Қайырлы күн құрметті журналистер

мен тікелей эфирге қатысушылар!

Ауданның әлеуметтік — экономикалық даму қорытындылары туралы қысқаша ақпарат беріп перспективалық дамуына қатысты өз пайымдауымды баяндағым келеді.

Жыл басынан бері Бурабай ауданында негізгі әлеуметтік — экономикалық көрсеткіштер бойынша оң өсу үрдісі қамтамасыз етілді:

өнеркәсіпте — 217% (93,2 млрд. теңге),

саудада — 108% (27,4 млрд.теңге),

тұрғын үйді пайдалануға беруде — 144% (26,1 мың шаршы метр).

Нәтижесінде 2 мың 600 жұмыс орны құрылды (есеге өсім — 2), орташа айлық жалақы 21% — ға (285,6 мың теңге) өсті.

Салалар бойынша мыналарды атап өткім келеді.

Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шараларды іске асыру өз нәтижесін беруде. Мысалы: тау-кен өндіру (184,2%), металлургия (388,8%), тамақ өнеркәсібі (104,2%) және машина жасау (140,5%) салаларында тұрақты өсу қамтамасыз етілді.

(Бұл мәселе бойынша сізге жауапты жазбаша түрде береміз)

Ауыл шаруашылығы — аудан экономикасының негізгі секторларының бірі, онда 10 мың жұмыскер еңбекпен қамтылған.

Бүгінгі таңда 175 мың гектар алқапта егін жинау науқаны аяқталды (дәнді дақылдарға арналған алаң 18,2 мың гектар ұлғайып, 138,7 мың гектар құрады).

Бұл ретте 85 мың тонна астық, 10 мың тоннадан астам майлы дақыл, 9 мың тонна жемшөп, 23 мың тонна картоппен көкөніс жиналды.

Мал шаруашылығы саласындағы жоспарлы жұмыс аудан тұрғындарын өзіміздің етпен және сүтпен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. (71,2 мың тұрғынға шаққанда етке қажеттілік 1,4 мың тонна болса, 1.10.2023 ж. жағдай бойынша 5,4 мың тонна ет өндірілді, сүтке қажеттілік 3,2 мың тонна болса, 1.10.2023 ж.жағдай бойынша 39,6 мың тонна өндірілді).

Ауданда тауарлы сүт фермасын 50 басқа кеңейту жобасы, сондай — ақ 111 бас ірі қара малға арналған етті мал шаруашылығы бойынша 3 жоба іске асырылды. (шөп орамының құны — 12 мың тг., тоннасы — 25 мың теңге, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өз қызметкерлеріне шөпті 5-8 мың теңгеден сатты, 82 тонна шөп жиналды).

Сонымен қатар, пайдаланбайтын жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қайтару жұмысы жүргізілуде.

Бүгінгі таңда 30 мың гектар қайтарылды (жоспар 18,6 мың гектар).

Бұл жұмыс одан әрі жалғасатын болады.

Туризм саласы Бурабай ауданының қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі екені белгілі.

Соңғы 5 жылда туристік инфрақұрылымның саны 40% — ға артып, 196 бірлікті құрады (оның ішінде: мейрамханасы бар қонақ үйлер — 51, мейрамханасы жоқ қонақ үйлер -23, демалыс үйлері мен пансионаттары, кемпингтер — 5, балалар лагері — 5, бір қабатты бунгало, ауылдық үйлер (шале), коттедждер, шағын үйлер мен пәтерлер — 110, басқа орналастыру орындары-2)

Ағымдағы жылы ауданымызға 1 млн. 200 мың турист келді.

Аудан экономикасының негізгі бағыттарының бірі шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. Бүгінгі таңда 5 мың 700-ден астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді.

Өткен жылмен (2022 жылы — 5364) салыстырғанда 364 бірлікке өсім бар. Оларда 13 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған және 62 млрд. теңгеге жуық өнім өндірілді (өткен жылға — 104 %).

  Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы 3,7 млрд. теңгеден жуық сомаға 46 жоба іске асырылуда.

Бұдан басқа, кәсіпкерлікті қолдау картасынан тыс 14 млрд. теңгеден астам сомаға 18 жоба іске асырылуда соның ішінде 2 млрд. теңгеге жуық сомаға 5 жоба пайдалануға берілді және жыл соңына дейін 12 млрд. теңгеге тағы 13 жобаны іске қосу жоспарлануда.

(18 жоба: оның ішінде: «Атамекен Инвест Групп» ЖШС-ның 75 пәтерлі тұрғын үйі, «Фирма Строительный Двор» ЖШС-ның қолданыстағы құрылыс материалдары дүкенін кеңейту, «Сатымов» ЖК-нің Бурабай кентіндегі дәмханасы, «Өмірбаев» ЖК-нің «Avenue» қонақ үйі, «Biosphere Fish» ЖШС-ның өнеркәсіп саласындағы туристік кластері),

(13 жоба: оның ішінде 4 көппәтерлі тұрғын үй, «IQanat High School
of Burabay» мектебін 420 оқушыға дейін кеңейту, 3 қонақ үй мен мейманхананы, «ГАЛАМАТ КДС Сауда» ЖШС көпфункционалды кешенін кеңейту, 2 дүкен мен техникалық қызмет көрсету сервисін, тауарлық вагонды тиеп-түсіруге арналған өнеркәсіптік базаны кеңейту).

Инвесторларды тарту жұмысы жалғасуда.

9 айдың ішінде аудан экономикасына 26,6 млрд. теңгеге жуық инвестиция салынды, оның 18 млрд. теңгесі жеке инвестициялар.

Ауданның экономикалық әлеуеті барлық деңгейдегі бюджеттерге 34 млрд. теңгеге жуық салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналды.

Оның ішінде аудан бюджетіне 6 млрд. теңгеден астам қаражат түсті.

Бұл өткен жылдан 1 млрд. теңгеге артық.

Тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру маңызды міндет болып табылады.

Бүгінде аудан бойынша 2230 адам кезекте тұр.

Жыл басынан бері 230 пәтер пайдалануға берілді, өткен жылмен салыстырғанда 2,6 есеге өсім бар.

Ал жеке құрылыс салушылар есебінен 88 үй пайдалануға берілді.

Бюджет есебінен 2 бес қабатты үй (90 пәтер), сондай-ақ жеке инвесторлар есебінен 11 үй салынуда.

Биыл 4 үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл шамамен 200 отбасыны тұрғын үй мен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін тұрғын үйді сатып алу жүргізілуде.

Қазіргі уақытта 11 пәтер сатып алынып, жыл соңына дейін тағы 13 пәтер аламыз, аталған санаттағы тұрғындарға берілетін болады.

Мемлекет басшысының халықты сапалы ауыз сумен жүз пайыз қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында бүгінгі таңда Наурызбай батыр, Ұрымқай және Веденовка ауылдарындағы су құбырларын реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде.

Оның ішінде ағымдағы жылы Веденовка ауылында реконструкциялауды аяқтау жоспарлануда, сол арқылы 1000 адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Алдағы уақытта тағы 10 ауылды (Баянбай, Қаражар, Жасыл, Шиелі, Николаевка, Молбаза, Көрнекті, Дмитриевка, Жаңажол, Сотниковка) сумен жабдықтау жобалары әзірленіп, іске асырылатын болады. Бұл ауыл тұрғындарының сумен жабдықтау қызметтеріне қол жетімділігін 95% — ға дейін арттыруға мүмкіндік береді (1.01.2023 ж.жағдай бойынша — 88 %).

Бүгінгі таңда бірінші кезектегі міндеттердің бірі — жылыту маусымын сапалы өткізу.

Осы орайда ағымдағы жылы 8 қазандықты күрделі жөндеуге 843 млн. теңге бөлінді (облыстық бюджеттен — 715,8 млн теңге, РБ — 127,2 млн теңге), бұл жылудың уақтылы берілуін қамтамасыз етті.

Биыл Щучинск қаласының екі шағын ауданын — Ремзавод пен Горныйды орталық жылуға қосу жобасын іске асыру басталды (2730 абонент). Осы жылы 800 метр жылу магистралін реконструкциялау жұмыстары аяқталды (осылайша желілердің тозуы 48 %-ға дейін төмендеді).

Аудандағы өзекті мәселелердің бірі жолдарды жөндеу болып табылады.

Жол сапасы деңгейін арттыру үшін ағымдағы жылы 78 км аудандық, қалалық, ауылдық жолдар жөнделді (28 км — Щучинск-Николаевка, 20 км — Қатаркөл-Бурабай, Ауыл — ел бесігі жобалары бойынша — 11,3 км, 11,8 км.кентішілік, 7 км — қалалық).

Келесі жылы 7 ауыл мен қалада (Веденовка, Қатаркөл, Зеленый бор, Ұрымқай, Қызылағаш, Златополье, Николаевка) 34 км және 5 ауылда кірме жолды (Баянбай, Көрнекті, Қарашілік, Красный кордон, Озерная) жөндеу жоспарлануда.

Көшені жарықтандыру да өзекті мәселе болып табылады.

Ағымдағы жылы Қатаркөл (Ленин, Студенттік), Кенесары және Савинка ауылдары мен Щучинск қаласындағы (Октябрьская көшесінде) көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

6 ауылда (жалпы сомасы 494,7 млн.теңгеге Жаңаталап ауылы, Мәдениет ауылы, Наурызбай батыр ауылы, Баянбай ауылы, Қымызнай ауылы, Зеленый бор ауылы) және Щучинск қаласында (115,3 млн. теңгеге 2 жоба) көшелерді жарықтандыру бойынша тағы 9 жоба әзірленді.

Жобалардың жалпы құны 610 млн.теңгені құрайды.

Әлеуметтік сала объектілерін дамыту бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде.

Айталық, спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында 5 нысанды: Щучинск қаласындағы көпфункционалды спорт сарайын, Мәдениет, Зеленый бор және Қатаркөл ауылдарындағы спорт кешендерін жөндеу жұмыстары жалғасуда.

7 ауылда көпфункционалды спорт алаңдары салынды, жыл соңына дейін тағы 3 ауылда алаңдар орнатылады.

Осылайша, денешынықтырумен және спортпен шұғылданатын халықтың үлесі 12 % — ға артады (1.01.2023 ж. жағдай бойынша — 37,7%).

Сондай-ақ, Щучинск қаласы мен Зеленый бор ауылындағы Мәдениет үйлерінің құрылысы және оларды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

3 ауылдық клуб салу (2,2 млрд теңге сомасына Златопольеде 120 орындық, Қатаркөлде 200 орындық, Кенесарыда 120 орындық) және 2 ауылдық клубты (971 млн.теңге сомасына Ұрымқай, Веденовка ауылдарында) күрделі жөндеу жоспарлануда.

Осы жылы 4 мектепте (Щучинск қ. №1 мектеп-гимназиясында, № 3 ОМ, Дмитриевка ОМ, Ұрымқай) күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Тағы 4 мектепті жөндеу (№4 орта мектеп, «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы, Атамекен, Қарашілік орта мектептері), сондай-ақ Щучинск қаласында 1200 орындық жайлы мектептің құрылысын бастау жоспарда бар.

Бұл қалалық мектептерге түсетін  жүктемені 40 % — ға азайтуға мүмкіндік береді.

Халықты әлеуметтік қолдау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

841 мұқтаж адам әлеуметтік көмек алды.

Жыл басынан бері 2 600 — ге жуық адам жұмысқа орналасты, бұл өткен жылдан 2,4 есеге көп (оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына — 2224 адам, жастар практикасына — 40 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына — 262 адам, қоғамдық жұмыстарға — 63 адам).

Денсаулық сақтау саласында кадр тапшылығы проблемасы бар.

Ағымдағы жылы 11 дәрігер (оның ішінде 3 педиатр, 4 терапевт, 2 хирург, кардиолог, балалар невропатологы) және 6 орта медицина қызметкері (оның ішінде акушер, фельдшер, 4 медбике) жұмысқа қабылданды.

Алайда, бүгінде 33 дәрігерге және 51 орта медицина қызметкері қажеттілігі байқалып отыр. (6 педиатр (оның ішінде балалар бөлімшесінің меңгерушісі) және терапевтер, екі анестезиолог — реаниматолог, акушер-гинеколог, неонатолог, бір пульмонолог, оториноларинголог, хирург (ересек, балалар), онколог, травматолог (ересек, балалар), кардиолог, инфекционист (ересек, балалар), уролог)

Медицина кадрларын тарту үшін жаңа үйде дәрігерлерге пәтерлер қарастырылады. Сондай-ақ жатақхана беру мәселесі пысықталуда.

Осы орайда, мүмкіндікті пайдалана отырып, жас мамандарды медицина саласындағы қызметке келуге шақырамын.

Әрине, жоғарыда айтылғанның барлығы — ауданда жүргізілген үлкен жұмыстың нәтижесі, әр адамның толыққанды жауапты еңбегінің көрінісі.

Осы үшін Бурабай ауданының барлық тұрғындарына алғысымды білдіремін!

Алдағы уақытқа жоспарланған стратегиялық іс-шараларды іске асыруда сіздердің қолдауларыңызға сенемін.

Сіздерге Отанымыздың гүлдену ісінде табыс пен бірлік тілеймін.

Назарларыңызға рахмет!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA


Вы пропустили

Ақмола облысында АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
1 желтоқсанда әлемде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Биылғы жылдың тақырыбы ЮНЭЙДС жариялаған «Дұрыс жолды — адам құқығы жолын таңдаңыз» ұранымен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарауға шақырады. Бұл туралы брифингте Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының бас дәрігері Құрманбек Бұрмағанов және осы орталықтың профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Балғын Сарбасова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Қараша айының басында аймақта АИТВ-мен өмір сүретін 1 080 адам тіркелген. 10 айда 109 жаңа жағдай анықталды, оның 80% — дан астамы қорғалмаған жыныстық қатынасқа байланысты. Науқастардың көпшілігі 30-49 жас аралығындағы адамдар.
«Жұмыстың басым бағыттары профилактиканың, диагностиканың және емдеудің қол жетімділігін арттыру болып қала береді. Он айда профилактикалық бағдарламамен 1200-ден астам адам қамтылды. Жоғары қауіпті аймақтағы адамдар үшін инфекция қаупін азайтуға мүмкіндік беретін байланысқа дейінгі профилактика сияқты заманауи әдістерге ерекше назар аударылады. Бүгінгі таңда бұл терапияны аймақта 120 — дан астам адам алады», — деді Құрманбек Бұрмағанов.
Айта кетейік, бір жыл ішінде Ақмола облысында мыңға жуық адам қамтылған 13 ақпараттық-білім беру кездесулері мен акциялар өтті, онда 275 азамат өздерінің АИТВ-мәртебесін білуге мүмкіндік алды.
«Бірлескен жұмыстың арқасында бүгінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдар балаларды асырап ала алады. Бірнеше жыл бұрын бұл мүмкін емес болған. Мұндай прецеденттер АИТВ-мен ауыратын адамдардың құқықтарын бұзатын нормаларды заңнамадан жоюға және қоғамда барлығына бақытты өмір сүру құқығын беретін толерантты ортаны қалыптастыруға ықпал етеді», – деп толықтырды Құрманбек Бұрмағанов.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында Ақмола облысында бірқатар акциялар мен іс-шаралар жоспарланған. Олардың ішінде-Көкшетау сауда-ойын-сауық орталықтарында, жоғары оқу орындарында және қоғамдық орындарда АИТВ-ға жедел тестілеу. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінде жастар арасында профилактикалық жұмысты күшейтуге бағытталған педагогтарға арналған облыстық семинар өтеді. Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында Ашық есік күні өткізілетін іс-шараларға ерекше назар аударылады. Келушілер 20 минут ішінде мамандардан кеңес алып, АИТВ-ға тестілеуден өте алады. АИТВ-ға қарсы күрес апталығы «Көкшетау» мәдениет үйінде аяқталады. Онда 600-ге жуық адам жиналады.
«Дәстүрлі кеңес беру форматынан басқа, бұл жұмыс мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүргізілетінін атап өткен жөн. Әлемдік тәжірибеде бұл тәсіл «web-аутрич» деп аталды. Бұл тәсілдің артықшылығы-адам барлық қажетті ақпаратты онлайн ала алады, содан кейін профилактикалық қызметтерді алу және түрлі зерттеулерден өту үшін біздің орталыққа жүгіне алады», — деп атап өтті профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Балғын Сарбасова.
Дәрігерлер алдын-алу шараларын сақтау қажеттілігін еске сала отырып, кездейсоқ байланыстардан аулақ болу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарау. ЖИТС-пен күресу-әркімнің жауапкершілігі екенін еске салды