Ақмола облысында мемлекеттік қаржының тиімді игерілуі қатаң бақылауда
Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2024 жылы мемлекеттік қаржының тиімді игерілуін қамтамасыз ету, бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуын болдырмау және мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі заң бұзушылықтарды анықтау бойынша ауқымды жұмыс атқарды. Бұл туралы брифингте Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының м.а. Шарап Сәдуақасов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Өткен жылы Департамент 84 аудиторлық іс-шара өткізіп, соның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 14,7 млрд теңгеге жуық заң бұзушылық анықталды. Олардың қатарында қаржылық, рәсімдік сипаттағы және мемлекеттік сатып алу заңнамасына қатысты бұзушылықтар бар. Аудиторлық тексерулер барысында бюджет қаражатының кейбір мердігерлер мен жеткізушілерге негізсіз аударылғаны анықталды. Сонымен қатар, бухгалтерлік есепті жүргізуде жіберілген қателіктер мен еңбекақы төлемдеріндегі сәйкессіздіктер де назарға алынды.
«Мемлекеттік сатып алу жүйесінің ашықтығын арттыру мақсатында Департамент 631 млрд теңге сомасындағы 30 350 мемлекеттік сатып алу келісімін бақылауға алып, олардың заңдылығы бойынша тиісті жұмыстар жүргізді», — деді спикер.
Аудит нәтижелері мемлекеттік сатып алу процестерінде жаңа технологияларды енгізу мен автоматтандырудың оң әсерін көрсетіп отыр. Бұл өз кезегінде бюджет қаражатын тиімді пайдалануға, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы адал бәсекелестікті нығайтуға мүмкіндік беріп келеді.
Мемлекеттік сатып алу жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа заңнамалық өзгерістер күшіне енеді. Жаңа заң сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдетуге, құрылыс нарығын монополиясыздандыруға, сатып алу процестерін автоматтандыруға, жеткізушілердің жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.
Шарап Сәдуақасовтың айтуынша, бұл өзгерістер мемлекеттік қаржының ашықтығын арттырып, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына мүмкіндік береді.
Мәселен, Зеренді ауылындағы спорт мектебінің құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алу 8 жұмыс күнінде жүзеге асырылып, жеңімпаз ретінде «УК Строй» ЖШС анықталды. Бұл мемлекеттік сатып алу процестерін оңтайландыру мен жылдамдатудың нақты мысалы болып табылады.
Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2024 жылы қаржылық тәртіпті күшейтуге және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды жұмыстар атқарды. Мемлекеттік сатып алу жүйесінің жетілдірілуі, заң бұзушылықтардың алдын алу және қаржылық есептіліктің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жүргізілген шаралар өңірдегі қаржы тәртібін нығайтуға өз үлесін қосты.
«2025 жылы енгізілетін жаңа заңнамалық өзгерістер мемлекеттік қаржының ашықтығы мен тиімділігін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді. Департамент алдағы уақытта да қаржылық тәртіпті нығайту мен мемлекеттік қаржы жүйесін жетілдіру жұмыстарын жалғастыра бермек», — деп түйіндеді Шарап Сәдуақасов.

Акмолинская область готовится к пожароопасному сезону: авиация на страже лесовВ Акмолинской области подвели итоги пожароопасного периода 2024 года и обсудили планы на предстоящий сезон. Представители лесной охраны и авиационной службы…

Ақмола облысында әрбір балаға қолжетімді және тең жағдайлы білім беру жолында қарқынды жұмыс жүргізілуде

         Ерекше білімді қажет ететін балалардың дамуының маңызды мәселелерінің бірі — білім беру. Бұл тек құжат алу және мамандық игеру мүмкіндігі ғана емес, бұл ерекше қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтік бейімделу…

Көкшетауда қайырымдылық пен достық форумы өтті

Көкшетауда дәстүрлі қайырымдылық пен достық форумы өтті. Бұл шараны "Biz Birgemiz! – Біз біргеміз!" қоры ұйымдастырып, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге дайын жанашырларды бір ортаға  біріктірді. "Biz Birgemiz!" қоры бірнеше жыл…

8-сынып оқушысы ұялы телефонды күн сәулесімен қуаттайтын құрылғы ойлап тапты
Астана қаласының №49 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Сұлтан Ибраһим ерекше инновациялық жоба жасады.

Сұлтан ұялы телефонды күн сәулесімен қуаттайтын құрылғы ойлап тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.Жобаның мақсаты – экологияны сақтау және энергетикалық ресурстарды үнемдеу. Сұлтанның бұл құрылғысы…

Казахстанский IT-проект вошел в топ-10 стартапов Кремниевой долины

Компания хочет стать первым казахстанским «единорогом» / shutterstock, бильд-редактор: Дастан ШанайКазахстанский IT-продукт TrustMe вошел в десятку самых инновационных стартапов Кремниевой долины по версии программы Hero Training и привлек инвестиции в…

АЛМАТЫ НАГРАДИЛИ ЛУЧШИХ ПРЕПОДАВАТЕЛЕЙ И УЧЕНЫХ КАЗАХСТАНА 2024 ГОДА

В АЛМАТЫ НАГРАДИЛИ ЛУЧШИХ ПРЕПОДАВАТЕЛЕЙ И УЧЕНЫХ КАЗАХСТАНА 2024 ГОДАСегодня в Алматы на базе Казахского национального университета имени аль-Фараби прошла церемония награждения победителей конкурса «Лучший преподаватель вуза – 2024 года»…

Президент НОК Казахстана и председатель Олимпийской комиссии World Boxing Геннадий Головкин прокомментировал временное признание Международной федерации World Boxing со стороны МОК.

«Получение временного признания от МОК является важным достижением и демонстрирует, что наш спорт находится на правильном пути. Это решение еще на шаг приближает нас к нашей главной цели – сохранению…

«Непутевые заметки» впервые показали Казахстан
Известная трэвел-программа «Непутевые заметки» впервые за три десятилетия своего существования посетила Казахстан.
В эпизоде программы журналист Дмитрий Крылов знакомит зрителей с ландшафтами столицы. Помимо истории достопримечательностей города, Дмитрий также рассказывал про казахское гостеприимство.
«Гость в казахской традиции – посланник неба, драгоценный дар. С его появлением связана целая вереница народных традиций. Вот гостю предлагается угощение, его просят сыграть на музыкальном инструменте или спеть песню. Просят выбрать любую приглянувшуюся вещь в доме и принять ее в дар», — рассказывает Крылов.
В 2024 году команда программы отправилась в Казахстан, чтобы освещать Всемирные игры кочевников. Kazakh Tourism организовал для иностранных журналистов пресс-тур, который охватывал как современную столицу – Астану, так и природные пейзажи Акмолинской области.

Cу добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында жеңіске жетті

Бүгін Қытайдың Чжаоцин қаласында ерлер мен әйелдер арасында ватерполдан Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.Әйелдер арасында 6 құрама – Қазақстан, Қытай, Жапония, Сингапур, Өзбекстан, Гонконг айналма жүйе бойынша кім…

Казахстан и Кыргызстан обменялись опытом по использованию ИИ

Премьер-министр Казахстана Олжас Бектенов и глава Кабмина Кыргызстана Адылбек Касымалиев посетили Национальный космический центр и офис Цифрового правительства. Казахстанская сторона представила разработки в космической отрасли и цифровые решения для госуправления.…