30 наурыз күні VІІІ шақырылған аудандық мәслихаттың бірінші сессиясы болып өтті.

Сессияға аудан әкімі, әкімдіктің бөлім басшылары, мекемелер мен ұйымдардың басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияны  аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Қ. Әбділова ашып, сайлау нәтижелері туралы баяндама жасап, жаңа сайланған депутаттарды таныстырды, жаңадан сайланған депутаттарға куәлік пен төсбелгілерін табыс етті. Әрі қарай күн тәртібіндегі мәселелер қаралды. Заңға сәйкес аудандық мәслихаттың төрағасын сайлау сайлау жөніндегі мәселе бойынша, депутат А. Сейтқазина аудандық мәслихат төрағалығына, депутат Нұрпанова Малика Борамбайқызының кандидатурасын ұсынды. М. Нұрпанова бірауыздан аудандық мәслихат төрағасы болып сайланды.

Келесі мәселе бойынша «Аманат» партиясының фракциясы тіркелді.

Сондай-ақ,  екі тұрақты комиссиялардың құрамы бекітілді.

Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия:

Джапаров Талғат Құмарұлы — «Қазақстанда жасалған» тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер» Ассоциациясы төрағасының орынбасары, төраға.

Абдрахманов Болат Дәулетбекұлы — «КуанАгро2020» ЖШС директоры, комиссия мүшесі.

Ахметов Әділет Қазбекұлы — «ПромЭнергоНаладка» ЖШС директоры, комиссия мүшесі.

Ержанов Ғалымжан Рахметұлы — ҚТЖ ММ АҚ филиалы ММ Ақмола филиалы, «Курорт-Бурабай» станциясының бастығы, комиссия мүшесі.

Сейтқазина Айжан Жанахметқызы — «AMANAT» партиясы Бурабай аудандық филиалының төрағасы, комиссия мүшесі.

Мұхамеджанов Асхат Нұрланұлы — «Бурабай Стройцентр» ЖШС директоры, комиссия мүшесі.

Табулдин Арман Ғизатұлы — «Aqva Innovation Company» ЖШС директоры, комиссия мүшесі.

Әлеуметтік саясат, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия құрамы сайланды.

Жукова Екатерина Ивановна — «Веста Бурабай» ЖК тігін салонының директоры, төраға.

Айтпаев Рустам Сайлауұлы — «Айтпаев Р.С.» ЖК директоры бекітілді, комиссия мүшесі.

Баимова Олеся Владимировна — «Баимова» ЖК директоры, «Лидер KZ» еріктілер қозғалысы» ҚБ, комиссия мүшесі.

Сессия соңында келесі сессияда қаралатын негізгі мәселе болып Щучинск қаласының әкімінің есебі бекітілді.

                                                            Шолушы назарынан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA