Мәдени мұра, өнер мен ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттайтын маңызды мерекеде ҚР ІІМ Ұлттық ұлан әскери қызметкерлері қыз-келіншектерге «Селтеткізер» сыйын тарту етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Елорда тыныштығын күзететін әскери жасақ жауынгерлері нәзік жандыларға оюлармен көмкерілген әшекей бұйымдар таратты. Күтпеген жерден ұлттық нақыштағы сақина, білезіктерге ие болған аяулы аналар мен қылықты арулар, тіпті кішкентай бүлдіршін қыздар…