Ауданымызға қарасты шалғайда жатқан ауылдың бірі Успеноюрьевка ауылы. Ауыл әкімі Талғат Оспанов.

Әкімдердің халыққа кезекті есеп беру жиналысына, Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев, аудандық бөлім басшылары қатысты. Есеп беру жиыны ашық форматта диалог ретінде өрбіді. Басты мәселе аудан мен ауыл ортасындағы жол мәселесі. Жолдың әбден тозығы жетіп тозғанды, көрініп тұр. Бірақ алдағы жылы бұл жол мәселені ұзаққа созбай, облыстық бюджеттен қаражат бөліп, толыққанды жөндейміз,-деді аудан әкімі.

Николаевка ауылының тұрғыны ауыз су мәселесін айтып шағымданды. Халықты ауызсумен қамтамасыз қылу бағдарламасы толыққанды күн тәртібінде тұр.

Николаевка ауылындағы ауыз су мәселесін жақсы білеміз. Бұған да қаражат қарастырылған. Бірер жылдың көлемінде – су мәселесін оңтайландырып шешіп береміз, сметалық құжаттары дайын,-деді жиынға қатысып отырған аудан әкімінің орынбасары Ерлан Биданов.

– Қарағай ауылында 400 бас қой ұстап отырмын. Жайылымдық жер қиын болып тұр. Жан-жағымыз барлығы егін, 250 бас ірі қара ұстағам. Жер болмаған соң, амалсыз малдан құтылдым,-деп өтінішін айтты.

Аудан әкімінің орынбасары Бекахмет Махметов: – Ауылдық жердегі конкурсқа қатысып, жер алуға болады. Бірақ бірқатар шарттары бар, соларды орындау керектігін айтып түсіндірді.

Жиында бірқатар сауалдарға, аудан басшылары тұшымды жауаптар қайтарды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA