Былтырдан бері біраз ауылдарға спорт алаңдары ашылған болатын. Биылғы жылы Атамекен ауылында осы игі бастама жалғасын тапты. Халықаралық балалар күніне мейрамы күні аудан әкімі Әсет Мұздыбаев, аудандық мәслихат төрағасы Малика Нұрпанова, аудан әкімінің орынбасары Жангелді Төлегеновтың қатысуымен жаңадан ашылған спорт алаңының тұсаукесер рәсімі болып өтті.
Атамекендіктер игілікті бастаманы зор қуанышпен қабылдады. Жалпы бұл ауылда қазіргі таңда ұлт пен ұлыстың баласы бірлесіп өмір сүріп жатыр. Тоғыз жолдың торабында тұрған ауылда екі жүзге тарта түтін бар.
Салтанатты ашылуға қатысқан аудан әкімі атамекендіктерді айтулы күнмен құттықтап, отбастарына табыс тілей отырып, алты алаштың баласының алтын бесігі атанған ауылдардың өсіп-өркендеуі ертеңгі болашақтың нық сенімі,-деп түйіндеді өз сөзін.
Ақ жаулықты әжелер шашу шашып, ауыл тұрғындары аудан басшылығына алғыстарын айтты. Жалпы мұндай спорт алаңдарына облыстық бюджеттен қаражат бөлінгендігін көпшіліктің есіне саламыз.