Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Щучинск қаласында «Тұран» ТК базасында жасөспірімдердің бос уақытын мәдени ұйымдастыру орталығының ашылу салтанаты болып өтті. Аталмыш іс-шараға аудан әкімі Арай Садықов пен аудандық мәслихат төрағасы Малика Нұрпанова қатысты.
Орталықтың негізгі қызметі — 13 жастан 18 жасқа дейін жастармен жұмыс жасау.
Жұмыс бағыттары:
«Үстел ойындары» (шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, теннис);
«Гитарада ойнау», «Би сабақтары». Вальс»;
«Демалыс-ойын-сауық қызметі» (мерекелер, конкурстар, викториналар, фестивальдар өткізу);
«Патриоттық тәрбие»;
«Өзін-өзі басқару» (бос уақыт, мәдени мінез-құлықты тәрбиелеу жөнінде жастар бос уақытын өткізе алады.
«Бурабай-ақпарат»