Инновациялық мектеп-пансионат IQanat олимпиадасының республикалық кезеңінің финалисттерін оқуға қабылдайды. Жыл сайын олимпиадаға шамамен  47 мың үміткер қатысып, тек 200 бала IQanat High School of Burabay оқушысы атанады. Бұдан мектептің білім сапасының деңгейі айтпай-ақ белгілі.

Қазіргі таңда оқушылырамыз тек еліміздің беделді университеттерінде ғана емес, сонымен қатар Аргентина, Америка Құрама Штаттары, Чехия және тағы да басқа шет елдердің білім ордаларында мамандық иесі атануға дайындалып жатыр.

Мектеп балаларға таптырмас мүмкіндік ғана емес, ертеңгі күнге сенім де сыйлайды. Мәселен, былтыр IQanat High School of Burabay мектебіне “Самұрық-Қазына” АҚ компаниялар тобы атынан “Samruk-Kazyna Trust” қорының қолдауымен Жаңаөзен қаласынан 50 дарынды оқушы емтихан тапсырып, грант иелері атанды. Қазіргі таңда балалар мектеп өміріне белсенді қатысып, жақсы нәтижелер көрсетуде.

Бүгінгі жаңаөзендіктердің армандары асқақ, мақсаттары анық. Мысалы, Ұлжас есімді оқушымыз оқуда ғана озат болмай, Music Band атты музыкалық топта ән шырқайды. Атап өтетін жайт, бұл топ балалардың бастамасымен құрылып, жуырда алғашқы концерттерін ұсынды. Топтағы қатысушылар арасында бұрын сонды музыкалық аспапта ойнамаған, бірақ бір ай көлемінде толық  үйренген өнер иелері де бар. Ал «PR Group» клубында Роман, Әбілмансұр атты жаңаөзендік білім алушылар белсенді болып, Instagram парақшамыздағы видеоматериалдардың үлкен бөлігінің авторлары болып табылады.

Спорт жағынан да оқушыларымыз жақсы нәтижелер көрсетуде. Жақында 9 мамыр – Ұлы Жеңіс Күніне орай ұйымдастырылған волейбол турнирінде Қосмағанбетова Айдана мен Асембай Айжан есімді аруларымыз бар. Қыздар жеңіске барынша ат салысып, тамаша ойын ойнады.

Мектепке келген әрбір оқушы – ерекше тұлға, үлкен дарын иесі. Балалардың ғылыми зерттеулері мен жаңалықтары, сайыстардағы үздік нәтижелері – бұның дәлелі. Білім ордамыздығы үш тілде оқыту, академиялық білім, спорт және өнер интеграциясы, кәсіптік бағдар мен ЖОО-на дайындық жұмыстары балалардың жан-жақты дамуына үлкен ықпал етіп, септігін тигізеді.

Ел болашағы саналы, білімді ұрпақта. Жас буынға қолдау көрсету – игі іс. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы мен «Samruk-Kazyna Trust» қорына серіктестігіміз үшін үлкен алғыс білідіреміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA