автожолдардың бір мың шақырымынан астам жеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 64,4 млрд теңге қаражат бөлінді. Бұл қаржының дені республикалық бюджеттен бағытталып отыр.Астана қаласының маңындағы елді мекендердің жолын жақсарту өте өзекті. Осы орайда бұл шаруаға 19967,4 млн. теңге қаражат бөлініп, Аршалы, Целиноград және Шортанды аудандарының жолын жөндеуге жұмсалды. Облыстық маңыздағы автокөлік жолдарының құрылысы мен жөндеуіне 13724,2 млн. теңге қаражат бағытталды. Бұл қаржыға «Жалтыр-Макинск» бағытындағы жолдың 55 шақырымы 649,7 млн. теңге қаражатқа жөнделді. Бұл бір ғана мысал. Жоғарыда аталған төрт ауданның әлденеше елді мекендеріндегі жол жағдайы көрер көзге жақсарып қалды. Облыстық маңыздағы автокөлік жолдарын қалыпты ұстап тұру үшін 1 302,5 млн. теңге қаражат бөлінген. Осы орайда, жол жайын жақсартуға «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясындағы шаруалардың шапағаты тиіп тұрғандығын айта кетуіміз керек. Өткен жылы осы бағдарлама бойынша 30 елді мекеннің жолына жөндеу жасалды. Өңірдегі аса маңызды бағыттың бірі — Щучье-Бурабай курорттық аймағы. Курорттық аймаққа 1,8 млрд. теңге қаражат бөлінді. Текекөл өзенін айналып өтетін және Щучье-Новониколаевка бағытындағы жолдың 62 шақырымы жөндеуден өтті. Бурабай поселкесі ішіндегі бірнеше көшелердің жолдарына 120 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылы облыстың жол желісінің жағдайын жақсартуға жергілікті маңызы бар автожолдарды салу және жөндеу бойынша 210-нан астам жобаны іске асыру көзделіп, 1000 шақырымнан астам жол жөндеу жоспарланған.

  • «Астана қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары» 21, «Астана қаласының шетіндегі Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту», 6 елді мекенде барлығы 250 шақырымнан астам, «Ауыл ел бесігі» жобасы бойынша 27, «Өңірлерді дамыту» 120, «Моноқалалар мен шағын қалаларды дамыту» 3 елді мекенде барлығы 600 км тарта жол салынып, жөнделеді. Сонымен қатар «Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту», «Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және жөндеу» бойынша 350 шақырымнан астам жолды жөндеу жоспарланған.
  • Ірі жобаларды іске асыру бойынша «Жалтыр-Макинск» авто жолының 55 шақырымына көпір салу, «Щучинск-Степняк-Уәлиханово», «Астана қаласының Шығыс айналма жолы — Сарыоба станциясы», «Бабатай-Волгодоновка-Береке-Бұлаксай», «Петровка-Ұлан», «Жалтыр-Макинск», «Щучинск-Николаевка», «Бурабай-Катаркөл», «Қорғалжын-Арықты-Сабынды», «Жақсы-Державинск», «Есіл-Еркін-Раздольное», «Жолымбет-Шортанды-Пригородное» арасына жолдар салынып, жөнделеді.
  • Жұмыстардың негізгі көлемі Ақмола облысы елді мекендерінің көше-жол желісін салу және жөндеу бойынша жалғастырылатын болады.

Ермек Боранбайұлы, ұлттық жобаны маңызды бағытының бірі халықты «Жайлы тұрғын үй»- мен қанымдау. Күнделікті көріп жүрміз Көкшетаудың көркі тұрғын үймен көркейіп келеді. Қала танымастай өзгеруге жақындаған сияқты. Ал, аудандарда қалай? Осы жайды өзіңізден естіп білген жөн сияқты. 

Тұрғын үй салу көрсеткіш жоғары және басымдыққа ие.

Облыс тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша оң көрсеткішке ие. Тәуелсіздік жылдары өңірде 7.0 млн. шаршы метрге жуық тұрғын үй салынып, 62,4 мыңнан астам отбасы жаңа пәтерлерге ие болды.

2022 жылы өңірде 5496 немесе 631,2 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. 2023 жылы 650,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдаға беру жоспарда. Оның ағымдағы жылдың төрт айында 212 мың шаршы метрі пайдалануға берілді.

Әлеуметтік жағынан осал топтарды баспанамен мен қамту бойынша

2022 жылы 453 пәтер берілді. Тарқатып айтсақ. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар-91, көп балалы отбасыларға — 69, халықтың әлеуметтік осал топтарына — 266, бюджет, әскери, мемлекеттік қызметшілерге-25, тұрғын үйі апатты деп танылған -2 отбасы пәтер алды.

Осы аталған топтағы азаматтарға ағымдағы жылдың 4 айында кезектегі орындарына сай 173 пәтер берілді.

— Ұлттық жобаның халықты таза сумен қамту бағыты жайында мынаны айтуға болады.

Мемлекет басшысы «Мықты өңірлер — еліміз дамуының іргетасы» ұлттық жобасының аясында бүкіл елімізді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді міндет еткен болатын. Бүгінгі таңда Ақмола облысы қалаларының тұрғындары 95,1 пайыз таза сумен қамтылған. Ал, ауыл тұрғындарының қамтылуы 89,3 пайыз. Жобада қарастырылғандай 177 ауылды 2025 жылға дейін ауызсумен қам­тама­сыз ету мақсат тұр. Бұл ауылдардың 161 орталықтандырылған су жүйесіне қосылмаса, 16 тасып ішеді. Оларды сумен төмендегідей бағытта қанымдау жоспарланды.

Жоғарыдағы ауылдардың 68 ауылна су желісі тартылып, 72 ауылғакешенді блок-модулдер орнатылады және тұрғыны аз 37 ауылда сүзгілі ұңғы қазып, су тарату пункттерін орнату арқылы қанымдайтын боламыз.

Облыс бойынша барлығы 34,6 млрд теңгенің 44 жобасы дайын. Жер асты суларын іздестіру жұмыстары 18 елді мекенде жүрілуде. Бұл жұмыстарға 370,2 миллион теңге қаражат бөлінген.

2022 жылы 17 млрд. теңгенің 63 жобасы қарастырылып, 6,5 мың облыс тұрғыны орталық су жүйесіне қосылды. Биыл 48 жобаны іске асырылатын болады. Қорыта айтқанда, 2025 жылға дейін облыс тұрғындарын 100 пайыз сумен қамту көзделуде

Мемле­кет басшысының тапсырмасы бойынша облыс әкімдігі «Көкшетау қала­сында су құбырын тазарту қондырғыларын кеңейту және жаңғырту» атты жаңа жобаны жүзеге асырмақшы. Мердігер болып «Саspiаn Соntractors Тгust» компаниясы анықталды. Жобаға сәйкес, суды залалсыздандыру кон­тей­нер­лерде сұйық хлорды қолданып іске асыру қарастырылған. Жоба жүзеге асырылса, Көкшетау тұрғындарын толығымен қажетті мөлшерде сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ермек Боранбайұлы, өңір халқының көптен күткен, құштар болып отырған көгілдір отын жайлы қандай жақсы жаңалық айтасыз?.

Өткен жылдары 647 шақырым газ құбыры тартылды.

— «Сарыарқа» газ құбырын тарту 1-кезеңіне біздің облыстан Қосшы қаласы
және 2 астанаға жақын Аршалы және Целиноград аудандары кіреді.

2020-2022 жылдарға елді мекендерді газдандырудың 13 жобасы жасалып, аталған кезеңде 647 км газбен жабдықтау желілері салынды. Бүгінгі таңда Аршалы ауданының 16 елді мекені Волгодоновка, Қойгелді, 42- Разьезд, Берсуат, Байдалы, Анар, Донецкое, Арнасай, Бабатай, Ақбұлақ, Ақтасты, Түрген, Ижевское, Шоптыкөл, Жалтыркөл, Аршалы ауылдарының тұрғындары 17,7 мың адам немесе 4,4 мың абонент табиғи газбен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, 368 шақырым газбен жабдықтау желілері, 12 газ реттеу пункттері салынды. Жалпы, 50 мың халқы бар Аршалы және Целиноград ауданының 20 ауылын газбен қамтамасыз ету жоспарда тұр.

Ағымдағы жылы 6 елді мекенді Жібек жолы, Шұбар, Аққайың, Қоянды, Талапкер, Алтынсарин ауылдарында газдандырудың 6 жобасын іске асуда. Оның ішінде ұзындығы 143 км болатын Аққайың, Шұбар 2 елді мекенде газ желілісі пайдаға беріліп, 1,8 мың адам немесе 450 абонент табиғи газға қосылады.

Бұдан басқа, 3 елді мекенді Қызылсуат, Қаражар, Тайтөбе
аа. газдандырудың әзірленген жобалары бар, сондай-ақ 4 елді мекенді Қосшы қаласы, Қараөткел, Ақмол, «Нұрлы» ауылдарын газдандыру жобасы аяқталады және іске асыру 2024 жылы басталады.

Жалпы, еліміз бойынша қолға алынып жатқан «Сарыарқа» газ құбырын жүргізу бағдарламасы бойынша екінші-үшінші кезеңінде Көкшетау қаласының және 200 мыңдай тұрғыны бар 200 елді мекенді «көгілдір отынмен» газбен қамту жоспарланып отыр. Осы мақсатқа Ұлттық қордан қомақты қаржы бөлінуі мүмкін. Әзірге нақты шешім жоқ. Дегенмен, өңір тұрғындарын газбен қамтудың басқа да бағыттары қаралып жатыр.

Ермек Боранбайұлы, қуатты өңірдің тұрғындары әл ауқатты болу үшін, ден саулығы мықты, білімі білікті болуы міндет. Олай десек, білім, ден саулық саласында қандай оң өзгерістер бар?.

 Жаңа жиырма мектеп салынады.

— Иә, білімді, ден саулығы мықты ұрпақ тәрбиелеп өсіру әр елдің басты міндеті. Мемлекет халықтан тұрады. Олай болса, дені сау, білімді халқы бар ел жетістікке жетіп, өркендейтін болады. Бұл мүдде, мақсат өңір басшысы ретінде әр кез көкейімде тұратын шешім күткен зор мәселе. Жалпы, Ақмола облысының білім беру жүйесінде 1330 ұйым жұмыс істейді, онда 36 мыңнан астам адам қызмет атқарады, оның 22 мыңнан астамы педагог. Облыстың білім саласындағы бюджеті биыл 164,4 милилард теңгені құрады — жалпы 1706 орындық 7 балабақшаның құрылысы жалғасып жатыр. Олар Целиноград ауданының Қоянды, Қараөткел, Шортанды Төңкеріс, Қосшы қаласы, Көкшетау қаласы Нұрлыкөш, Көктем шағын ауданында әр қайсы 280 орынды және Сарыарқа шағын ауданында сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған балабақша салынып жатыр. Бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналған үш ауысымды оқыту және білім беру орындарының тапшылығы мәселесін шешу үшін 15 орта білім беру нысандарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Өткен жылыҚосшы қаласында 1200 орындық ІТ мектебі, Көкшетау қаласында 100 орындық жеке мектеп ашылды Сондай-ақ, республикада «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленіп, бекітілді. Жобаны іске асыру 2023 жылы басталды.

— Ақмола облысы бойынша ұлттық жоба аясында Көкшетау, Қосшы, Щучинск қалалары мен Аршалы, Целиноград және Шортанды аудандарында екі ауысымда оқытуды оңтайландыру үшін 26,5 мың орындық 20 мектеп салу жоспарланып отыр.

Өлім жітім 29 пайызға азайды.

— Дана қазақ «Денсаулық зор байлық» дейді. Ден саулық болмас бәрі бекер. Сондықтан, тұрғындардың ден саулығы басты назарда және оны жетілдіру мақсат бұлжымас қағида. Бүгінде өңір тұрғындары үшін 562 денсаулық сақтау объектісі медициналық қызмет көрсетеді. Бұл ұйымдарда 8 мыңға жуық медицина қызметкері, оның ішінде 1650 дәрігер және 6132 орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Кадр тапшылығы мәселелерін шешу жолында жасалып жатқан шаралар жөнінде

— Дәрігерлік кадрлардың тапшылығын төмендету мақсатында жыл сайын оқуға 35 грант, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқуға 50 грант бөлінеді, орта буын медицина қызметкерлері үшін жергілікті бюджет есебінен 190 грант бөлінеді. Сондай-ақ, Көкшетау жоғары медициналық колледжі орта буын мамандарын даярлауды 8 мамандық бойынша жүзеге асырады және тауысқан мамандар өңірге қызмет етеді.

— Сонымен қатар, 2018 жылдан бастап Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде медицина факультеті ашылған. Онда 740 студент оқиды, оның 200 студенті әкімнің гранты есебінен оқиды. Жыл сайын медицина факультетіне 50 әкім грантын бөлеміз.

Ақмола облысы елоардаға жақын орналасқан өңір болғандықтан, кадр тапшылығының болуы қалыпты жағдайға айналды. Әрі бұл тек медицина саласына қатысты мәселе емес. Десе де, медицина кадрларың ынталандыру мақсатында бірқатар жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Жатақхана беру, пәтер жалдау төлемдерін бірлесіп төлеу, балабақшаларда орын бөлу, жұбайын немесе зайыбын жұмысқа орналастыру арқылы дәрігерлерге әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

2022 жылы өңірге 88 жас маман келді, оның 75 «Дипломмен-ауылға!» бағдарламасы аясында ауылға кетті. Оларға көтерме ақы, баспана сатып алуына арнап несие қаржы толық берілді

Ақмола облысында ұлттық жоба аясында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетудің (МСАК) 38 объектісі салынады, бірқатар ауданаралық ауруханада күрделі жөндеу мен жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Биыл медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетудің 300-ден астам объектісінің құрылысы басталады, сондай-ақ 30-дан астам орталық аудандық. ауруханада күрделі жөндеу және реконструкциялау жұмыстары жүргізіледі. Облыс бойынша жалпы өлім-жітім көрсеткіші 29 пайызға төмендеді. Биыл облыс орталығында 630 орындық заманауи көпбейінді аурухана құрылысын бастау жоспарлануда. Жоба Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік әріптес болатын жалпы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде іске асырылады.

Аталған аурухана құрылысына аранап Сарыарқа шағына уданынан 17 га жер телімі бөлінді. Аурухана қаланың көлік логистикасын ескере отырып, қаланың шалғай нүктелерінен 15-20 минут ішінде жедел медициналық көмек көрсетуге тиімділігі қарастырылған.

Аурухана аумағында негізгі ғимараттан басқа, қосалқы нысандар 208 орындық жабық паркинг, санавиацияға арналған тікұшақ алаңы, қазандық, гараж, патологиялық-анатомиялық бөлімше, қойма, жедел жәрдемді дезинфекциялау пункттері жобаланған. Құрылыс 2025 жылы пайдаға береді деп, күтілуде. Сондай-ақ, облыста 38 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы қарастырылған, бұл өңірдің 95 лді мекенін қамтитын болады.

Бұл шаралар «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында қолға алынып отыр.

Ермек Боранбайұлы, қуатты өңірге жетудің маңызды көрсеткіштерінің бірі өңір тұрғындарын жұмыспен қамту қалай жүріліп жатыр.

— 2022 жылдың қорытындысы бойынша 31 611 жаңа жұмыс орны құрылды.

Оның, 9842 ұлттық жобалар аясында ашылған жаңа орындармен, бос орындарға орналасу арқылы 12 357 адам жұмысқа орналасты.

Өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде 2023 жылы 31 531 жаңа жұмыс орнын, оның ішінде тұрақты 25 288 жұмыс орнын құру жоспарлануда, ол мақсаттар төмендегі шараларды атқару арқылы жүзеге асады. Онда, ұлттық жобалар шеңберінде 5 767, жұмыспен қамтудың белсенділігін арттыру — 2 405;

гранттармен қамтамасыз ету есебінен -170, жастарға шағын несие беру — 171,

ауыл шаруашылығын басқару желісі бойынша шағын несиелеу-250,

бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру арқылы — 13 789 адам жұмыспен қамтылады.

Ермек Боранбайұлы, Ақмола өңірі соның ішінде «Арқаның кербез сұлу-Көкшетауы» атанған «Жер шоқтығы-Көкшетау», туризмнің әлем картасына енген әсем табиғатты Бурабайы бар облыстың туризм саласындағы жетістігі қай денгейде, ерекшелігі қандай?.

 Атақты «Aqвura Resort» жобасы аяқталуға жақын.

— Ақмола өңірінде табиғаты тамылжыған, туризмге сұранып тұрған әсем табиғатты өлкелер жетерлік. Сол мүмкіндікті біз жоспарлы түрде игеріп келеміз. Жетістік баршылық. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысы Қазақстандағы туризмді дамыту драйверлерінің бестігіне кірді. Бұл біз үшін қанағатты орын емес. Алдыңғы үш орынға жету үшін талпынып жатырмыз. Мүмкіндік, жоба жоспарда баршылық.

Облыста туризм саласындағы 600-ден астам кәсіпорын, 350-ден астам орналастыру орындары жұмыс істейді, онда бір уақытта 15 мыңнан астам адам орналаса алады, бұл өңірге елге келетін туристердің әр алтыншысын қамтамасыз етеді, деген сөз.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша 114 жұмыс орнын құрумен туристік инфрақұрылымның 15 жобасыа яқталды.

Статистикаға жүгінсек, ішкі туристік ағын 15 пайызға ұлғайып, 1,0 миллион келуші тіркелді.

Сонымен қатар, шетелдік қонақтар саныда артты. «Eqonaq» ақпараттық жүйесі бойынша әлемнің 94 мемлекетінен 22,9 мың келушілер тіркелді.

2022 жылы келгендердің 15 мыңнан астамы ТМД елдерінен болса, қалғандары АҚШ, Канада, Германия, Түркия, Ұлыбритания, Франция, Италия, Польша, ҚХР, БАӘ, Сауд Арабиясы, Египет, Оңтүстік Африка, Кения, Австралия және Шығыс Азия мен Тынық мұхиты елдерінің туристері.

Ел азаматтары, яғни дем алушылар біздің облыстың туробъектілеріне көбірек қызығушылық таныта бастағанын соңғы мәліметтер көрсетті.

Өңірде туризмді дамыту географиясы кеңеюде. Бурабай бас курортынан басқа, Зеренді және елордалық туризмді дамыту аймақтары дамуда. Биылғы жылы «Aqвura Resort» жобасының 1-кезеңі шеңберінде қонақ үйі бар қалалық орталықтың құрылысын аяқтау жоспарлануда, Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспары шеңберінде инженерлік және көліктік инфрақұрылымның 9 жобасын іске асыру жүргізілуде. Зеренді аймағын дамыту мақсатында облыс әкімдігі 31 инфрақұрылымдық жобаны кезең-кезеңімен іске асыруды көздейтін 2025 жылға дейінгі даму жоспар бекітілді.

Ермек Боранбайұлы, еркін отырып, облыстың бүгінгі және ертеңгі жағдайына мол түсінік бердіңіз. Соңғы сауал ретінде Көкшетау қаласының тұрғындарының асыға күткен, күте күте көңілі күпті жүрген, мәселесі күрделі ЖЭС жайын білмеске болмас. Шынын айтқанда Көкшетау тұрғындары жылудан жаурап отыр десе болады. Газ жайын жоғарыда айттыңыз. Енді ЖЭС жайына тоқталсаңыз?

— Өте маңызды және күрделі сұрақ. Сауал орныды. Жауап беру міндет. Көкшетауға ЖЭС салу мәселесі айтылғалы қашан. Жоба, жоспар толтырылды. Құжаттар қабылданды. Мемлекет басшысынан бастап, Премьер-министрде араласты. Талай рет оңтайлы шешімдер шықты. Бірақ, іс оңға баспай тұр. ЖЭС салынбаудан біршам қиындық туындап тұр. Құрылыс қарқынды салынып жатыр. Оған жылу керек. Жеке үйлергеде жылу қажет ақ. Тарихты қозғап, уақыт алмайын. Ең соңғы мәліме бойынша, ЖЭС салуға тендер жарияланды. Бірақ, әлеуетті инвесторлардан өтінімдердің болмауына байланысты жоғары деңгейде жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін түзету туралы шешім қабылданды. Енді, құжаттар қайта қаралады, бекітіледі. Үміт келешекте, демеске амал жоқ.

— Ермек Боранбайұлы, уақыт шығарып сұқбаттасқаныңызға рахмет. Елдің ертеңі, өңірдің өркені өсіп, жетіле берсін деген, ізгі тілекпен сұқбатты аяқтайық.

Сұқбатты жүргізген Дахан Шөкшир

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA