Кәсіби мереке — Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 Бүгінгі таңда мемлекет біздің ұстаздарымыз үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында көптеген шаралар қабылдауда. Ауданымыздың мұғалімдері инновациялық білім беру технологияларын сабақ үрдісіне табысты енгізе отырып, әрдайым кәсіби деңгейлерін жоғары ұстайды, білім беру сапасын арттыру үшін аянбай еңбек етеді, мектеп дәстүрлерін жалғастыра отырып, түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздарын дайындауға ат салысады. Біз, бұл жетістіктерді мақтан етеміз!

 Сіздердің еңбектеріңіздің басты нәтижесі-бұл біздің түлектеріміз, олар өз елінің нағыз патриоттары, бәсекеге қабілетті жас азаматтар. Бүгін сіздердің ауданның білім беру жүйесін дамытуға қосқан лайықты үлестеріңізді атап өтіп, жауапты да қиындығы мол еңбектеріңіз үшін алғысымды айтамын. Сіздерге, құрметті ұстаздар, жоғары біліктілік пен өз ісіңізге берілген шеберліктеріңіз үшін ризашылығымды білдіре отырып, биылғы оқу жылы сәтті өтіп, ал оқушылар сіздерді жеңістерімен және жетістіктерімен қуанта берсін деймін!

 Сіздерге денсаулық, бақыт, барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!

Мұғалімдер күні құтты болсын!

Р. Күнтуған, Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA