«Әділетті Қазақстан-қоғамдық сананы қалыптастыру» жобасы аясында

 

Тоғыз жолдың торабында тұрған Кенесары ауылының іргесіндегі Баянбай ауылы, атам заманнан бері келе жатқан, іргелі ауылдың бірі. Жалпы, үлкендердің айтуына қарағанда Баянбай деген батырдың зираты, ауылдың батысына қарай жерленген дейді-міс. Ал енді бір, тарихи деректер бойынша Абылайдың атақты батырының бірі болған Баян батырға, Абылай-хан осы ауылдың орнын қоныс қылып, арнайы атап берсе керек-ті. Жалпы Баян батыр, атақты ақын, Мағжан Жұмабаевтың шығармасына арқау болған тарихи тұлғаның бірі. Жарайды, бұл тақырыпқа алдағы уақытта айналып, тағы да бір соғармыз.

Уақыт алға жылжыған сайын, қазақтың жайы мен жағдайы, болмысы мен бітіміне жаңаша жанданып ерекше сипатқа ие болуда. Анау-мынау «құр сөз», бос әңгіме, татымы жоқ дүниеден гөрі, өткеніміздің ортамызға оралуын, олардың ерлігін, қазақы болмысымызды сақтап қалудың алғышартын ойластыру керек сияқты. Осыдан жиырма жыл бұрын, саясаттың салқынымен бойына қан жүгіріп тұрған ауылдардың, күйі көтерем, тырақы болып қатардан қалып бара жатты. Тіпті, болашағы жоқ деп, қаншама ауылдар жабылып, тек ойсырап орнында жұрты ғана қалды. Ауыл деген алаштың алтын бесігі, тектілердің кіндік қаны тамған қасиетті ордасы еді. Ебепке-себеп болып, сол ауылдардың көші орта жолда қалып, жүгі қисайғалы көштін басы қалаға бет алды. Қаладағы тіршіліктің де жарытып, жарым ырыс болып тұрғаны шамалы! Қыр қазағы үшін, әсіресе үлкендер үшін қалада тұру қиындау. Оны тіпті көріп, естіп те жүрміз. Екі жылдан бері Президент ауылға ерекше көңіл бөліп жатыр. Бұның дәлелі. Аудандағы біраз ауылдағы спорт алаңдары салынып, мәдени өмірі жақсарып, белсенді жұмыстар жүргіліп жатса, біраз ауылдардың жолдары жөнделіп, көшелеріне жарық беріліп, су мәселесі шешіліп, ақырындап ауыл тіршілігіне жан бітіп келе жатқандай, баяу болса да, жақсылықтың нышаны бар екендігі байқалады.

Отыз жылда біраз ауқымды шаруалар атқарылды. Бұны да, жоққа шығара алмаспыз. Көз көрмегенді, көңіл көреді демекші, жасалған іс, атқарылған жұмыс, бұның барлығы ауаға сіңіп, аспанға ұшып кетпес! Ертеңгі болашақ үшін, келешектің қамы үшін екендігін түсінсек екен. Президент Жаңа Қазақстан бағдарламасын қолға алды. Жаңаша қабілет. Жаңаша сипат. Жаңаша бастама. Елдің бірлігі. Елдің түсінігі. Елдің танымы. Бұның барлығы бір адамның қарекеті, бір адамның жеке жұмысы үшін ғана емес-түсіне білген адамға келешектің өсіп-жетілуіне арналған үлкен жұмыс, зор жоспар. Шешуі жоқ, шегі жоқ үрейден сақтасын! Басқа елдердегі саяси жағдайды көріп отырмыз. Қасірет пен қайғы. Жылау мен жабығу. Сағыныш пен сары уайым. Енді Жаңа Қазақстандық бағытпен ауылды көтерсек дегенде, басқаны білмеймін, өзім қуандым. Қадыр МырзаӘлі «Барлық жердің қазағы- бір ауылдың алмасы» деген екен. Иә, әңгімемізге көшейік. Кенесары ауылдық округіне қарасты, Баянбай ауылының орта мектебінде сексен оқушы білім алып жатыр. Тек орыс тілінде екен. Бірақ, қазақ сыныбы мәселесін алдағы уақытта қолға аламыз деп отыр. Қазақ сыныбы жоқ дегенде сынап кірсек те, білім ордасы ұлттық құндылыққа келгенде қара жаяу емес екен. Күмбірлетіп күй тартып отырған оқушылар, қайыстан таспалап қамшы өрген шеберлер, оюлап, дестелеп көрпе құраған ісмерлердің барлығы осы ауылда екен. Бұны біз көрмеден көрдік.

«Әділетті Қазақстан-қоғамдық сананы қалыптастыру» жобасы аясында Көшпелі отырыс ауыл мектебінде өтті. Ауыл тұрғындарының қатысуымен қолөнер көрмесі таныстырылып болған соң, мектеп ішіндегі мұражайға бас сұқтық. Барлығы өткен шақтың көнекөзіміз деп тұр, ауылымыздың аға буынның қолданған дүниелері,-дейді мектеп басшысы.

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық даму орталығы» КММ басшысы Айдын Раисов, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ұстазы, әдебиеттанушы ғалым, ф.ғ, кандидаты, доцент Сәбит Жәмбек, Ақмола облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қаржылық емес қолдау көрсету бөлімінің кеңесшісі Бақытжан Мұқанов, Бурабай ауданының ішкі саясат бөлімінің мамандары, ауыл әкімі Әлімжан Ахметов қатысқан арнайы алқалы жиын болып өтті.

Жиынды ашып жүргізген Айдын Раисов, Әділетті Қазақстанның бір бағыты ол әр өңірдегі, ауылдағы ағайынмен кездесіп, елдің жай-күйімен танысу, ауылдағы ағайынның қандай көкейтесті мәселесі бар, мүмкіндік болса соларға құлақ түріп, жұмыс жасау біздің мақсатымыз. Киелі Көкшетаудың айналасы толған аңыз бен әңгіме, тарихи жер, сал-серілердің ордасы, хандар мен билердің табаны тиген, тұлпарының тұяғының ізі қалған жер. Әділетті Қазақстан халық пен биліктің арасындағы ортақ диалог арқылы барынша жұмыс атқарып, әлеуметтін әлеуетін көтеру, -деп өзінің пайымды пікірімен бөлісіп ортаға салып, сөзді Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ұстазы, әдебиеттанушы ғалым, ф.ғ, кандидаты, доцент Сәбит Жәмбекке берді.

— Арғы-бергі заманнан бері, қазақтың кең даласында не болмай жатыр. Талай-талай қиындықтар, зұлматтар барлығы қазақтың даласында болды. Басымыздан талай зобалаңды кешірдік. Бірақ рухты халықпыз ғой, ол қиындықты да артқа қалдырдық. Егемендігімізді алып жаңаша көзқарас қалыптастырып, бастысы жаутаңкөздіктен арылып жеке ел болдық. Тәуелсіздік бұл Тәңірдің сыйлығы. Енді бұл сыйлықты көзіміздің қарашығындай сақтап қалу, әрбір азаматтың басты парызы деп білеміз. Жаңа Қазақстан. Әділетті Қазақстан деп жатырмыз. Әділетін айтқанда, қазақты қазақ қылатын ол білімі. Жаһандық даму қарқынды жүріп тұрғанда, қазір кітап, журнал, газет оқитындардың саны азайып, руханият таза жұтаңдыққа түсті. Блогер дегендер шықты. Сол блогерлердің жазғанынан шындығы қайсы, жалғаны қайсы, тұтамы қайсы айыра алмаймыз, олардың жазғандарын оқимыз, бірақ көптеген фактілерге бұрмалаушылық болып, жалған фейкақпараттар да жүріп жатады. Саралап жатқан, сұрыптап жатқан оны әзірге ешкім жоқ. Адам күні бойы смартфонда отырса, оқыған дүниесінен ешқандай рухани ләззат ала-алмайды. Кітап, журнал, газеттей емес-сондықтанда, неғұрлым ауылдың кітапханасын көтеріп, газет оқып, өсіп келе жатқан жастарға қазақы танымды көбірек насихаттаса,-деп өзінің пікірін айтып жеткізді.

Ақмола облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қаржылық емес қолдау көрсету бөлімінің кеңесшісі Бақытжан Мұқанов, ауылдағы ағайын үшін мемлекет тарапынан берілетін жақсы бастаманың бірі ол «грант» қайтарымсыз ақша алып, кәсібіңізді дөңгелетесіз. Бұл санатқа кіретінде — 35 жасқа дейінгі азаматтар мен азаматшалар, мүмкіндігі шектеулі баласы бар аналар, қандастарымыз. Жалпы сомасы 1 миллион 480 мың теңгеге дейінгі аралықта қайтарымыз гранд беріледі,-деп бағдарламаны толық түсіндірді.

Ауыл тұрғындары келген қонақтарға өздерінің өтініштерін айтты. Баянбайлықтарды мазалап жүрген сұрақ жол мәселесі, бұл мәселені ауыл әкімі Әлімжан Ахметов, биылғы жылы біржақты қылатындығын, қазіргі таңда күрделі мәселені қолға алғандығын айтып көпшілікке жеткізді. Жиын барысында Айдын Раисов ауылдың белсенді азаматтары мен азаматшаларын арнайы «Алғыс хатпен» марапаттап, естелік сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар, ауыл әкімі Әлімжан Ахметов, Баянбай ауылында әрдайым іс-шараларда белсенді болып, ұйымдастырып жүретін жандарды да марапаттады.

Баянбайлықтар, келген қонақтарға зор ықылас, лебіздерін білдіріп, әжелер ақ батасын беріп ықыласпен шығарып салды.

Қазақ тарихында ұялатындай ештеңе де жоқ. Сан ғасырдан бері өзінің дала мектебімен даналыққа жол бастаған қазақ, қандай кезең болса да, қиындықты жеңіп, қиындықты еңсеріп, алға қарай нық басып осы күнге жетті.

«Ауыл дегеніміз- халықтық тұрмыс-салтымыздың, ұлттық мәдениетіміз бен әдет-ғұрпымыздың, рухани қайнар көзі» екендігін ұмытпағанымыз абзал!..

 

Жеңіс Оспанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA


Вы пропустили

Ақмола облысында АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
1 желтоқсанда әлемде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Биылғы жылдың тақырыбы ЮНЭЙДС жариялаған «Дұрыс жолды — адам құқығы жолын таңдаңыз» ұранымен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарауға шақырады. Бұл туралы брифингте Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының бас дәрігері Құрманбек Бұрмағанов және осы орталықтың профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Балғын Сарбасова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Қараша айының басында аймақта АИТВ-мен өмір сүретін 1 080 адам тіркелген. 10 айда 109 жаңа жағдай анықталды, оның 80% — дан астамы қорғалмаған жыныстық қатынасқа байланысты. Науқастардың көпшілігі 30-49 жас аралығындағы адамдар.
«Жұмыстың басым бағыттары профилактиканың, диагностиканың және емдеудің қол жетімділігін арттыру болып қала береді. Он айда профилактикалық бағдарламамен 1200-ден астам адам қамтылды. Жоғары қауіпті аймақтағы адамдар үшін инфекция қаупін азайтуға мүмкіндік беретін байланысқа дейінгі профилактика сияқты заманауи әдістерге ерекше назар аударылады. Бүгінгі таңда бұл терапияны аймақта 120 — дан астам адам алады», — деді Құрманбек Бұрмағанов.
Айта кетейік, бір жыл ішінде Ақмола облысында мыңға жуық адам қамтылған 13 ақпараттық-білім беру кездесулері мен акциялар өтті, онда 275 азамат өздерінің АИТВ-мәртебесін білуге мүмкіндік алды.
«Бірлескен жұмыстың арқасында бүгінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдар балаларды асырап ала алады. Бірнеше жыл бұрын бұл мүмкін емес болған. Мұндай прецеденттер АИТВ-мен ауыратын адамдардың құқықтарын бұзатын нормаларды заңнамадан жоюға және қоғамда барлығына бақытты өмір сүру құқығын беретін толерантты ортаны қалыптастыруға ықпал етеді», – деп толықтырды Құрманбек Бұрмағанов.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында Ақмола облысында бірқатар акциялар мен іс-шаралар жоспарланған. Олардың ішінде-Көкшетау сауда-ойын-сауық орталықтарында, жоғары оқу орындарында және қоғамдық орындарда АИТВ-ға жедел тестілеу. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінде жастар арасында профилактикалық жұмысты күшейтуге бағытталған педагогтарға арналған облыстық семинар өтеді. Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында Ашық есік күні өткізілетін іс-шараларға ерекше назар аударылады. Келушілер 20 минут ішінде мамандардан кеңес алып, АИТВ-ға тестілеуден өте алады. АИТВ-ға қарсы күрес апталығы «Көкшетау» мәдениет үйінде аяқталады. Онда 600-ге жуық адам жиналады.
«Дәстүрлі кеңес беру форматынан басқа, бұл жұмыс мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүргізілетінін атап өткен жөн. Әлемдік тәжірибеде бұл тәсіл «web-аутрич» деп аталды. Бұл тәсілдің артықшылығы-адам барлық қажетті ақпаратты онлайн ала алады, содан кейін профилактикалық қызметтерді алу және түрлі зерттеулерден өту үшін біздің орталыққа жүгіне алады», — деп атап өтті профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Балғын Сарбасова.
Дәрігерлер алдын-алу шараларын сақтау қажеттілігін еске сала отырып, кездейсоқ байланыстардан аулақ болу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарау. ЖИТС-пен күресу-әркімнің жауапкершілігі екенін еске салды