Биатлоннан қысқы жасөспірімдер олимпиадасына қатысушылар анықталды

Бүгін Щучинск қаласында қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында биатлоннан ҚР Кубогы өз мәресіне жетті. Қос кезең нәтижесі бойынша жасөспірімдер олимпиадасына қатысушылар анықталды, деп хабарлайды Қазақстан Биатлоншылар Одағының…

Жыл қорытындысы: азық-түлік қауіпсіздігі және АӨК-ті дамыту, жаңа өндірістер және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау

Ауыл шаруашылығы – экономиканың негізгі және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін салаларының бірі. Мемлекет жыл сайын АӨК-ті қолдауға қомақты қаражат бөледі, шаруалар оны субсидиялар, жеңілдетілген несиелер және қолжетімді ауыл шаруашылығы техникасы…

Итоги года: продовольственная безопасность и развитие АПК, новые производства и поддержка сельхозтоваропроизводителей

Сельское хозяйство является одной из ключевых отраслей экономики и основой обеспечения продовольственной безопасности. На поддержку АПК государство ежегодно направляет значительные средства, которые аграрии получают в виде субсидий, льготных кредитов и…

Предоставление арендного жилья

В преддверии Дня независимости Республики Казахстан в Бурабайском районе было вручено 11 ключей от квартир жителям, входящим в категорию социально уязвимых слоев населения. Среди получателей пенсионеры, лица с инвалидностью, неполные…

 Ғылым жолындағы ұстаз

ХХІ ғасырдың көші ғылым мен білімге бұрылды. Уақыт өткен сайын, ғылымға ынтасы оянған жастардың қатары көбейіп келе жатыр. Жаһандық сұраныстың бірі ол роботехникалар. Болашақта адамның құзіретіне бағынатын робот адамдар халыққа…

Жасөспірімдердің бос уақытын мәдени ұйымдастыру орталығы ашылды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Щучинск қаласында «Тұран» ТК базасында жасөспірімдердің бос уақытын мәдени ұйымдастыру орталығының ашылу салтанаты болып өтті. Аталмыш іс-шараға аудан әкімі Арай Садықов пен аудандық мәслихат төрағасы…

Подъём грунтовых вод

В результате резкого подъёма грунтовых вод подтопленными оказались несколько участков г.Щучинск Всему виной грунтовые воды, которые в разгар зимы неожиданно начали обильно выходить на поверхность. В каток после подтоплений превратились…

Қысқы туризм: Ақмолада қыс айларында қайда демалуға болады

Ақмола облысы климаттық факторлар бойынша қысқы туризмді дамытуға қолайлы аймаққа жатады. Щучье-Бурабай және Зеренді курорт аймақтарындағы туристік нысандар қыс айларында экотуризм, спорт және сауықтыру бағыты бойынша келушілерге қызмет көрсетеді, деп…

Фонд науки поможет лесу

Современный тепличный комплекс создается в Щучинске благодаря гранту Фонда науки  Масштабный проект по выращиванию от пятисот тысяч до одного миллиона сеянцев сосны обыкновенной в год взялись специалисты Казахского научно-исследовательского института…

Вы пропустили

Су тасқыны бақылауда: Ақмола облысында дамбылар күшейтіліп, өзен арналары тазартылуда
Есіл су шаруашылығы бассейнінің аумағында көктемгі қар суының қауіпсіз өтуін және елді мекендерді су басудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Гидротехникалық нысандарды жөндеу, қайта жаңғырту және салу, сонымен қатар елді мекендер маңындағы өзен арналарының санитарлық тазалығы басты назарда тұр. Бұл туралы «Қазcушаруашылығы» РМК Ақмола филиалының бас инженері Олжас Тұржанов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Бурабай ауданындағы республикалық меншікке жататын Щучинск қаласының саяжайларындағы су қоймасында ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Ал гидротехникалық нысандары қанағаттанарлықсыз күйде тұрған аудандарда кең көлемді реконструкция жұмыстары басталды.
Мәселен, Аршалы ауданындағы Анар станциясы маңында су өткізу құрылғылары бар қорғаныс дамбасы қайта жаңғыртылуда – жұмыс 70 пайызға орындалған. Бұланды және Жақсы аудандарында «Прохоровско-Колоколовская» және «Чапаевская-1» плотиналарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соңғысы 73 пайызға дайын.
«Шортанды ауданындағы «Дама» су бөгеті жаңа шлюздер салынып, бұрынғы су өткізу құрылысы консервациялануда. Бұл жұмыстар 39 пайызға орындалды, құрылыс мерзімі – 5 ай. Сонымен қатар Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы сегізінші шағын ауданда қорғаныс дамбасы салынып жатыр. Қазіргі таңда нысан 74,5 пайызға аяқталған, мерзімі – 6 ай. Бұл жобалардың барлығы 2025 жылы аяқталады», – деді Олжас Тұржанов.
Су тасқыны қаупі жоғары өзен арналарының санациясына да ерекше көңіл бөлінуде. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025–2027 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы жоспар аясында Ақмола облысында 8 жоба жүзеге асырылып жатыр, оның жетеуі Есіл өзені бассейнінде орналасқан. Қазіргі таңда оның төртеуі белсенді іске асырылуда.
Атап айтқанда, Атбасар қаласы маңындағы Жабай өзенінде арнаны тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы – 5,2 шақырым. Жұмыс 13 ақпанда басталды, 37 бірлік техника тартылған. Қазірге дейін 80% жұмыс орындалған. Сандықтау ауданының Балкашино ауылында арнаны бекіту және тереңдету жұмыстары 67% деңгейінде. Астрахан ауданының Старый Колутон ауылы маңындағы Колутон өзеніндегі тазарту жұмыстары 93%, ал Зеренді ауданындағы Шағалалы өзенінде – 98% аяқталған.
Сондай-ақ, Целиноград ауданының Қажымұқан ауылы мен айналма автожол аралығындағы Есіл өзенінің арнасын тереңдету, түзеу және кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы ұзындығы – 18 шақырым. Жоба 2021 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарланған.
Бұдан бөлек, жеке сектор да өз үлесін қосып отыр. 2024 жылы «Казцинк» компаниясы Көкшетау қаласы аумағындағы Кылшақты өзенінің 4,3 шақырымын өз қаражаты есебінен тазартқан.
Су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғау мақсатында 43 елді мекенде жалпы ұзындығы 24,3 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері тұрғызылып, нығайтылған. Барлық нысандар қанағаттанарлық жағдайда және тасқын кезеңіне дайын.
Олжас Тұржанов алдағы вегетациялық кезеңге де тоқталып, барлық су пайдаланушыларды заңнама талаптарына сәйкес арнайы су пайдалану рұқсатын алдын ала алуға шақырды. Бұл қызмет тегін көрсетіледі, бірақ міндетті түрде рұқсат арқылы жүргізілуі тиіс.
2024 жылғы деректер бойынша Есіл бассейнінде суару үшін алынған судың нақты көлемі – 7,313 млн текше метр, суарылған жер көлемі – 11 675 гектар. Ал республикалық желі бойынша лимит – 38,7 млн текше метр және 18,4 мың гектар.
«Бұл көрсеткіштер суды ұтымды пайдалану, әсіресе климаттық өзгерістер жағдайында, қаншалықты маңызды екенін көрсетеді», – деп түйіндеді бас инженер.